Ұраны – алаш, МҰраты – мирас



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата18.01.2017
өлшемі292,13 Kb.
#2156
1   2   3
  «Түрме  әфсанасының  тарихы»  туралы 

келесі  ойлар  қозғап,  ұлттық  ақыл-ой  алыптарының  талайлы  тағдырларына 

қатысты  жазалау  науқаны  1927  жылы  басталып,  үкім  алпыс  жылдан  соң 

күшін  жойғанына  назар  аударады.  Мемлекеттік  қауіпсіздік  комитеті 

жүргізген  тергеу  құжаттарының  маңыз-мәні  айқындалады.  Саяси  қудалау 

кезеңі,  авторлық  құқықтар  мен  тиым  салынған  шығармалар  тағдыры  сөз 

етіледі.  Сондай-ақ,  сол  тұстағы:  «Кеңес  өкіметін  қарулы  көтеріліс  арқылы 

құлату 

мақсатында 



ұйымдасқан- 

«Алашорда» 

қайраткерлерінің 

контрреволюциялық,  террористік  астырын  құпия  ұйымын  әшкерелеу  ісіне» 

ден қойылып, зардапты-зиянды астары ашылады. Жиыны – 14 томдық тергеу 

ісінің  қалтарысты-қатпарлы  қырлары  көрсетіліп,  тергеу  барысында  орын 

алған  өрескел  бұрмалаушылық  пен  заңсыздықтардың  көлеңкелі  беттері 

ашылады. Нәтижесінде, Жоғарғы сот: «СССР Халық Комиссарлар Советінің 

жанындағы ОГПУ-дің ІҮ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 

жылғы  13  қаңтардағы  Байтұрсынов  Ахмет,  Дулатов  Міржақып,  Аймауытов 

Жүсіпбек,  Есполов  Мирза-Ғазы,  Ғаббасов  Халел,  Әділев  Дінмұхамед, 

Бірімжанов  Ғазымбек,  Юсупов  Ахмед-Сафа,  Жұмабаев  Мағжан,  Омаров 

Елдес,  Битілеуов  Дамолла,  Болғанбаев  Хайретдин,  Байтасов  Абдолла, 

Жәленов  Кәрім  т.б.  жөніндегі  қаулысының  күші  жойылсын,  олардың  іс-

қимылдарынан  қылмыстық  әрекеттер  табылмағандықтан  да  тергеу  барысы 

тоқтатылсын»  деген  шешім  шығарылады.  Бұдан  кейін  қалың  көпшілікке 

таныс  –  «Алаш»  қайраткерлерін  ақтау  туралы  қорытынды  жарияланады. 

Қоғамдық 

саяси, 

ұлттық-тарихи, 



әдеби-мәдени 

бағыттардағы 

шығармашылық  мұрасы,  адамдық-азаматтық  көзқарастары  айқындалады. 

Алаштың қайраткер-қаламгерлеріне қатысты тергеу барысы, айыпкер актісі, 

сұрақ-жауап  үлгілері  тиісінше  орын  алады.  Қысқасы,  жазалау  жылдарының 

шежіресі-адам  мұраты  мен  еңбегі,  тағдырлар  талқысы  төңірегінде  кең  өріс 

алады. Маңыздысы, әрине қайсібір қайраткер һәм қаламгерге қатысты тергеу 

барысы  мен  хаттама  қорытындысынан  ұлт  мұраты  мен  оған  қалтқысыз 

қызмет  етудің  өнегелі  үлгілері,  өмірге  құштарлық  пен  руханият  ісіне 

сүйіспеншілік  сипаттары  айқын  көрініс  береді.  Сол  себепті,  «Алашорда» 

үкіметі мүшелері эмиграцияға кетуге емес, ұлтқа қызмет етуді басты мұрат, 

абыройлы  іс  деп  таниды:  «Қазақтың  –  Қазақстаннан  басқа  отаны  жоқ. 

Сондықтан  да  қазақ  үкіметінің  мүшелері  қазақ  ішінде  қалуы  тиіс»  деген 

қорытындыға келеді. Осы бағыт, көзқарасқа мықтап табан тірейді. Олардың 

өмір сапарлары қысқа болғанымен, еңбек-мұраларының ғұмыры ұзақ, рухани 

әсер-ықпалы  зор  болды.  Асылы,  Алаш  мұраты  мен  мирасынан  –  ұлттық 

мемлекет  құру,  тәуелсіздік  идеясы  айқын  көрініп,  оның  өзі  арғы 

тарихымыздағы  –  елбасылар  мен  қолбасылардың,  ақын-  жыраулардың 

арман-аңсарын сабақтастықта өрістетудің, жүзеге асырудың жарқын үлгісіне 

айналды.  Бұл  жолы  да  кедергілер  кездесті.  Зорлық  –зобалаң,  қуғын-сүргін 

көп болды. Биліктің құрығы ұзын, айла-амалдары да шектен тыс еді. Тергеу 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

амалдары  да  бар-жоқты  тізіп,  кінәлілердің  санын  да,  қарасын  да  көбейтті. 



Жолсыз  жаза  жалған  дақпыртқа  кең  өріс  ашылды.  Қазақ  оқығандары,  арлы 

азаматтар,  әділеттілік  жолындағылардың  бәрі-баршасы  сын  садағына  ілінді. 

Қара тізімге енді. Жазалау, қаралау, тергеу ісі тоқтаусыз жүргізілді. 

Ақиқаты  сол,  Алашшыл  қайраткерлер  ұлт  тәуелсіздігі  жолында  өмірін 

қиып,  тағдыр  талқысына  түскенімен,  елдік  мұрат  –мүддеге  қатысты  айқын 

көзқарас,  ерен  еңбектері  араға  ұзақ  уақыттар  салып  халқына  қайта  оралды. 

Өмірі  мен  қызметі,  шығармашылық  мұралары  бұлттан  шыққан  күндей 

жарқырап,  бар  жылу-жарығымен,  нұрлы-сәулелі  сәттерімен  жетті.  Қайта 

оралған  қымбат  қазынамен  қалын  көпшілік  мәңгілікке  қауышты.  Алғашқы 

тұста-БАҚ жүйесінде жарияланды. Жеке еңбектері басылды. Көптомдықтары 

жарық  көрді.  Зерттеу  жүйесіне  енді.  Ұлт  тәуелсіздігінің  басты 

байлықтарының бірі осы. 

Кешеден  бүгінге  жеткен  өмір  шындығының  бір  үлгісі  осы  еді.  Мұның 

мазмұны  –  ұлт  азаттығы  мен  тәуелсіздігіне  келіп  саяды.  Қазақ  зиялылары 

ұлттық мұрат-мүддені жоғары қойды. Елдік мәселелерге маңыз берді.Дербес 

ел,  ұлттық  мемлекет  құру  идеясы  төңірегінде  топтасты.  Осы  бағытта  еңбек 

етті. 

Осы  реттен  келгенде:  «1905-1920  жылдардағы  қазақ  қайраткерлерінің 



мемлекеттік  саясаты  мен  ішкі  күресі  –  ұлт-азаттық  қозғалыстың,  тәуелсіз 

мемлекет  құруға  ұмтылған  ұлттық  күрестің  алғашқы  сатысы  еді.  Қоянды 

жәрмеңкесіндегі  бүкілқазақтық  мойынсұнбау  (петиция)  қозғалысы  дербес 

қазақ  мемлекетін  құрумен  тиянақталды»  (13бет).  Мұның  өзі  –Алаш 

идеясының бес түрлі тұжырымынан да кеңінен көрініс тапты:  

«Бірінші  ұстаным:  жер,  жер  және  жер.  Жерсіз  –  Отан  жоқ.  Әлихан 

Бөкейхановтың  ұйғарымы  бойынша:  «Қазақтың  байырғы  жерін  қашан 

қазақтар  өз  бетінше  ғылым  мен  техникаға  сүйеніп  толық  игермейінше,  жер 

жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді. 

Екінші  ұстаным:  жердің  астындағы,  үстіндегі,  аспанындағы  барлық 

игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. 

Үшінші  ұстаным:  толықтай  экономикалық  тәуелсіздікке  қол  жеткізуге 

ұмтылуы тиіс еді. 

Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттық тіл, дін, 

діл үстемдігі болуы керек. 

Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға 

сүйене  отырып, Жапонияның  үлгісіндегі ұлттық  – демократиялық  мемлекет 

құру еді» (18-19бет). 

Бұл – ұлттық мемлекет құрудың,оған қатысты басты алғышарттар еді. 

Бұл – тәуелсіз ұлттың дербес даму,өмір сүру факторын айқындаған еді. 

Сайып  келгенде,  Алаш  идеясы,  оны  мұрат  тұтқан  қайраткер- 

қаламгерлердің  көзқарас,  бағыттары-  «Жегілер  жүйесі»,  «Жегі»  атты  кітап 

бөлімдерінде  кең  орын  алады.  Алғашқы  бөлімнің  өзі  –  «Ел  жегісі»,  «Ер 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

жегісі»,  «Жер  жегісі»,  «Жан  жегісі»,  «Жүйке  жегісі»  атты  маңызды 



бөліктерден  тұрады.  Ел  тарихы  мен  тағдырына  қатысты  көзқарастар, 

тағдырлар  талқысы,  құжат-материалдар  топтамасы  да  жария  үлгіде  қалың 

көпшілік  назарына  ұсынылады.  Тиісті  тұста,  әсіресе  автор  Ресей 

мұсылмандарының алғашқы құрылтайына (1914 жыл, 15-25 маусым), ондағы 

отар  ұлттардың  азаттық  жолындағы  іс  әрекеттеріне  мән  береді  (15  бет). 

«Алаш» партиясы мен «Алашорда» Халықтық кеңесінің құрылу тарихы мен 

тағдырлы тұстарына назар аударылады (20-бет). Ұлт мұраты алдыға шығады. 

Дербес  мемлекет  құру  идеясы  ақиқатқа  айналады.  Еңбек,әрекет,қимыл  осы 

бағытқа бұрылады. 

Азат  һәм  ұлттық  мемлекет  құру  жолындағы  жанкешті  әрекет  пен  ерен 

еңбектер  атқарған  –  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынов,  М.Шоқай,  Х.Ғаббасов, 

М.Дулатов,  М.Тынышбаев,  т.б.  есімі  мен  игілікті  істері  көпке  үлгі  етіледі. 

«Алашорда»  үкіметі  мен  қазақ  автономиясы  мәселесі,  осы  жолдардағы  әр 

алуан  бағыт,  әрекеттердің  сыр-сипаттары  да  тарих  пен  таным  тұрғысынан 

таразыланады. 

Авторлық 

ұстанымға 

мән 


берсек, 

кезең-уақыт 

шындықтарынан,  тәуелсіздікті  тұғыр  еткен  тұлғалар  табиғаты  мен 

болмысынан  –  азаттыққа  құштарлық,  ел-жерге  сүйіспеншілік,  Отан 

алдындағы  парыз-қарызға  адалдық  мұраттары  жан-жақты  сезіледі.  Алаш 

жұртының  азаттық  жолды  аңсап,  бостандыққа  ұмтылыстары  ғасырдан-

ғасырға  созылғанын  назарда  ұстасақ,  ХХ  ғ.б.  ұлтын  сүйген  қайраткер-

қаламгерлердің  тәуелсіздікті  ту  етуі,  нақты  әрекеттерге  баруы  –  қазіргі 

кезеңнің  шындығы  ғана  емес,  тарих  тағылымы  да,  әрі  бүгінгі  буынның 

құрмет көрсетіп, тағзым етер басты нысаны, басым бағыттарының бірі. 

Ал,  қазіргі  кезеңнің  шындықтары  тұрғысынан  қарасақ:  «Тәуелсіздік-

тәңірдің  біздің  ұрпаққа  берген  үлкен  бақыты,  халқымыздың  мәңгілік 

құндылығы:  Біз  бүгінге  дейінгі  барлық  жетістіктерімізге  Тәуелсіздіктің 

арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл 

мәдениетіміз  бен  мемлекеттік  тілді  жаңғырту  ісінде  қыруар  жұмыстар 

жасадық»  («ЕҚ»,  2011,  1ақпан).  Бұл  бағытта  іргелі  істер, ізгілікті  қадамдар, 

алар асулар әлі алда. Осының бәрі-баршасы – арғы арналардан: ата –бабалар 

аманатынан,  әрекет-қимылдарынан  бастау  алғаны  аңғарылар  еді.  Оның 

жарқын  көрінісі  –  ХХ  ғ.б.  Алашшыл  азаматтардың  елдік  мұрат-мүддеге 

адалдығынан,  тәуелсіз  мемлекет  құру  жолындағы  жанкешті  әрекеттерінен 

көрінер еді. Өкініштісі: өктем өкімет, тегеруінді билік-ұлт мақтаныштарының 

асыл  армандарын,  батыл  қадамдарын  теріске  шығарды.  Басып-жаншу, 

күштеп  көндіру  сынды  аярлық,  қатыгездік  айла-амалдарымен  тосқауыл 

қойды.  Түрме  есігін  айқара  ашты.  Тергеу  ісімен  тұзақ  құрды.  Ату,  асу, 

жазалау, жер аудару т.с.с. кедергісіз жүзеге асты. Өмір, уақыт осыған қызмет 

етті. Тарих доңғалағы кері айналды. Қысқасы, адам өмірі тәрк етілді. Ақиқат 

аяқасты болды. 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Кітаптың  басты  бағыттары  мен  маңызды  тұстарын  еске  алған  кезде- 



Алаш  идеясы  мен  оның  баяндылығына  қызмет  еткен  қайраткер-

қаламгерлердін  берік  ұстанымын,  батыл  қадамдарын  айрықша  айтар  едік. 

Айталық,  «Ер  жегісі»  тарауында  –  Алашорда  үкіметі  мен  кеңес  өкіметінің 

арасындағы  әр  қилы  көзқарас,  түрлі  қақтығыстар  сыры  ашылады.  Кеңес 

өкіметі  –  «Алашорданың»  автономиялық  құрылымын  мойындап, 

А.Байтұрсынов  пен  Ә.Жангелдинге  қазақ  өлкесін  тең  дәрежеде  билейтін 

революциялық  комитеттің  өкілі  етіп  тағайындайды  (36-бет).  Бұдан  басқа, 

1919-1921  жылдары  Ресейдегі  ұлттық  федерация  мен  жер  мәселесі  (40  бет), 

отарлау  саясатының  түпкі  сыр-сипаттары,  кеңес  өкіметі  мен  ұлт 

қайраткерлерінің  арасындағы  көзқарас  алшақтықтары  (51-бет)  сын  тезіне 

түседі. Т.Рысқұлов пен З.Валидовтың өз халықтарына қилы кезең тұстарында 

қол  созып,  еркін  елге  айналдыру  жолындағы  ерен  еңбектері  нанымды 

баяндалады  (60-62  беттер).  Демек,  ұлтқа  қызмет  ету  –  басты  борыш  қана 

емес, оны өмірін сарп етіп, берік көзқарас, табанды әрекетпен қолдап-қорғау 

міндеттің  негізгілерінің  қатарына  жатады.  Бұл  бағытта  –  Алаш  идеясына 

қызмет  еткен,  сол  жолда  кедергі-кемшіліктерге  кезіккен,  сөйте  тұра  елдік 

мұрат-мүддені  бар  асылдан  да  биік  қойып,  даңқ  тұғырына  көтерген 

қайраткер-қаламгерлер  шоғыры  тым  көп  еді.  Өнегелі  өмірдің  маңызды  һәм 

ғибратты тұстары, ұлт тәуелсіздігі жолына арнаған есіл ерлердің даңқы мен 

тұғырлы  орындары  ел  есінде  мәңгілік  сақталады.  Қазақ  тарихының  қилы 

кезеңдерінде де, белесті тұстарында да ұлты үшін басын қауіп-қатерге тіккен, 

есімі  мен  еңбегі  елеулі  тұғырлы  тұлғалардың  қатарында  –  ХХ  ғ.  алғашқы 

жартысында  өмір  сүрген  әр  түрлі  мамандық  иелері-елдік  мүддеге  қызмет 

етті. Аталмыш кітапта ел есіндегі аяулы адамдар мен олардың даңқты өмірі 

елеулі еңбектерімен өзара байланыста беріледі.  

Маңызды  тұстары  ретінде  еске  аларымыз  –  Алашшыл  азамат- 

қайраткерлер  елдік  мұратты  бар  асылдан  да  биік  қойды.  Ұлттық  мемлекет 

құру  жолына  арман-аңсарларын  да,  мұратты,  кәделі  істерін  де  арнады. 

«Ұраным  –  Алаш!..»  деп  бастарын  қатерге  тікті.  Өмірін,  өнегесін  сарп  етті. 

Қилы  кезеңде,  істі  болған  сәттерде,  түрменің  түпсіз  терең,  қапасты 

бөліктерінде  болған  тұстарда  –  ұлттық  мұратты,  елдік  аманатты,  азаматтық 

қарыз-парызды ұмытпады. 

Алаш мұраты да осы еді. 

Кітаптың  «Жер  жегісі»,  «Жан  жегісі»,  «Жүйке  жегісі»  тарауларында 

«Алашорданың»  қайраткер-қаламгерлерінің  кеңес  өкіметіне  әр  бағыттағы 

қарсылығы  мен  көзқарастары  ұлттық  сана,  тарихи  таным  тұрғысынан 

таразыланады.  Бұл  ретте  А.Байтұрсынов  пен  З.Валидов  төңірегіндегілердің 

ұлттық  мемлекет  құру,  оның  мақсаты  мен  құрылымы  хақындағы  нақты  іс-

әрекеттері,  ортақ  мұраттар  мен  қилы  көзқарастарға  кең  орын  беріледі. 

Сондай–ақ,  Түркістан  мемлекетін  құру  идеясы,  Семей  губревкомы 

төңірегіндегі М.Әуезов пен С.Сәдуақасовтың әрекеттері, 1921 жылғы алапат 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

аштық,  «Ақ  жол»,  «Қазақ»  газеттеріндегі  ол  туралы  хабар  –  ошарлар,  осы 



тұстағы Ж.Аймауытұлы мен И.Байменов т.б. үстінен қозғалған сот мәселесі, 

Орынбордағы,  Ташкенттегі  контрреволюциялық  астыртын  ұйымға  қатысты 

тергеу  қорытындылары  т.т.  кеңес  өкіметінің  билік  тізгінін  оңды-солды 

қозғап,  империялық  саясатын  шектен  тыс  қолданғанын  кеңінен  көрсетеді. 

Алашшыл  қайраткерлердің  ел  алдындағы  азаматтық  борыш-қарыздары,  ұлт 

тәуелсіздігі  жолындағы  жанкешті  әрекеттері  –  билік  тарапынан 

«контрреволюциялық-ұлтшыл  астыртын  ұйым»  ретінде  бағаланады. 

«Аштарға  көмек  комиссиясының»  жұмысы  да  кеңес  өкіметін  құлатуға 

қатысты түсіндірілді. Сайып келгенде, Алашшыл қайраткер – қаламгерлердің 

ұлттық  мұрат  жолында,  ел  тәуелсіздігіне  қатысты,  кемел  келешек 

турасындағы әрекет-қимылдары ХХ ғ. алғашқы ширегінде империялық билік 

тарапынан басып-жаншылып, қуғын-сүргінге ұшыраумен жалғасса, ал оның 

ақиқатқа айналуы – ХХ ғ. 80-жылдарының еншісіне тиді. Ұлт тәуелсіздігіне 

сол ғасырдың соңғы он жылында қол жеткізу мүмкін болды. 

Қысқа  қайырып  айтқанда,  кітаптың  алғашқы  бөлімінде  –  «Алаш  ісі» 

төңірегіндегі  құжаттар  мен  жауаптардан,  көзқарастар  мен  қолтаңбалардан 

ұлттық мұрат жолындағы: Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, 

С.Сәдуақасов, 

С.Қожанов, 

Т.Рысқұлов, 

Н.Нұрмақов, 

Ж.Мыңбаев, 

О.Жандосов,  М.Тынышбаев  т.б.  азаттық  пен  тәуелсіздік,  ел-жер  жөніндегі 

берік ұстанымдары, батылдығы мен табандылығы терең танылады. Тергеу ісі 

барысындағы  сұрақ-жауап  үлгілері,  қорытындылар  мен  көзқарастар,  билік 

басындағылардың  астыртын,  жымысқы,  зымиян  һәм  көпе-көрнеу  «әрекет-

қимылдары»  ұлт  зиялылары  мен  жанашырларының  жолсыз  жаза 

тартуларына,  суық  камераның  кеміргіштері  мен  сұғанақ  сұр  түсті 

тергеушілерге  тап  болуына,  сот  залынан  жауап  беруге,  «елі  үшін»  мерт 

болуға  алып  келеді.  Ұлт  мақтаныштары  мен  жазықсыз  жандар  –  «ұлы 

құрбандықтың»  құрығына,  шеңберлі  қамытына  мықтап  маталған  еді.  Оның 

соңы  белгілі:  жат  жерге  айдалу,  қуғын-сүргінге  ұшырау,  зорлық-

зобалаңдарға тап болу, ату, асу еді. 

Бұдан  өмір  жолының  бұралаң  екенін,  тарихта  ақтаңдақ  беттердің  мол 

екенін  айқын  аңғаруға  болады.  Тарих  доңғалағын  оң  бағытқа  бұру,  кеше-

бүгін байланысына ден қою, ақиқат жолына адалдық таныту – Алаш мұраты. 

Басты бағыттарының өзекті қайнары болып табылады. 

Алашшыл  асыл  ерлердің  ел-жер  азаттығы  мен  бүтіндігі,  ұлттық 

мемлекетті  қалыптастыру  мен  қорғау  жолындағы  жанкешті  һәм 

жауапкершілік жүгі мол батыл қадам, тегеурінді әрекеттері –түрме әфсанасы, 

тергеу  нәтижелері  мен  қорытындылары  арқылы  сабақтастықта  беріліп, 

нанымды жеткізіледі. 

Кітаптың  екінші  бөлімінің  алғашқы  тарауы  –  «кәрі  көсем»  –  Әлихан 

Бөкейхановтың ел-жер төңірегіндегі ұстанымдарын, қазақ даласына қатысты 

таным-білігін, ұлт дамуы мен өзекті мәселелері турасындағы көзқарастарын 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

саралауға  арналады.  Ұлт  тәуелсіздігі  жолындағы  жанкешті  әрекеттері, 



«күндіз  отырмай,  түнде  ұйықтамай»  ел  мүддесімен  айналысуы,  өмірге 

құштарлығы кеңінен көрінеді. 

«Алаш  ісіндегі»  жер  мен  қоныстану  мәселесі  –  Ә.Бөкейхан  төңірегінде 

өріс  алса,  оның  өзі  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  Ә.Ермеков,  Е.Омаров  т.б. 

берік байланыс, ортақ мүдде арқылы дамып отырады. Елдік мүддеге қызмет 

ету-ортақ мақсаттарға бағыттайды. Осы жолға өмірін, еңбектерін арнайды. 

Ал,  «Бәйбіше  –  тоқал»  трагедиясының  құрбаны  –  Халел  Ғаббасовтың 

өмірі-тағдыры:  «Алаш»  партиясының  ұлттық  бағдарламасын  дайындау 

ісінен,  байлардың  малын  тәркілеу  науқанына,  ауылды  жерлерді 

кеңестендіруге  кедергі  жасағаны  жайлы,  аудандық  –  ауылдық  одақтардың 

өкілдерінің құрылтай сайлауын басқарғаны т.т. қиын да қисынсыз айыптау-

жалалардың  ақиқаты  айтылады.  Адам  әлемі,  өмір  шындығы,  тағдыр  мен 

талқы таразыға түседі. Уақыт бедері, мәні ашылады. 

«Дала  қашқыны»  –  Д.Әділевтің  «алашордашыларға»  қатысты  тергеу 

ісімен байланыстырылады. Д.Әділевтің тергеу ісі – түрме табиғатын да, адам 

әлемінің  иірімдерін  де  көрсетеді.  Түрмедегі  сұрақ-жауап  көрсетінділерінен- 

Д.Әділевтің  әр  кезеңдегі  қызметтері,  З.Валидов  естеліктері,  Ж.Аймауытұлы 

хаттары,  Қ.Тыныстановтың  ресми  хаты  т.т.  кең  орын  беріледі.  Бұдан 

байқалатыны  –  Алашшыл  тұлғалар  ұлтқа  қалтқысыз  қызмет  еткен.  Жарқын 

болашақ  жолына,  азат  ұрпаққа  –  тәуелсіздік  тағылымын,  бостандықтың 

бағасын батыл айқындаған. Соған өмірін, еңбегін арнаған. 

Екінші  бөлімдегі  –  «Сөзі  де-ақ,  өзі  де-ақ»,  «Байтұрсынов-  баяғы 

Байтұрсынов» атты тарауларда «Алашорда» көсемдерінің өмірі мен қызметі, 

іс-әрекеттері мен мінез қырлары, басты ұстанымдары көрсетіледі. Анкеталық 

–өмірбаяндық  мәліметтері,  білім-ғылым  ісіндегі  еңбектері,  БАҚ  жүйесі  мен 

тергеу  материалдары  жеке  арна  құрайды.  Бұдан  басқа-саяси  һәм 

контрреволюциялық  қылмыстар,  террорлық  әрекеттер,  астыртын  ұйымдар 

мен  тергеушілердің  амал-тәсілдері  дәлел  –  деректерімен  нақты  көрініс 

табады.  Ең  бастысы,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов  т.б.  қоғамдық  қызметтері, 

мәдени-рухани  бағыттардағы  ұстанымдары,  елдік  мәселелер  төңірегіндегі 

оңды көзқарастары – «Алаш ісімен» байланыстырылады. Тергеу ісі мен үкім 

тізімі  де  беріледі.  Онда  ату  жазасына  кесілгендер,  он  жыл  концлагерьде 

отыру  жазасы,  жер  аудару  үкімдері  де  орын  алады.  Жолсыз  жаза  мен 

заңсыздықтардың  қыр-сырлары  ашылады.  Нәтижесінде,  ХХ  ғ.б.орын  алған 

алапат  аштық,  қуғын-сүргін  сырлары  тарих  тағылымы,өмір-уақыт 

шындықтары  арқылы  байыпты  баяндалады.  Тарих,  тағдыр  тағылым  мәні 

айқындалады. 

Автор  «Алаш  ісімен»  танысып,  әрбір  құжат,  материалдарға  қатысты 

ойлар мен шегіністерге барып, түрме әфсанасының әр қилы көріністеріне көз 

жеткізіп,  сұрақ-жауап,  хат  жазбаларға  назар  аударып,  нәтижесінде  өмір 

сырына,  уақыт  желіне,  адамдар  тағдыр-талайына,  биліктің  құбылмалы, 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

табансыз  әрекеттеріне  ден  қояды.  Уақыт  бедері  басты  өлшем  етіліп, 



тағдырлар  талқысы,  шындық  сырлары  алға  тартылады.  30-  жылдар  ойраны, 

қуғын-сүргін  сырлары-адам  өмірі,  тарих  талқысы,  тағдырлар  тауқыметі 

арқылы  дәлелді,  жүйелі  жеткізіледі.  Тарих  тағылымы,  империялық  билік, 

өмірдің  бұралаң  жолдары,  қуғын-сүргін  зардаптары  нақтылы  дерек  көздері 

аясында байыпты баяндалады. 

Нәтижесінде,  «Алаш»  партиясы  мен  «Алашорда»  үкіметінің  үстінен- 

1927-1932 және 1937-1938 жылдардағы тергеу ісінің қорытындыларын арғы-

бергі  тарихтың  тағылымдарымен,  ұлттық  мұрат  жолындағы  танымал 

тұлғалардың 

тағдыр-талайымен, 

«уақыттың» 

ұрда-жық 

саясатымен 

сабақтастықта  саралап,  тиісті  тұстарда  өзіндік  ойлар  мен  толғаныстарын  да 

сыналап енгізіп, тың тұжырымдармен байыпты баяндайды. 

Ақиқатында,  Алаш  мұраты  мен  идеясын  қолдап-құрметтеумен  қатар, 

осы  бағыттағы  көзқарас-мұраттарын,  қазіргі  кезеңнің  шындықтарымен 

байланыс-бірлікте  сөз  етеді.  Арғы  арналардан  сыр  тартады.  Бүгінгі  күннің 

биігінен  ой  қозғайды.  Ортақ  мұраттар  төңірегінде  толғамдар  мен 

толғаныстарға беріледі. Соның бәрі  – баршасында елдік мұраттар, руханият 

ісі, тарих пен таным,  уақыт пен кеңістік, көркемдік ойлау жүйелері кеңінен 

қозғалады. Демек, Алаш мұраты − тәуелсіздік тұғырына табан тіресе, ұлт пен 

ұрпақтың  міндеті  –  азаттық  пен  бостандық  бағасын  біліп,  оны  қорғап-

құрметтеу һәм қызмет ету болып табылады. Ұлтқа қызмет ету – абыройлы іс, 

мерейлі міндет.  

Біздіңше,  «Ұраным  –  Алаш!..»  алашшыл  қайраткер  –  қаламгерлердің 

өмірі мен кезеңін, қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасын аялау мен 

бағалау,  зерттеу  мен  зерделеу  ғана  емес.  Сонымен  бірге,  кітап  авторының 

адами  һәм  азаматтық  бағытын  айқындаған,  өмірі  мен  уақытын  арнаған, 

зерттеу  мен  зерделеу  ісіндегі  құнарлы,  арналы  салалардың  бірі.  Бұған,  сөз 

жоқ  «Бейуақ»,  «Дулыға»  (2  кітап),  «Кетбұқа»,  «Құнанбай»,  «Талқы»,  «Сүре 

сөз»  т.с.с.  қосар  болсақ,  Абай,  Әуезов  туралы  зерттеулер  жүйесімен 

жалғастырсақ, ақын жоғарыда тілге тиек еткен – Алаштың мұрат-мирасымен 

байытсақ, бұның өзі – ғалым-қаламгер Т.Жұртбайдың ұлт руханиятын тарих-

тағылым  тұрғысынан  толықтырғанын,  жаңа  биік,  бел-белестерге  көтергенін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет