Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


Жәнібектің қартайған кезінде еске алуы



бет40/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Жәнібектің қартайған кезінде еске алуы

Жәнібек батыр тар жол, тайғақ кешулерін былай еске алады екен:


– Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санамаймын, қаптаған жаумен шайқассаң өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды бастан кешірдім, тар жол, тайғақ кезеңдерден өттім, майданда жау түсірмей қайтқан жерім жоқ, оның қайсысын ерлікке санарсың?
Соғыста жеңілгенің – ақыл-айлаң мен күшіңнің кемдігі, соғыста жеңгенің сол екеуінің артықтығы. Ал күтпеген жерден жаныңа қысым келгенде қабағыңды шытпай, қалт ойлап, қапысын тапсаң ерлік, жүректілік деген сол.
Жас кезім, жылқы табынында жүріп, таң қараңғысынан көз іліндіріп алайын деп, тоқымымды төсеп, ерімді жастанып, шылбырымды жамбасыма басып, көйлектің омырау түймесін ағытып, кеудемді самалға ашып, көк шалғынды қолатта жатып қалдым.
Бір кезде мұздай суық бір нәрсе кеудемді басып келе жатқанынан ояна келсем, жылан екен. Оянғанда қозғалып кетсем керек, жылан ысылдап иегімнің астынан аузыма қарай өрмелеп, тілін жалаңдатты. Шағып алар ма екен деп сескенбедім. Аузымды ашып демімді ішіме қарай тарта бердім. Екі көзім жыланның қимылында. Оның басы аузыма кіре бергенде тісіммен қыршып түкіріп жібердім. Сонда тісім мұздай болып кетті. Бірақ сескенбедім. Осы оқиғаны естіген нағашым жігіттің ерлігі байсалдылығы деп мені мақтаған еді.
(З. Сейітжанұлы )
?! Тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Ағыбай батыр

Ағыбай батырдың өз өміріндегі көп өкінішінің бірі мынау екен:


Кенесары ханның қолы Шажағай өзенінің бойында аялдайды. Хан Тама ауылына Ағыбай батырын жіберіп мініске жылқы алдыруды ойлаған.
Түн қатып жолға шыққан шағын қол, Күн көтеріле қостың басына сауын билерін иіріп тастап, желіге құлын байлап жүрген ақсұр жүзді, сымбатты жас жігітке келіп Ағыбай жөн сұрайды. Ауылдың жылқышылар қосынан алыста екенін жігіттен білген Ағыбай Ауылдың алыста екенін, соңдарынан қуар қуғыншының болмасын білген батыр кешке жылқыларды айдап кетеді. Біраз соң Ағыбай батыр бес-алты жігітпен қуғыншы келсе тосып алмақ ниетпен жылқы соңында қалады.
Ертесінде ғана көз ұшында ноқаттай боп жалғыз қара көрінеді. Қуғыншы Ағыбай батырдың жігіттеріне қиқулай жалғыз ат қояды.
Топ сарбаздан жалғыз қуғыншыға төтеп берер ешкімнің болмағанына бір жағынан намыстанған, екінші жағынан Наурызбайды қапылыста жазым етер деп қауіптенген Ағыбай қуғыншы жігітке найза шаншып үлгерген еді. Аһ ұрып, аттың жалын құша берген жігіттің қолтығынан демей ұстаған Наурызбай: «Ағеке-ай, бекер болды-ау!..» дейді. Бөрік астынан суси төгілген қос бұрымға қарап тұрып жас батырдың жігіт емес, қыз екенін білген Ағыбайдың өкініштен өзегі удай ашыды...
Шажағай өзені бойында шағын бейіт тұр. Осы өңір халқы оны «Қыздың бейіті» дейді. Ағыбай найзасының ұшына ілігіп мерт болған Тама елінің батыр қызы осылайша ел аузында аңыз болып қалды.
(Серғазы Қабылдаұлы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет