Зерттеу жүргіз Не себепті 1925 жылға дейін «қазақ» атауының орнына «қырғыз» атауы қолданылып келді? Азамат соғысы аяқталысымен алғашқы кеңестік санақ жүргізілді. Аталған шараның нәтижесі бойынша ол кезде автономия аумағында 3 млн-ға жуық адам өмір сүрген, олардың 91%-ы ауылдық жерде мекендеді, қалғаны – қалалар мен қалалық елді мекендерде тұрақтаған. «Ақтар» мен «қызылдар» қарсыластығы елде әлі де кейбір ошақтарда басылмағандықтан, бұл санақ Қазақстанның барлық аймағын қамтымады. Басқа ұлт өкілдері санының көбеюіне байланысты халық құрамы елеулі өзгерістерге ұшырады. Ұлттық саясатта интернационализм ұғымы орнықты.
Азамат соғысынан кейін азық-түлік салғыртының нәтижесі, шаруашылық күйзеліс, аштық салдары 1917–1920 жылдар аралығында халық санының кемуіне әкелді.
1918 жылғы кеңестердің Бүкілтүркістандық V съезінде «Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы» туралы ереже бекітілді. Қазақтардың басым бөлігі ТАКСР-інің Сырдария және Жетісу облыстарында шоғырланды.
1924 жылы Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты ТАКСР-і таратылды. Сол жылдың қазан айында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің (Сырдария мен Жетісу) Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулы бекітілді.
Түркістан АКСР-і құрамына кірген облыстар. Астанасы-Ташкент
Сырдария облысы
Каспий сырты облысы
Жетісу облысы
Әмудария облысы
Ферғана облысы
Самарқан облысы
2. ҚазАКСР-і полиэтникалық қоғамының өзгеріске ұшырауы. Оңтүстік облыстарды қосу нәтижесінде Қазақстан аумағы ұлғайды. Қазақ АКСР-і одақтас республикалар арасында көлемі жағынан екінші орын алды (РКФСР-дан кейін – авт.). Қазақ халқының аумақтық бірігуі мемлекеттілікті нығайтып, республиканың экономикалық және мәдени дамуы үшін маңызы зор болды. Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, күш-қуаты артты.
1925 жылы сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы құрамынан шығарылды. Республика астанасын Орынбор қаласынан Ақмешіт қаласына көшіру және Ақмешітке Қызылорда атауын беру туралы қаулы қабылданды.
Билікке большевиктер келгенімен, Ресейдің еуропалық бөлігінен орыс шаруалардың қоныстануы жалғасып жатты.