Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет38/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Кенесары

Кенесары хан азаттық үшін айқаста бірге болуға шақырғанымен, патша шенеуніктерімен құпия байланыстағы қырғыз манаптары бас тартып, оның қатыгездігі, жауыздығы жөнінде небір сұмдық өсектерді таратты. Кенесарыға жақ ауылдарды шауып, малын айдап әкетті.


Атақты Саурық батырды мерт етті. Оған шыдай алмаған Кенесары 1847 жылы Қырғыз жеріне басып кірді. Тек өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары қырғыздардың қолына түсті. Батыр аңғал деген ғой. Ағасының қолға түскенін естіген Наурызбай батыр қол жинап, оны құтқару үшін соғыс ашудың орнына, «Ағамнан жаным артық па?» деп өз еркімен Кенесарының қасына барып тұтқынға түсті. Сонда Кенесары: «Қап, батырым, бекер жасадың-ау. Наурызбай бәрібір құтқармай қоймайды, деп мені босатқалы отыр еді», – деп қатты өкініпті.
Мәрт адамның қазасы да таңғажайып қой. Қырғыздар Наурызбай батырды найзаға шаншып, көкке көтеріп: «Наурызбай, енді қалайсың?» деп сұрағанында, ол: «Сенен әлі де найза бойы жоғары тұрған жоқпын ба, сақау қырғыз», - деп жауап беріпті. Ал енді Кенесарыны жазалайтын жерге арқанмен байлап әкеліп, айбалтамен басын шаппақ болғанында ол тауға, күнге қарап тұрып жиналғандардың етжүрегін елжірете ерекше бір қазақ әнін шырқапты...
Осылайша Кенесары айуандықпен өлтірілді. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жіберді. 
azattyq.org 
Тапсырма: Тырнақшаның, көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: Қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Кенесары хан

Кенесарының тағы бір қасиеті — түс жорып, алдағыны болжауы. Кенесары өзінің көрген түсін Ағыбайға жорып, былай депті: «Біздің бағымыз алдымызда, артымызда қалатын бақ жоқ, өзімізбен бірге кетеді, ал сенің бағың артыңда қалды».
Халық аңызының айтпағы – Кенесары өз тағдырын, әулетінің болашағын алдын-ала болжап, біліп кетті. Өзінен кейінгі ұрпағы көптің арасына сіңіп кететініне, бүкіл ата-бабасынан келе жатқан бақ пен даңқтың өзімен бірге өшетініне көзі жетті.
Кенесары жаужүрек батыр ғана емес, білікті қолбасшы да бола білген. Орыс тарихшысы Н.Н.Середа Кенесарының ұлы тұлға, мәртебелі әмірші екендігін, оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызыға қа­райтындай болғанын айтады. «Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары хан ешбір бөгет алдында кідірмейтін, – дейді. Қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра түсіп, көздеген мақсаты жолындағы тос­қауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кене­сарының осындай қасиеттерін көшпенділер ерекше бағалап, жанын пида етуге дейін баратын».
Томас Аткинсон Кенесарының қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярла­ғанын, олардың найза мен айбалтаны тамаша игеріп, өздерінен күші басым, жаудан қаймықпай соғысатынын, жеңіске жететінін естігенін айтып: «Егер, білікті офицерлері болса, қазақтар әлемдегі ең мықты атты әскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бәрі тән», - дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет