Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет39/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
(Әбуев Қадыржан
Тапсырма: Тырнақша, көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: Қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Жігіттің түп атасын қазған ит

Сырымды Бақай сыншының алдынан өткізеді. Сонда екеуі кездескенде, Бақайдың Сырымның қолын ұстап тұрып айтқан сөзі мынау екен:


— Иә, Сырым бала, жоқтан бар болдық, айырдан нар болдық, көндей қамқа тозды, атадан ұл озды, анадан қыз озды, боздан бурыл озды. Осыған жауап берші, шырағым,— дейді. Сонда Сырым батыр:
— Иә, жоқтан бар болсам, құдайдың құдіреті болар; айырдан нар болсам, атам үлек болар; көндей қамқа тозса, киюі салақ болар; атадан ұл озса, еркіндігі болар; анадан қыз озса, шіркіндігі болар; Боздан бурыл озса, жүйріктігі болар, Бақай ата! — депті.
— Ей Сырым, әкең сенің Дат төмен, тентек, шұлғауын асына малып ішетін еді. Шешең Қараторы қайратты, күндіз келген жиырма кісіні түнде келген жиырма кісіні қонақ қылып аттандыратын еді. Сен шешеңе тартып туған екенсің-ау, балам,— дейді Бақай қарт.
— Иә, Бақай ата, әкем Дат тентек болса болған болар, шешем күндіз келген жиырма адамды, түнде келген жиырма адамды қонақ етіп аттандырса, қырықтың бірі қыдыр деген, онда мен қыдырдан жаралған болармын. «Өзін өзі езген ит, өзен бойын кезген ит, өзі болған жігіттің түп атасын қазған ит» деп еді, Бақай ата,— депті Сырым.
Сонда Бақай сыншы сөзден жеңіліп батырды қонақ қып, ат мінгізіп, шапан жауып батасын беріп аттандырыпты.
(Қазақтың шешендік сөздері) 
?! 1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
2-тапсырма: Қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер


Сөз анасы не?

Cырымның атасы Шолан батырды төрелер қылыштап өлтіреді. Шоланнан Дат іште қалып дүниеге келгесін, қара қазақ жиналып төрелерменен арадағы зіт (зіт-деген ескі сөз, бұл жерде кек деген мағынада алынған) ұмытылмас үшін жас баланың атын Дат қояды. Дат атасының кегін ала алмайтын жасықтау болып өседі.


— Ей, Дат, сенің атың заманында қойған Дат еді-ау, есіміңе жесімің лайықты емес, тек бір қоя салған ат еді-ау — деп қазақтың қарттары Даттың бетіне соғып жүреді.
Дат өсіп бір тәуір әйелге үйленеді, одан Сырым туады.
Сол Сырым Үргеніштің ханына барып жүз керіс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық: «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісі»,— деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:
Үргеніш шешені:
— Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не? — деп сұрайды.
Сырым батыр:
— Сөз анасы — құлақ,
Су анасы — бұлақ,
Жол анасы — тұяқ! — деп жауап береді.
Үргеніш шешені:
— Дау мұрады не?
Сауда мұрады не?
Қыз мұрады не?
Жол мұрады не? — дейді.
Сырым батыр:
— Дау мұрады — біту,
Сауда мұрады — ұту.
Қыз мұрады — кету,
Жол мұрады – жету,— дейді.
Үргеніш шешені:
— Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? — дейді.
Сырым батыр:
— Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді,— дейді.
(Қазақтың шешендік сөздері) 
Тапсырма.Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөйлемдерді теріп жазады. І топ сұраулы сөйлемдерді, ІІ топ лепті сөйлемдерді, ІІІ топ хабарлы сөйлемдерді теріп жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет