ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар мазмұНЫ


Жәдігерлерді ауадағы зиянды заттардан сақтау



бет9/14
Дата27.02.2022
өлшемі287,5 Kb.
#26539
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Жәдігерлерді ауадағы зиянды заттардан сақтау.

Музей жәдігерлерінің ескіруіне ауадағы әр түрлі қоспалар да әсер етеді. Оған газдалған заттар – күкіртті газ, күкіртті сутек (азот пн сутек қосындысынан жасалған ащы иісті түссіз газ), хлор, минералдық шаң, қара күйе (сажа) жатады.

Музей ауасының ластануы музей ғимаратының орналасқан жеріне де байланысты. Музейдің маңайының, бөлмелерінің таза болуы қажет. Музей маңайында ірі өндіріс, өнеркәсіп мекемелері болмағаны дұрыс.



Өнеркәсіп өндірісінің нәтижесінде күкіртті сутек іріп-шіріп, адамның дем алатын ауасына зиян болады. Суық, құрғақ ауа райы жағдайында күкіртті газ көлемі ауада ұлғаяды. Ылғалмен қосылып бұл газ күкіртті газ, сонан соң күкірт қышқылын құрайды. Ол маталарды, теріні, қағазды, өнер тундыларын, мраморды, қорғасынды, құмтас, мыс, алибастр, інжу, известняк сияқты заттарға қауіп төндіреді [18,35].

Хлорды технологиялық процестерде қолданатын қағаз, жеңіл өнеркәсіптері арқылы ауада пайда болады, хлор ауада ылғалмен біріккен соңтұз қышқылына айналады. Хлор да күкірт сияқты маталарға, қағазға өнер туындаларына, күміске, қолаға, мрамор, песчаник, известняк, гипс, алебастр, інжу-маржанға қауіпті. Аммиак күкіртті сутек сияқты іріп-шіру үрдісі нәтижесінде пайда болады. Суда ериді, күміс, бояу, лак заттарына әсер етеді.

Шаң, қаракүйе, күйе заттарда газ бен ылғалды ұстануына, химиялық реакциялардың белсенділігіне, ағашқа, матаға, қағазға сіңіп, механикалық нұқсан келтіреді, заттардың сыртқы күйін бұзады. Шаң биологиялық зиянкестер үшін қолайлы. Ауаның тазалығы мен ластануы ауадан анализ алу арқылы жүзеге асырылады. Ауаның ластануынан сақтанудың бір жолы – бөлмені герметизациялау (ауа кірмейтіндей саңылаусыз бекіту), әрине, кондиционерсіз болмайдыжәне сүзгіш заттар (фильтровальные устройства) орнату да артық емес. Музей ішін, сыртын үнемі тазалап отыру керек. Жәдігерлердің өзідерін тазалау өте ұқыптылықты қажет етеді.

Музей сақтаушылары жәдігерлердің шаңын еппен сүртіп, полтровкалы мебельдің шаңын жұмсақ шүберекпен немесе күдерімен (замша) жиі сүртіп отырады. Жәдігерлер сақтауда әр түрліқорғау жолдары, бұйымдары: папкалар, қаптар, жаймасөре өте маңызды рөл атқарады.

б) Музейдегі жарық түсу тәртібі жәдігерлердің ұзақ сақталуы үшін қолданылады. Бұл тәртіп бойынша заттарға жарық толықтай, жартылай берілуі не мүлде жарықсыз сақталуы мүмкін. Ол жәдігерлердің қай материалдардан істелгеніне байланысты анықталады. Жарық – электромагниттік, толқындық жарық таратушы, ал қысқа толқындар ультракүлгін сәулелер тудырады.

Ұзақ толқындар инфрақызыл, жылы сәуле таратады. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көз қабылдамайды [19,52].

Ультракүлгін сәулелердің әсрі жәдігерлердің сыртқы пішінінің өзгерістеріне әкеп соғады. Фотохимилық өзгерістер заттардың ультакүлгін сәулесі мен түсетін жарық әсерінен пайда болады. Ол жәдігерлердің сарғайып, түрінің өзгеруінен, түссізденуінен білінеді. Табиғи жарық ультракүлгін сәулелеріне бай. Ал жасанды жарық ішінде люминесценттік лампалар қауіпті. Жарыққа төзімділігі жағынан материалдар үш топқа бөлінеді:


  1. Жоғары төзімділіктегі – темір, тастар, гипс, керамика, түссіз шыны.

  2. Орта төзімділіктегі – сүйек, тері, аң терісі, ағаш, майлы бояулы өнер туындылары.

  3. Төмен төзімділіктегі – фотосуреттер, акварель, қағаз, мата бұйымдары.

Жарық әсер жәдігерлердің түр-түсіне де байланысты – зат күңгірт, қара, қоңыр реңде болған сайын оның жарық сіңіру қасиеті арта түседі. Жарықтың тура түсуі барлық заттарға зиян. Жоғары төзімділіктегі заттарға жарық (күн көзі) тура түспесе болғаны.

Ал орташа төзімділіктегі заттарға режим ір түрлі. Ағаш бұйымдары – жаңғақ, қызыл ағаш, қарағай, шырша, емен, қайың – өңін береді, сондықтан оларды қаптап, жауып қояды.

Ал майлы суреттерді, сүйектен жасалған жәдігерлерді сақтау ұшін жарық түсіп тұру керек. Себебі, жарықсыз майлы бояу күлгінденеді, сүйек сарғаяды. Ал аң терісін ұзақ уақыт жарықсыз ұстауға болмайды.

Ал жарық түсу зиян келтіретін заттар жарықтан қорғайтын шынылармен қапталып, түрлі құралдар қолдану арқылы сақталады. Бұл зеттермен жұмыс істегенде жарық 50-75 лк (люкс) болу керек. Люкс жарық түсірудің өлшемі [16,32].
Музейдегі биологиялық режим.

Музей заттарды биологиялық зиянкестердің әсерінен де бұзылады. Олар зең түскен саңырауқұлақ, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, кеміргіштер. Сондықтан музейлерде зиянкестердің пайда болуына жол бермейтіндей жағдай жасалуы керек. Егер музейдің температуралық-режимдік ережелері бұзылса, жәдігерлерді шаң-тозаң басса, музейге тамақ сақталатын қоймалар жақын орналасса өте қауіпті ауру жұқтыратын заттарды дезинфекциядан өткізбей, музейге қабылдамайды. Заттарды зең түскен саңырауқұлақтармен бүлінуі ауа арқылы немесе ауру жұққан заттар арқылы таралады. Егер ауа ылғалдылығы 70 проценттен жоғары болса және температура +20 +25 градус С болса бұл ауру өршиді.

Зең түскен саңырауқұлақ (плесневые грибки) барлық органикалық текті материалдар және кейбір органикалық емес, мысалы, керамика заттарына тез жұғады. Бұл жағдайда ауру тудыруға ықпал ететін нәрсе – шаң-тозаң. Зең түскен саңырауқұлақ аурулар музей жәдігерлеріне механикалық, химиялық зақым келтіреді. Заттарда дақ қалады, бұлдақтарды тіпті, реставрация тәсілімен де тазалау қиынға түседі. Бұл ауруға шылдыққан заттардыбірден басқа заттардан аулақтатып ұстау керек. Ауруды анықтау үшін лабораториялық әдіс қолданылады. Зең түскен саңырауқұлақ ауруын болдырмау үшін музей жәдігерлерін жабдықтарын 21 процент формальдегидтің спирттік ерітіндісімен оқтын-оқтын сүртіп отыру керек. Музей заттарына кеселін тигізетін заттарға қаракүйе (моль) жатады. Олар музейге терезеден, есіктен немсе музей жәдігерлерімен ілесе кіреді, әсіресе жүн, тері, сүйек заттарына зиян. Қаракүйеге қарсы заттарды жылы, ыстық күндері қағу-кептіру, қоймаларда нафталин, камфора, лаванда майы, жусан, далмат түймедағы, жаңғақ жапырақтарын салу арқылықорғайды. Бұл заттарды үнемі алмастырып тұру керек. Өйткені, олар оған үйреніп алады, кілемдердің астына керосин сіңірген қағаздар салып қою арқылы да қорғайды. Үй шыбындары да өте зиян. Олардың заттарға қалдырған дақтары басқа шыбын-шіркейлерге қорек болады [20,62].

Жәдігерлерді бір орыннан екінші орынға ауыстырған кезде сақ болу керек, бұл заттардың механикалық бұзылысынан қорғайды.

Табиғи-жаратылыстану ғылыми музей жәдігерлері көбінесе табиғатқа, өлкетанушылыққа арналған музейлерде не арнайы бөлмелерде сақталады. Табиғи-жаратылыстану ғылыми музейінде жәдігерлерді табиғи қалпында сақтауға тырысады. Онда жансыз және (неорганикалық) және жанды (органикалық) заттарды сақтайтын қор болады. Бұл қорлар табиғатта әртүрлі құбылысытарды, өзгерістерді, процестерді табиғи және антропогендік (адамның қатысуымен жасалатын) факторларын көрсету (қозғаушы күш, себептерін), құжаттау арқылы тіркеуі, табиғаттың эволюциялық (бірте-бірте) даму кезеңдерін есепке алу, белгілеу үшін жабдықталады. Табиғи жаратылыстану жәдігерлері ғылыми білімді насихаттауға, таратуға, қоғамдық, ғылыми көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір табиғи зат биосфераның (жер шарының тіршілік тараған аймағы) тұтас бір жүйесінде жататын басқа да заттармен тығыз байланыстағы объектісі болып табылады. Әрбір затты өз өмір сүру ортасынан алған кезде оның ақпараттық потенциалы сол зат туралы қаншалықты толық дерек, белгілер, ғылыми өңдеу деңгейіне, экспонаттық сипат беруіне тығыз байланысты.

Басқа жәдігерлерге қарағанда табиғи-жаратылыстану жәдігерлері күрделі кезеңдерден өтеді [28,13-22].

1-кезең – фиксация, яғни, белгілеу, жазып алу, көңіл қою. Бұл – заттың өңделуінің алғашқы сатысы. Тірі табиғи зат алмасу процесін, клеткалардың ыдырауынтоқтату мақсатымен жүргізіледі. Бұған өсімдіктерді кептіру (гербарий), жануарлардың терісін кептіру, қатыру, ашыту жатады. Жануарлардың органдарын (мүшелерін) препараттау (зерттеуге, бақылауға арналып даярланған жәндіктің организмі, анатомиялық және медициналық препараттар болады), жәндіктерді кептіру, қатыру, табиғат заттарын әртүрлі қатыратын сұйықтарға құю (спирт, формалин) жатады. Әр сұйықтың өзінің қажетті концентрациясы болады [22,62].

Табиғи заттардың көпшіліг үшін бұл алғашқы кезең болып табылады және ол музейлердің шикізат қорына жатады.



Бұл қорлар арнайы қорға жатады және ол көп, ұзақ уақыт сақталмауы да мүмкін. Сондықтан ары қарай консервациялау керек, яғни қорғау, сақтау керек. Кепкен, тұзталған, жануарлар терісі илеу арқылы, жануарлар сүйегі (скелет) пісіру, қақтау арқылы сақталса, жәндіктерді кептіріп, энтомологиялық түйреуіштердің көмегімен энтомологиялық арнайы жәшіктерге саланап сақталады. Консервациялық әдіске бальзамдау (хош иісті зат), консервация сұйықтарын қолдану, жұқа қабықтарды (пленка) қолдану т.б. жатады. Кейбір ботаникалық заттар тек фиксациялау кезеңінен өтсе болғаны, ұзақ уақыт сақталатын музей жәдігеріне айналады. Фиксация және консервация кезеңдерінен өткен заттарды үш топқа: құрғақ, дымқыл және микроскопиялық заттар деп бөледі. Құрғақ препараттарға табиғи матриалдар – геологиялық (тау кендері, минералдқ заттар, палеонотологиялық: сүйек қалдықтар, іздері, тасқа айналған жансыз қалдықтар), топырақты, ботаникалық (гербарий), зоологиялық (тұлыптар, қаңқа сүйектер, терілер т.б.), энтомологиялық коллекциялар (көбелектер), жан-жануарлардың тұрмыс-тіршілік қалдықтар (көң, қи, тезек), ұялар жатады [23,56].

Сұйытылған заттарға – спиртке, формалинге салынған консевацияланған заттар жатады.

Жәдігерлердің микроскопилық түріне – ғылыми зерттеу, оқу мақсатында қолданылатын, микроскопиялық техника көмегімен қолданылатын, микроскопиялық техника көмегімен қолданылатын заттар жатады.

Табиғи жаратылыстану заттары препоратор, таксидермист, т.б. салардағы мамандар көмегімен жасалынады. Музейлердегі табиғат бөлімі мынадай бөлімдерден тұрады:



  1. геологиялық;

  2. жер қойнауы заттары;

  3. өсімдік, жануар әлемі;

  4. ботаникалық материал;

  5. зоологиялық материал;

  6. ұя, аң іздері [24,35].

Кейбір музейлерде сол аймаққа байланысты өнеркәсіп заттары да сақталады, мысалы:

  1. техника;

  2. хаттар, схема, макет, модельдер қойылады.

Музей жәдігерлерін әр түрлі топтарға бөліп қою керек. Мысалы, мата, тері, аң терілері бір топқа жатады және олар ішінара шағын топтарға бөлінеді. Заттар көлемдеріне қарай жәшіктерге саланып, мақта матамен оралады. Жүн, жібек, кенап, мақта, синтетикалық жіптен жасалған бұйымдар әр түрлі қоймаларда сақталады. Інжу, маржан, алтын, күміс, жалаулар көлденең күйінде сақаталады.

Киімдерді киім ілгіштерге іліп, тік түрінде, қоймаларда сақтайды.

Тері, аң терісі заттарын көлденеңінен қояды. Бас киімдерді болванкаға кигізіп, миколенттік қағазбен толтырып қоймаға сақтайды.

Аяқ киімдер де қоймаларда сақталады. Сүйектен жасалған заттарды бір-бірінен алшақ ұстаған жөн [26,88].

Ағаш бұйымдарын сақтауға келсек, оларды , әдетте, линолеум немесе пластикпен қапталған стеллаждарда немесе сөрелерде сақтайды.

Көлемі үлкен ағаш бұйымдарды арнайы тұғарларда \, сдендтарда, ал көлемі кішігірім бұйымдарды (ыдыс-аяқ, тұрмыс бұйымдары, ойыншықтар және басқалары) әйнектелген шкафтарда сақтаған дұрыс

Үй жиһаздары екі ярусқа бөлінген стеллаждарда сақталады. Біріншісінде, көлемі үлкен, ірі, ауырлары, екіншісінде көлемі кіші, жеңілдері орналастырылады.

Үй жиһаздарын, әсіресе, ірілерін, еденде сүйреп орнын ауыстыруға болмайды, оларды мүмкіндігінше, көтеріп қозғалту керек.

Скульптура туындыларын чехолдарға орап, сөрелерде сақтайды. Көлемі ірі скульптураларды чердакта, еденде, ары-бері өтетін жерлерде сақтауға болмайды. Олардың сақталу жері тұрақты болуы керек. Олардың орнын ауыстырған кезде арнайы арбаларды немесе носилкаларды қолдану дұрыс болады. Осы айтылған ережелерді музейдің әр қызметкері білуі шарт [29,33]!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет