«Екі хат» Қатысушыларға бір қағаздың бетіне өздерінің иеленгісі келетін және айырылғысы келетін қасиеттерін бейнелеп, тағы да бір өз қайшылықтарын талдау ұсынылады. Содан кейін, суреттің керек емес, «жаман» қасиеттері бейнеленген жағы жойылады. Ф.С.Самердің айтуы бойынша дәстүрлі жағымды тәсіл қолдану әрқашан қолайлы.
Қалған «жақсы» бөлігі автордың мекен - жайы көрсетілген хатқалтаға салынады. Әлеуметтік маманбіраз уақыттан кейін жағымды өзгерістерге жауапкершілікпен қарау керектігін ескертіп, осы хаттарды иелеріне жібереді.
«Менің елтаңбам»арт-сабақ Мақсаты: өз тұлғасының сыртқы және ішкі ресурстарын қабылдау, өзіндік бағасын көтеру.
«Қыздыру»
Кез келген қатысушыға үстелден орын алуды ұсынып, сурет салуға қажетті қағаз, қарындаш, бояу және басқа материалдар таратылады.
Қарындашты алыңыздар (бояу, пастел борларды), көздеріңді жұмыңдар және қағаз бетіне кез келген сызықтарды, геометриялық фигураларды, белгілерді салып көріңдер. Қолдың қимылына шектеу жасамаңдар. Тек қолды қозғай беру керек.
Өз суреттеріңе қараңдар. Егер аяқтағың келсе, немесе сөзбен айтқың келсе, оны да орындауға болады.
Дәл қазір көздеріңді ашып, сендердің көңіл-күйлеріңе сәйкес келетін басқа қағаз, қарындаш алып, қайтадан «шимақ» сурет салыңдар.
Осындай жаттығу спонтанды, өзіндік айқындауды стимулдап, ішкі әлеміне көңіл аударуына көмектеседі.
Елтаңбаны құру - олардың өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін, жеке автопортрет ретінде қарастыруына болады.
Жеке жұмыс.
Елтаңбаны құрудың шарты: өз тұлғасының жағымды қасиеттерін, жетістіктерін, сенімдері мен құндылықтарын бейнелейтіндей елтаңба құру керек.
Елтаңбаны құрастыру,әлеуметтік маманмен, топпен талдау - өзіндік құрметті, сенімді күшейтудің, дамытудың факторларының бірі болып табылады. Елтаңбаны құрастыруда қатысушылардың ортақ қызығушылықтарына, құндылықтарына және өмір мақсаттарына назар аударуға болады.
Ең алдымен, топтың әр қатысушысына үш жеке елтаңба жасау ұсынылады:
Қазіргі уақыттағы өзі туралы ойы, өзінің жағымды қасиеттерінің астын мүмкіндігінше сызу.
Өткен шақтағы елесі – жетістіктеріне және жағымды тәжірибесіне назар аудару, ерекше мән беру.
Келешектегі жәнеболашақ өмірлік мақсаттары туралы ойы.
Үш елтаңба жасауға болады, бір елтаңбаны үш бөлікке бөліп қарастырамыз (орта бөлігінде – қазіргі уақыттағы өзін бейнелеу керек, сол жағына – өткен шағындағы Менін, оң жағына – болашақтағы Менін). Сондай-ақ, елтаңбада өмір ұстанымын бейнелейтін ұран жазу беріледі.
Сонан соң, қатысушыларға жұптасып немесе үшке бөлініп жұмыс жасау ұсынылады. Жалпы елтаңбаны жеке жұмыста берілген принциппен құру керек.