Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған жаттығулар. 1-ші сабақ Мақсаты – «Ата-ана – бала» даусыз өзара әрекет жасауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Тактильді сезімділікті, қиялды дамыту.
Сөйлеу белсенділігін дамыту.
Коммуникациялық дағдыларды дамыту.
Психофизикалық қысымды төмендету.
Құралдар: құмсалғыш, майда ойыншықтар, қылқалам, майда тастар.
Сабақ барысы Кіріспе бөлімі Сіздермен құмсалғыштағы тәртіп ережесін еске алайық (ата-ана мен бала кезекпен кезек ережелерді айтып береді).
« Айырықша іздер»жаттығуы «Қонжықтар келе жатыр» - бала күштеп жұдырықтарымен, алақандарымен құмды басып қысады.
« Қояндар секіреді» - бала саусақтарының ұштарымен әртүрлі бағытта құмның бетін соққылайды.
« Жыландар жорғалайды» - бала бос/қысымдағы саусақтарымен құмның бетінде иректелген сызықтар жасайды (әртүрлі бағытта).
« Өрмекшілер жүгіреді»- бала барлық саусақтарымен жәндіктердің қозғалысын вербальды емес жолмен қайталап көрсетеді. Құмға қолдарын толығымен батырып, құмның астында «жәндіктер амандасу» әрекетін орындайды - қолдар бір-бірімен кездеседі.
Негізгі бөлім Әлеуметтік маманата-анаға баламен бірге «Құм елі» туралы оқиға ойлап табуын ұсынады. Ең алдымен, оқиға не, кім туралы, содан кейін, полкадан қандай ойыншықтар құмсалғышта сол елді құруға көмектеседі.
Әлеуметтік маманжанама сұрақтар арқылы аталған ел туралы оқиғаны айтып беруін сұрайды:
Бұл қандай ел? Ол қалай аталады?
Онда кімдер тұрады? Олар немен айналысады?
Ол елде барлығы жақсы ма? және т.б.
Қорытынды бөлімі
Бірлескен құрылыс Сіздерге ұнады ма?
Ерекше ұнағаны не?
Құрылыстың қай кезеңі есте қалды?
Ойында қандай сезімдер пайда болды?
Қорытындыда әлеуметтік маманқұм суретін реттеп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолды жууды сұрайды.
Корытынды кезінде әлеуметтік маман: «Бүгін Сіздер Құм елінде көптеген қызықтар жасадыңыздар, сондықтан Құм елі Сіздерге өз ризашылығын білдіреді. Осы ел Сіздердің мейірімді тілектеріңізді орындауға майда тастарды сыйлайды. Қолдарыңызға ақырындап тастарды алыңыздар да, бір-біріңізге сыбырлап мейірімді тілектерді тілеңіздер».