ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар мазмұНЫ


Музей қорындағы ағаш бұйымдарды қайта қалпына келтіру ( реставрация, консервация)



бет10/14
Дата27.02.2022
өлшемі287,5 Kb.
#26539
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.2 Музей қорындағы ағаш бұйымдарды қайта қалпына келтіру ( реставрация, консервация).
Ағаштан жасалған музей бұйымдары қолайсыз жағдай туған кезде физикалық, химиялық бүлінушілікке ұшырайды. Бұл өзгерістер негізінен ауа мен жарықтың әсерінен болады. Жәдігерлер биологиялық зиянды жәндіктердің: шыбын-шіркейлер, құрт-құмырсқа, кеміргіштер мен микроорганизімдердің де әсерінен бұзылуы мүмкін. Бұл факторлардың әсері, ықпалы бір-бірімен тығыз байланыста. Температураның белгілі бір деңгейі және ылғалдық дәрежесі жәдігерлердің табиғи көнеру процесін тездетуі немесе бәсеңдетуі, не баяулатуы мүмкін. Ауаның жоғарғы дәрежедегі ылғалдылығы, егер ғимаратта, бөлмеде газды ластанған заттар болса зиянды химиялық қоспалардың пайда болуына әкеп соғады. Жоғары дәрежедегі ылғалдық шаң-тозаңның да таз (грибковые) ауруларын, яғни микроорганизмдердің қозуынан туатын ауруларды тудырады. Кейбір жәдігерлерге жоғары денгейдегі ауа ылғалдылығы мен жарықтың түсуі бір мезгілде болса, тез бұзылып, ескіреді. Осындай қолайсыз жағдайлардан қорғау үшін музей жәдігерлерін қорғау тәртібі, ережесі болады [16,34].

Музейлердің қорларына енетін заттар әртүрлі. Сондықтан оларды дұрыс сақтай отырып, әрбір заттар қолданыс аясын да естен шығармаған жөн. Бұл міндетті қорды сақтау жүйесі шешеді.

Музей қорларын қорғау жұмысының мақсаты-қордағы жәдігерлердің қасиеттерінің сақтауын қамтамасыз ету және оларды қолданудың ұзақтығын, бұқараға ашықтылығын қамтамасыз ету. Музей қорларын қорғау жұмысы жәдігердің бүкіл сақталу кезендеріне жүргізіледі. Әсіресе қор сақтау қоймасы, экспозиция (қойылу, тізілу тәртібі), әртүрлі жағдайларда орын ауыстыру болған кезде де сақталу режимі дұрыс болуы қажет.

Музей қорындағы ағаш бұйымдардың зақымдануына түрлі себептер бар. Солардың арасында ең жиі кездесетіні – жәндіктер. Әсіресе, кеміргіштер. Кеміргіштермен қатар, ағаш кеміргіштер, усачтар да зақымдайды. Бірақ алдыңғылармен салыстырғанда соңғыларының зияны айтарлықтай аз. Кеміргіштердің 10 түрі белгілі.

Кеміргіштердің ең көп тараған түрі – Anabium punctatum Deg. Оны қарапайы тілде «шашел» деп атайды. Зақымдаушы ретінде ол бұрыннан белгілі – ол әдетте, үй жиһаздарын, үйлердің ағаш бөліктерін, ағаш скульптураларды, көркемсур туындыларыныЎ ағаш негізін зақымдайды. Үй жиһаздарының кеміргіші арша тектес ағаштарынан және жапырақты ағаштардан жасалған бұйымдарды зақымдайды.

И.Н. Тоскина жүргізген зерттеулер нәтижесінде үй жиһаздарын кеміргіші тек ағаш бұйымдарын ғана емес, жұмсақ түптелген кітаптарды да зақымдайтыны анны [23,54].

Кеміргіш мочевино-формальдегид смоласымен өңделген ағаш бұйымдарына зақым келтірмейтіні белгілі. Сондықтан бұл ерітінділермен ағаш бұйымдарын өңдеп тұру қажет.

Үй жиһаздарын кеміргіші–ұсақ, ұзындығы 3-6 мм, цилиндр тәрізді, қара-сұр қоңыз. Әдетте, қоңыздар музей ғимараттарында сәуір айынан бастап пайда бола бастады. Мамыр-маусым айларында кең тарайды. Ал аса салқын ғимараттарда шілде-тамыз айларында пайда болады. Қыркүйек пен ақпан айларында үй жиһаздарын кеміргішіұшуын тоқтатады. Қоңыздар, әдетте, 2 апта мүлдем қоректенбей тіршілік етеді. Ұрғашы қоңыздар орта есеппен 20-30 жұмыртқа салады [26,68].

2-3 аптадан кейін, ұзындығы 1 мм жетпейтін личинкалар пайда болады, кеміру арқылы ағаштың діңіне кіріп кетеді. Личинкалардың жүрген жолдарын жай көзбен көру мүмкін емес. Личинкалар 2-5 жыл, кейде 3-4 жылда дамиды. Толығымен дамыған личинка – 5 мм ұзындықтағы С тәріздесаң құрт. Көктемде ол ағаштың сыртқы бетіне қарай жылжып қуыршаққа айналады. Ал 2-3 аптадан кейін қуыршақтан қоңыз пайда болады. Пайда болған қоңыз ағашты кеміру арқылы тесік жасап ұшып шығады. Кеміру нәтижесінде ұн тәріздес ұсақталған ағаш пайда болады. Ұшу тесігінің диаметрі 1,5 – 2 мм. Көктем-жаз кезеңінде ағаш бетінде тесіктердің және ұсақ ағаштардың көп болуы – зақымдалу ошағын көрсетеді.

Қоңыздар көбінесе кеш батқанда ұшады. Жарық түсіп тұрған кезде ұшып жүрген қоңызды сирек көруге болады.

Үй жиһаздарын кеміргішінің пайда болуы және көбеюі температураға және ылғалдылыққа байланысты [26,69]. О градус кезінде личинкалар анабиоз жағдайында болады, ал температура -16–-17 градусқа төмендегенде жойылады. Бұл түрдің дамуы үшін керекті оптималды температура 22-23 градус. Ал ылғалдылық ең төменгі оптималды шекарасы 18-20 пайыз. 45 пайызы төменгі ылғалдылықта личинкалар дамымайды; 65 пайыз жоғарғы ылғалдылық личинкалардың дамуына өте қолайлы.

Музей қорындағы ағаш бұйымдарын зақымдайтын кеміргіштердің түрлері әлі де жетік зерттелмейді.

Еліміздің солтүстік облыстарында көп тараған кеміргіштердің түрі


  • солтүстік – Pribium con fusum Kr.

  • үй кеміргіші – Pribium pertinax J.

  • гробовый – Pribium carpini Hbst [27,36].

Бұл үш тірдің таралуы ағаштың саңырауқұлақ ауруына шалдығуынан болады.

Солтүстік кеміргіштер солтүстік-шығыс бағытқа қарай, ылғалды, сулы жерлерде өмір сүреді.



Үй кеміргіші құралдардың төменгі жағына қарай, бөренелердің тоғысқан жерлерінде, яғни, ылғалдылық өте жоғары және әлсіз желдетілетін жерлерде пайда болып дамиды.

Брабовый кеміргіш – ылғалды, мүлдем желдетілмейтін, саңырауқұлақтардың дамуына өте қолайлы жерлерді мекендейді.

Бұл кеміргіштерге қыстың суығы жағымды әсер етеді. Сол себептен олар жылытылмайтын құрылыстарда кездеседі. Олардың личинкалары ағаштың үстіндегі қабатын, бөренелердің ұштарын зақымдайды: ағаштың өзегі аса зақымдалмайды [26,56].

Жоғарыда айтып кеткен түрлерден басқа ағаш бұйымдарға зақым тигізетін кеміргіштердің келесі түрлері:

  • қызыаяқты кеміргіштер – Cacotemnus rufines F. Anobium rufines F.

  • омыртқалы – Ptiline fus cus Geoffr [26,58].

Бірақ бұл екі түрде саңырауқұлақ ауруымен байланысты емес.

Бұл екі түрде әр түрлі экспонаттарға зақым әкеледі, әсіресе, қызылаяқты. Қызылаяқты кеміргіштер ағаш скульптураны, үй жиһаздарын, ағаш тамырларынан жасалынған бұйымдарды да зақымдайды. Я.Дамиликтің болжамы бойынша бұл кеміргіш 2 жылдан аса уақыт өмір сүрмейді [25,37].

Оңтүстік аудандарда үй жиһаздарын кеміргішімен қоса төмендегідей кеміргіштер кездеседі:

  • бархотистый – Oligomerus brunneus ol.

  • батыс – Oligomerus ptilionoides Woll.

  • крымдық – Nicobium achneideri Rtt.

Олар ылғалдылықты аса сезбейді, бірақ олардың дамуына өте жоғары температура керек. Үй жиһаздарын кеміргішімен салыстырғанды, бұлар ыстық және құрғақ жерлерді мекендейді.

Бархатист және батыс кеміргіштер – тұрмыс заттарын, үй жиһаздарын, көркем өнер туындыларын зақымдайды.

Сонымен қатар, тарақмұртты кеміргіштер (Ptilinus pectini – cornis 2) де кең тараған. Ол көне ағаш скульптураны, бук ағашынан жасалынған үй жиһаздарын зақымдайды.

Ағаш бұйымдарын зақымдайтындардың келесі тобы – ұзынтұмсық – трухляктар (Curculionidal семьясы, Cossorinal тобы) [26,62].

Ұзынтұмсықтар мен кеміргіштер зақымдаған ағаштарды сыртқы көрінісіне қарап ажыратады: егер кеміргіштердің личинкасы ғана ағашты зақымдаса, ұзынтұмсық қоңыздар өздері ағашпен қоректенеді.



Ең көп кездесетін ұзынтұмсық – Codiosoma spadix Hbst.

Музей ғимараттарын және музей экспонаттарын зақымдайтын ұзынтұмсық трух-ң екі түрі белгілі:



  1. Eromotes elongatus Gull.

  2. Ph. culinaris.

Ағаш зақымдаушылардың үшінші тобы – усачтар (Cerambyoidae семьясы).

Ең көп тараған түрлері: қара күйе - усачы - Hylotrup es bajulus L.

Бұл – 10-20 мм ұзындықтағы қарасұр қоңыз тек (хвойный) аршатектес ағаштарды ғана зақымдайды. Қоңыз ағашты ішінен кеміргендіктен, ағаштардың сыртқы формасына қарап айту қиын. Бұл қоңыздың жасайтын тесіктері сопақ формада болады – размерлері 3-5 х 6-12 мм. Олардың дамуы 3-4 жылға созылады. Ал қолайсыз жағдай туса 8-12 ж. созылуы мүмкін. Қоңыздар тез ұшады және зақымдалған бұйымдардан, сау бұйымдарға тез ауысады.

Қара үй усачы ылғалдылығы 12 пайыз ағашта дамиды. Ол әлемнің барлық аймақтарына тараған.

Музей құрылымдарында кейде фиолетовый усач кездеседі. Олардың личинкалары ағаштардың сыртқы қабатында өмір сүреді [24,31].

Біздің жерімізде (древогрызы) ағашкеміргіш (Lyctidal семьясы) кедеседі. Олардың ағаш бетінде қалдыратын тесіктерінің диаметрі – 1-1,5 мм. Өте ұсақ қоңыздар, қызыл-қоңыр түсті, ұзындығы – 3-5 мм. Тек жапырақты ағаштардан жасалған бұйымдарды зақымдайды. 1ж. өмір сүреді. 7 пайыз ылғалдылық олардың дамуына өте қолайлы.

Lyctus brunners Steph – бір түсті ағаш кеміргіштер және L. Linesris Goeze – бороздчатовый ағаш кеміргіштері – ағаш құрылымдарын, көне ағаш скульптураларын, түрлі бұйымдарды зақымдайды. Олар және L. Pubescens Panz. Біздің еліміздің оңтүстігінде көп кездеседі. Әсіресе, соңғысы музей экономикасына үлкен зақым әкеледі.

Кеміргіштерден зақымданудың басты жолы – сақтау қоймаларына «ауруға шалдыққан» экспонаттардың түсуі. Соны болдырмау үшін, ең алдымен, музей қорына түскен заттардың қай жерден әкелінгендігі жайлы мәлімет жинау керек: суық немесе ыстық бөлмеде тұрды ма, жанында кеміргіштермен зақымдалған бұйым тұрған жоқ па.

Кеміргіштер зақымдаған бұйымдарды бірден байқауға болмайды, ал олардың дамуы бірнеше жыл жүреді. Сондықтан музей қорына түсетін заттар изолятордан өтуі тиіс ұзақ уақыт тексеруден өту керек – 1 маусым шамасында.

Егер музей бөлмесі рентген құрылғыларымен жабдықталса, онда жұмсақ Х – сәулелері арқылы түрлі заңдылықтарды анықтауға болады. Тірі личинкалар мұндай кезде жақсы байқалады.

М.П. Виктурина және З.И. Фалеева эксперимент жасау барысында рентгеографияның оптималды режимдерін анықтады. Тірі личинкалармен қатар, олар өлі личинкаларды да анықтауғы мүмкіндік жасады. Сонымен Х – сәулелері арқылы химиялық өңдеулердің нәтижелерін тексеруге болатындығы дәлелденді.

Бірақ Х – сәулелер арқылы диагноз шектелген: заңдылықтардың алғашқы кезеңінде болмайды.

Үй жиһаздарын кеміргіштері зақымдаған ағаш бұйымдарды қорғауға байланысты көптеген жұмыстар жасалды.

Өкінішке орай, музей қорларындағы ағаштан жасалған бұйымдарды толығымен сақтап қалуды жүзеге асыру қиынға соғады. Дегенмен, бұл процессті бәсеңдету үшін түрлі амал-тәсілдер қолданылуда.

Сондай амал-тәсілдердің бірі-ағаш бұйымдарды антисептип ертінділерімен сүрту. Бұл ертіндінің әсері ағашты шаң басудан және жәндіктерден қорғап, әр түрлі майлар мен лактардың сіңіп кетуінен сақтау, ағаш бұйымдарда шытынау, сыну процесстеріне жол бермейді [23,61].

Кейде ағаштың гидрофильді қасиетін төмендету үшін щеллактың, нетроцллюлозаның, ацетилцеллюлозаның, поливинилбутиралдың спирттік және ацетондық ертінділерімен сүртеді. Бұл тәсіл өзінің тез әсер ету қасиетімен ерекшеленеді.

Ағаш бұйымдардың құрылысын қатайту барысында фенольно-формальдегидтық, мочевино-формальдегидтық және меламино-формальдегидтық смолалар қолданылады. Жалпы ағаш бұйымдарын қатайту практикасында мұндай әдіс кең қолданылады. Смола ағашта смолалық қабат түзіп, бүкіл сынықтар, тесіктер мен жарықтарға толып қалады. Сөйтіп, ағаш құрамының бұзылмай, көп уақыт сақталып тұруына әсерін тигізеді. Бұл ағаштың тығыздығын, төзімділігін арттырып, ылғал тартқыштығын төмендетеді.

Смоланың құрамына фенол, формальдегид сияқты антисептикалық заттар кіргендіктен шаң басу және жәндіктермен зақымдалу өте сирек кездеседі [23,64].

Реставрациялау практикасында алдыға қойған мақсатқа жету ұшін реставрациялық шеберханаларда белгілі тәсілдердің барлығы қолданылады.

Музей практикасында ағаш бұйымдарды сақтау үшін мочевино-формальдегидтік және меламино-формальдегидтік смолалар қолданылады. Өйткені бұл смолалар фенольно-формальдегидтік смолаға қарағанда түссіз пленка құрап, жарыққа төзгіш болып келеді.

Ағаш бұйымдарын жабыстыру арқылы қалпына келтіру үшін МФ-17 смоласы қолданылады. МФ-17 смоласына катализатор ретінде 10% концентрациялы щавель қышқылы кіреді (К-17 желімі).

Бірақ, бұл желімді көркем сурет туындыларына қолдануға болмайды. Өйткені, қышқылдық катализаторлар кейбір бояғыштармен бояу қабатының бұзылуына әкеледі.

Көп жерлерде катализатор ретінде аммонийді қолдану қолға алынған. Көптеген зерттеулер смола ертіндісімен өңделген ағаш бұйымдар, өңдеу жасалмаған ағаш бұйымдарға қарағанда төзімді болатыны дәлелденді. Ағаш өзінің бастапқы түрі мен түсін, формасын жоғалтпайды.

Ағаш бұйымдарын реставрациялау процесі тек оны өңдеумен шектелмейді. Сонымен қатар ағаш бұйымдарының сынған, шытынаған бөлшектерін жабыстыру керек. Сынықтарды, қуыстарды ЭД-6 немесе ЭД-40 түріндегі эпиксидті смола негізінде жасалған шпаклевкалы ертіндімен толтырады. Бұл смола төменгі молекуланы полимер, термопастикалық, қою, жабысқыш болып келеді, 60 градус температурада сұйылтуға болады. Эпоксидтік смоланың жабысқыш дәрежесі өте жоғары. Онымен түрлі материалдарды, соның ішінде ағашты да жабыстыруға болады. Оны қатайтқыштар (мыс, гексометилендиамин немесе полиэтиленполиамин) қосу арқылы қатыру керек. Оның қатаюы кезінде жанама өнімдер бөлініп шықпайды, Сондықтан бұл смола практикаға өте қолайлы.

Ағашты сіңдіру процесі келесі операциялар арқылы жүзеге асырылады:

1) шаң-тозаңнан құрғақ әдіс бойынша айыру (шаңсорғыш, құрғаш дәке, құрғаш жаққыш);

2) экспонаттың жағдайына байланысты жабысқақтық дәрежесі әртүрлі мочевино-формальдегидтық немесе меламино-формальдегидтық смола ертінділерімен сіңдіру;

3) екі күн өткеннен кейін қайтадан сіңдіру жүргізу;

4) 6-8 күн бойы бөлме температурасында экспонатты кептіру.

Ағаштан жасалған музей экспонаттарын қатайту үшін қолданылатын реактивтер мен құрал-жабдықтар

Құрал-жабдықтар: вентиляциялы шкаф, әйнек колба, 250мл. Мензурка, техникалық таразы, 100 селсиградус жоғары шкалалы термометр.

Реактивтер: мочевина немесе меламин, формалин (37-40% концентрациялы), аммиак (25% концентрациялы), универсалды индикатор, лакмус, техникалық этил спирті, хлорлы аммоний, ағаш ұны, ЭД-6 немесе ЭД-40 смоласы, гексаметилендиамин немесе полиэтиленполиамин.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет