Құрамы Қаңқаның құрылысы Көкірек қуысының сүйектері



бет7/10
Дата05.04.2023
өлшемі97 Kb.
#79761
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бас сүйектері. Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет сүйектері. Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14 жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың еңбегі деп атайды.
Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), маңдайда және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады. ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады.
Нәрестенің жақ сүйектерінің т і с т е р і болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6 айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері – ақыл тістері жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, өсуі, тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты. Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.
Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады, яғни оның түрі тұрақты болады.
Баланың сүйектерінің ерекшелігі. Жалпы алғанда балалар мен жасөспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бүзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.
Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жұту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртка сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл тұрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамындағы кальций, фосфор тұздарының алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, сондықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.
5 сұрақ Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі. Баланың қимыл-қозғалысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет