1 Ерте, ерте ертеде ешкі жүні келтеде,бір шал тұзақ құрып күн көріпті. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты: Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты.
2 – Сен мені босат! Менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал,– дейді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болып жолға шығады. Жүре-жүре, бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп, түйешіден:
3 – Бұл кімнің түйесі?–десе:– Бұл Қазбайдың түйесі,– дейді.«Бүл Қазбай – баяғы қаз екен»,– деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп:– Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды.
Қойшы:– Бұл Қазбайдың қойы,– дейді. Шал жаңағы қойшы баладан:– Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар?– дейді.Бала шалға:– Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. 4 Біреуі: «Піс, қазаным, піс!»–десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі «Құс, есегім, құс!»–десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр тоқпағым, ұр!»–десе, адамдарды ұра береді,– дейді 5 – Мақұл,– деп шал жүріп кетеді.
Шал Қазбайдың аулына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды. Қазбай сұрағанын береді. 6 Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға: – Ата, асқа түс!– дейді.
Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға:– Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер,– дейді. 7 Шал үйге кіріп кеткен соң, балалар тыңдасын ба: «Піс, қазаным, піс!»– деп, шулап қоя береді. Сүйдегенде, әртүрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды айырбастап, алып қалады.
Шал қазанды үйіне алып барып: «Піс, қазаным, піс!»– десе, еш нәрсе піспейді. 8 Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға:– Бұдан еш нәрсе шықпады,– дейді.Қазбай қазанды алып:«Піс, қазаным, піс!»– десе, еш нәрсе шықпайды.
Қазбай қазанның орнына шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып үйіне қайтады.
Жолда келе жатса, балалар шалға:– Ата, асқа түсіңіз!– дейді. 9 Шал асты тастағысы келмей, есектен түседі. Үйге кіріп бара жатып, балаларға:– Шырақтарым! «Құс, есегім, құс!» демеңдер,– дейді.Балалар:– Мақұл!– дейді Шал үйге кіріп кеткен соң-ақ, балалар: «Құс, есегім, құс»– десе, есек алтын құсады. Балалар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды. 10 Шал есекке: «Құс, есегім, құс!»– десе, есек еш нәрсе құспайды. Шал есекті алып, Қазбайға тағы қайта келеді. Есек еш нәрсе құспайды,– дейді.Қазбай есекті алып:«Құс, есегім, құс!» десе, еш нәрсе құспайды. 11 Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал «Ұр тоқпақты» алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен. Балалар шалға:– Ата, асқа түс!– дейді. Шал үйге кіріп бара жатып:– Шырақтарым! «Ұр, тоқпағым, ұр!» демеңдер,– дейді 12 Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар: «Ұр, тоқпағым, ұр!»–дейді. Тоқпақ балалардың әрқайсысын ал кеп ұр! Ұрып жүр, ұрып жүр… Балалар тоқпаққа жалынады: «Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді, берейік!»– дейді. Шал келе жатып, естіп қояды. Шал келіп:– «Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме?– дейді. Балалар:– Мақұл! Әкеліп береміз!–дейді. Шал «Ұр тоқпақты қойғызады. Балалар «Піс қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Шал «Піс қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып, үйіне келеді. Сөйтіп, мұратына жетеді. 13
1.Шал мен кемпір қалай күн көреді? А) балық аулап Ә) тұзақ құрып Б)өнер көрсетіп 2.Шал асқа түсіп, үйге кіріп кеткен кезінде балаларға не деп айтады? А) “Піс қазаным,піс” деп айтпаңдар дейді Ә) менің атымды қазыққа апарып байлаңдар дейді Б) балаларға қолының бос еместігін, тез ғана кіріп шығатынын айтады 3.Есектің қандай қасиеті бар? А) әйт десе шаба жөнеледі Ә) барлық жүктің бәрін бір өзі көтереді Б) “Құс есегім,құс” десе алтын құсады 4. Тоқпақ не үшін балаларды ұрады? А) балалар өздері бір-бірін ұрады Ә) шалдың айтқанын тыңдамай, балалар “Ұр тоқпағым, ұр” деп айтады Б) өтірік айтқандары үшін шал оларды жазалайды 5. Қазбай деген кім?А) 3 жақсы нәрсесі бар адам Ә) кезінде тұзаққа түсіп алған қаз Б) екі жауабы да дұрыс