Ағылшын тілінен аударғанда, «AWARE» - саналы деген мағынаны білдіреді. Ол негізгі 5 қадамнан тұрады. Олар:
Әр қадамға жеке тоқталсақ:
Acknowledge & Accept — үрейдің себебі мен оны тудыратын ойларды түсіну. Өз ойларыңызды қабылдауғы тырысыңыз, оны тежеуге, жеңуге ұмтылмаңыз. Үрейлеріңіз бен ойларыңыздың шынайы екенін мойындауға тырысыңыз. Сезімге ерік беріңіз. Оны тоқтатуға ұмтылмаңыз, сезімдеріңізді әлсіздік санамаңыз, оларды бар болмысымен қабылдаңыз.
Олар сіздің өз ойларыңыз бен сезімдеріңіз және бұл барлық адамзатқа тән қалыпты құбылыс екенін мойындауға тырысыңыз.
Watch –үрейге қашықтықтанғ сырт көзбен қараңыз. Ойларыңыз бен сезімдеріңізді бағылаңыз, бақылай отырып оларға немесе өзіңізді сынауға асықпаңыз. Оларға аса мән бермей алыстап қарап көріңіз. Сіз, сіздің ойларыңыз немесе сезімдеріңіз емессіз, сіз бөтен адамсыз. Сезімдер мен ойларға келіп-кетуші құбылыс ретінде қараңыз, мысалы, аспандағы бұлттар секілді немесе суда жүзіп өткен жапырақ, ағын суға теңестіріңіз.
Actions –үрейге қарамастан әрекет ету. Өз үрейіңіз бен қорқынышыңызды жеңіп өз мақсатыма жеттім деп ойлаңыз. Қашуға тырыспаңыз, қорқынышыңызға бетпе-бет келіңіз, мысалы, адамдарға қарау барысында көзіңізді алып қашпаңыз, телефоннан басыңызды көтеріп айналадағы құбылыстарға мән беріңіз. Көңіліңіз қалаған іс-әрекет жасаңыз.
Repeat –қайталай беріңіз. Бұл қадамдарды: өз үрейіңізді қабылдау, оған сырт көзбен қарау, үрей жоқтай әрекет етуді өміріңіздің бір бөлшегіне айналғанша қайталап жалғастыра беріңіз.
Expect –шынайы жетістікті кұтіңіз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз, қателіктер мен жеңіс қатар жүретінін қабылдаңыз. Әр сәтсіздік өткінші және уақытша, оны өз құралыңыз ретінде пайдалануға асығыңыз. Үрей кез-келген адамға тән және орынды құбылыс, оны мойындап жағдайды ауыстыруға тырысыңыз.
Флудинг техникасы Флудинг (flooding)сөзі ағылшын тілінен аударғанда бату деген мағынаны білдіреді. Алғаш флудинг техникасы Полиннің жұмыстарында (1959) кездесе бастады.
Бұл мақсатты бағытталған жоспар негізінде үреймен жұмыс. Бұл техниканың идеясы қорқыныштың тригеррлерімен қайта-қайта, ұзақ кездесу эмоционалды реакция азаяды.
Оның орнына басқа нейрондық қатынас пайда болады: «қауіпті дегенім мүлдем қауіпті емес». Профессор Стефан Хоффман экспозиция техникасын – өзіне назар аударудан және көпшілік алдында қателік жасаудан қорқатын тұлғалармен жұмыста қолдану қажет деп санаған.
Үреймен жұмыста экспозицияның екі түрі қолданылады: шынайы (in vivo) және жалған (in sensu). Жалған экспозиция терапияға дайындық барысында немесе жеке жұмыс формасында қолданылады. Екі экспозицияның түрі жұмыста бірдей қолданылады, алдымен жалған дүниемен жұмыс жасайды, содан кейін шынайы әлемді түзетуге тырысады.
Хоффман бұл техниканы қолдау процесі жүзеге асатын топтық жұмыста қолдануға болатынын көрсетеді. Мысалы, көпшіліктің алдына шығудан қорқатын тұлға жаттығу барысында қоғамдық жерде тұрып сөз сөйлеу, музыка ойнау, ән айту және т.б.Өз қорқынышымен кездесу, барлық қобалжу мен үрейді саналы түрде қабылдау процесі жүзеге асады. Бұл жаттығуды саналы түрде бірнеше рет қайталай отырып қолайсыз сезімдерге үйрану, айырылу процесі жүзеге асады.
Әлеуметтік қолайсыз жәйттарға көзқарасы өзгереді.