Псиологияны оқытуда көрнекі практикалық және интербелсенді әдістерді қолданудың мүмкіндіктері.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,құжаттар)
презентациялар
тренингтер
Интербелсенді әдістің мақсаты тек ақпарат беру ғана емес, студенттердің өздігінен жауап іздеу дағдыларын қалыптастыру. Интербелсенді әдіс өзара әрекеттестіктің алуан түрлері мен міндеттерін қамтиды. Бірақ, қандай әдістер мен тәсілдер қолданылса да, студенттің өмір тәжірибесі мен бұрын меңгерген ұғымдары негізгі білім көзі болып табылады.
Қазақстанда психологияны оқыту әдістемесінің ғылым ретінде даму жүйесі.