194
«...Аман болып, күнәсіз болуды іздедім. Зүһдтен,
яғни күмәнділерге түсу қорқынышынан мүбахтар-
дың (халал істердің) көбін тастаудан таптым.
Жеңіл есепті іздедім. Үндемеуден таптым. Рахат
пен қуанышты іздедім. Жомартша инфәқ етуден
таптым».
Әр мүмин айналасына жауапты. Мұқтаждардың,
мазлұмдардың жан айқайына құлақ түре қоя алмайды.
Ол түнек бір түннің шуағы сияқты нұрлы, сезімтал,
жұмсақ, басқасын ойлайтын, мейірімді, жомарт және
инфәқ ұшқынына толы болуы керек.
Аллаһ Тағала рызықтану үшін мақлұқатты бір-
біріне себепші еткен. Сондықтан мұқтажға жәрдем –
Аллаһтың бізге берген сыйларынан оларға үлес бөле
білу – үлкен ізгілік пен иләһи сый. Мұқтаждардың жан
айқайына жұбаныш болмайынша мұсылманның жаны
да тыным таба алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: