Құрамы Қаңқаның құрылысы Көкірек қуысының сүйектері



бет1/10
Дата05.04.2023
өлшемі97 Kb.
#79761
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№ 10 дәріс: Тірек-қимыл жүйесінің жастық ерекшеліктері
Жоспар:

  1. Баланың тірек-қимыл жүйесі. Сүйектің құрылысы мен құрамы

  2. Қаңқаның құрылысы

  3. Көкірек қуысының сүйектері

  4. Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері

  5. Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі. Баланың қимыл-қозғалысы

1 сұрақ Баланың тірек-қимыл жүйесі. Сүйектің құрылысы мен құрамы
Баланың тірек-қимыл жүйесі. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысады.
Еттердің негізгі қызметі – сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.
Қаңқа-бұлшықет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам ағзасында өте маңызды орын алады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі – сүйек. Сүйек қан тамырлары мен жүйкелер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік.
Сүйек қабының қан тамырлары мен жүйкелері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
2 сұрақ Қаңқаның құрылысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет