Редакциясы: 1


Гистология пәні бойынша аралық бақылауға дайындалуға арналған сұрақтар



бет21/48
Дата16.11.2022
өлшемі7,32 Mb.
#50613
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Гистология пәні бойынша аралық бақылауға дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Қаңқалық дәнекер тіндері.
2. Бұлшықет тіндерінің шығу тегі;
3. Мүше ретінде қаңқалық бұлшықет тінінің құрылысы;
4. Қаңқалық бұлшықет тінінің регенерациясы;
5. Дәнекер тінінің шығу тегі.
6. Дәнекер тінінің жіктелуі.
7.Тығыз талшықты қалыптасқан дәнекер тіні.
8.Сіңірдің құрылыс ерекшелігі.
9.Коллаген талшықтары. Түрлері. Коллаген талшықтарының түзілуі.
10. Шеміршек- мүше ретінде. Гиалинді және талшықты шеміршек.
11. Сүйек тіні. Өсуі. Регенерациялану мүмкіншіліктері.
12. Қаңқалық тіндердің гистогенезі.
13. Сүйек-мүше ретінде. Жасқа байланысты өзгерістері мен сүйектің қайта құрылуы.
14. Сүйектердің байланысы.
15. Буынның құрылысы.


Үштілділікті енгізу: билеттегі сұрақтардың біреуіне студент әр пәннен 1 терминді үш тілде жазып, оқыту тілінде түсіндіруі тиіс.
Сабақты өткізу форматы: №1 Интеграциялық аралық бақылау билеттерге жазбаша жауап түрінде болады. Қашықтықтан оқыту кезінде Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams платформаларында жүргізіледі.
Сабақты бақылау: модуль бойынша аралық бақылауға жиынтық баға.





Гистология пәнінен оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізуге арналған тапсырмалар тізбесі:

Сабақ №1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықет тіні. Қаңқа бұлшықеті мүше ретінде. Регенерациясы. Тығыз талшықты қалыптасқан дәнекер тіні. Сіңір. Коллаген талшығы. Коллаген талшығының биосинтезі. Фибриллогенез.


Сабақтың сонында студент :
• Бұлшық ет тіндерінің морфофункционалды сипаттамасын микроскопиялық деңгейде білуі қажет;
• Көлденең жолақты қаңқалық бұлшық ет тінін микроскопиялық деңгейде талдай алуы қажет;

  • Жай және тез қозғалатын бұлшыкет талшықтарының ұйымдасуындағы құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіре алу;

• Көлденең жолақты қаңқалық бұлшық ет тіндерінің құрылымын мүше ретінде сипаттай білу;
• Көлденең жолақты қаңқалық бұлшықет тінінің эмбрионалды шығу тегі және дифференциялану кезеңдерін сипаттай білуі қажет;
• Тығыз талшықты қалыптасқан дәнекер тінінің құрылысы туралы анықтама бере алады.
• Микроскоп арқылы тығыз талшықты қалыптасқан дәнекер тінінің тіндік элементтерін микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде анықтай алады. Жасуша аралық затының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіре алады.
• Микроскоп арқылы дәнекер тінінің тіндік элементтерін микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде салыстыру арқылы ажырата алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет