«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Псиологияны оқытуда көрнекі практикалық және интербелсенді әдістерді қолданудың мүмкіндіктері



бет46/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Псиологияны оқытуда көрнекі практикалық және интербелсенді әдістерді қолданудың мүмкіндіктері.

Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері

Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.

Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. 

Интербелсенді әдістер арқылы студенттер төмендегідей білім,білік, дағды, машықтарға үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлекциялық қабілеттерді дамыту;

  • өз идялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты өздігімен түсініп,жан-жақты талдап, таңдап алу;

  • өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • пікірталастарға қатысыпғ өз ойы мен пікірін дәлелдеу.

Интербелсенді әдістерді оқу процесінде пайдаланудың жұмыс түрлері мен әрекеттеріне

  • бірлескен жұмыстар

  • рөлдік және іскерлік ойындар

  • ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,құжаттар)

  • презентациялар

  • тренингтер

Интербелсенді әдістің мақсаты тек ақпарат беру  ғана емес, студенттердің өздігінен жауап іздеу дағдыларын қалыптастыру. Интербелсенді әдіс өзара әрекеттестіктің алуан түрлері мен міндеттерін қамтиды. Бірақ, қандай әдістер мен тәсілдер қолданылса да, студенттің өмір тәжірибесі мен бұрын меңгерген ұғымдары негізгі білім көзі болып табылады.


  1. Қазақстанда психологияны оқыту әдістемесінің ғылым ретінде даму жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет