үшінші кезең. Процедура алдыңғы кезеңдегі процедураға ұқсас, бірақ бала «мұғалім» рөлін атқарады.
«Қызметтегі жад» әдісі
Әдістің психологиялық мәні психологиялық жүйені қалыптастыруда жатыр «визуалды-объективті жады вербальды-логикалық ойлау – образдыелестетіп көру», осының арқасында көзбен көретін материалды сақтауға арналған қосымша көмектер жасалынады.
Бірінші нұсқа. Балаға 5 зат бейнеленген суреттерді есте сақтауға және осы суреттерді сипаттайтын сөздермен 5 сөйлем құруға, суретте бейнеленген заттардын суретін салу беріледі. Басқа тапсырмаларды орындаумен өткен үзілістен кейін алдынғы сүреттердің атын еске түсіру керек.
. Екінші нұсқа. Вербалды: балаға 5сөз беріледі,осы сөздермен 5 сөйлем құрастыру керек. Содан кейін үзіліс беріледі- басқа тапсырмаларды орындауға болады (ауызша емес, суреттермен), 3-5 минуттан кейін баладан сұраңыз: «Ал енді сен сөйлем құраған сөздерді есіңе түсір»
• Бір заттын фрагментін толық бейнеге жеткізіп салу әдісі Балаға белгілі бір зат бейнеленген сурет фрагменті беріледі. Балаға осы фрагментте не бейнеленгенің тауып, суретті толығымен салып шығу қажет.
Нұсқаулық: «Бұл суретте суретші қандай-да бір суретті салған, бірақ суреттің бір бөлігі өшіп қалған. 0л қандай заттың суретін салғысы келгенін тауып, суретті аяқтау. »
Б өліктерден белгілі бір затты құрастыру әдісі
бұл жұмыста бірнеше бөлікке бөлінген суреттер қолданылады. Балаға осыдан бір тұтас бейнені құрап шығуы керек:
а) ұсынылған үлгі бойынша;
ә) дербес орындау.
Нұсқаулық: «Суретші қандай-да бір суретті салып, бірақ осы суретті бірнеше бөлікке қиды.Осы бөліктерден бір суретті жинауға тырысыңыз ».
Сабақтың бірінші кезеңінде бала ретсіз түрде «жай ғана» суретті жинайды. Бұл кезең неғұрлым тұрақты тақырыптық бейнелер образын қалыптастыру үшін және образды бөліктерден «құрастыру» стратегиясын жасау үшін қажет. Екінші кезеңде суретті сағат тілінің бағытымен схемада көрсетілгендей жинау керек.
. • Жетіспейтін бөліктерді табу әдісі Екі немесе үш бөлікке бөлінген суреттер қолданылады. Балаға бөлшектерден бүтін бір суретті құрастыру керек, бірақсуреттің бір бөлігі жетіспейді (мысалы: балықтың құйрығы).Балаға ұсынылған төрт-бес бөліктін ішінен жетіспейтін бөлшекті табу қажет.
Нұсқаулық: «Суретші қандай-да бір сурет салған, бірақ суретті бөліктерге бөлген. Осы бөліктерден толық сурет жинауға тырысыңыз . Егер қандай-да бір бөлігі жетіспесе, маған айт ».
Екінші нұсқаулық: "Мына бес суретке қара, олардың бірінде саған керек балықтың бөлігі бар ма?. Бөлікті таңдап, суретті толықтыр ».
• Суретті аяқтау әдісі • Балаға адам (құс, жануар, гүл және т.б.) бейнеленген суреттін бөлігі (оң немесе сол) беріледі.
Тапсырма: қай бөлігі оң немесе сол, салынбағанын анықтаңыз, содан соң осы бөлікті салыңыз. Қосымша тапсырма ретінде сіз балаға вербалды жолмен адамның оң қолына үшбұрыштың, сол жағына шеңбердің және т.б. суретін бейнелеуді ұсынуынызға болады.
Көру-ұстау координациясы, сөйлеудің кеңістіктік көріністермен байланысы, вербальды-логикалық ойлау және объекттің образы қалыптасады.