ді. Кейін дәргаһтың (медресенің) әжетхана тазалығы
қызметі тапсырылды.
Үлкен Хақ досы Халид Бағдади Хазірет те ғылым
әлемінің күні мәртебесіндей болған кезінде дәһләуи
Хазіреттің алдына тізе бүгіп, берілген әжетхана таза-
лығы міндетін тиянақты түрде атқарған. Осылайша
кішпейілдік танытып, жоқтық пен ештік тәжін киген,
нәтижесінде ұстазының ілтипаттары мен рухани сыйлар-
ға қарық болған.
Сөзімізді қорыта келе айтарымыз – рухани кемел-
дік үшін ешбір мезет кішіпейілдік киімін үстімізден
шешпеуіміз керек. Кішіпейілдіксіз құл болу – кем және
науқас құлдық, менмендік пен тәкаппарлық – Аллаһтың
кәріне ұшыраған шайтан сияқты адамды күпірлікке дейін
апаратын ең қауіпті апаттардың бірі.
Хақ достары кішіпейілдік деген абзалықты өздері
үшін өмірлік ұстаным деп қабылдағандары үшін Аллаһ-
тың үлкен нығметтеріне кенеліп, руханият аспанының
жұлдыздарына айналған. Сөйтіп қол жеткізген рухани
билік пен қолданыс күштері арқылы өмір бойы адамдар-
дың тура жолға түсуіне күш-жігер жұмсағандары сияқ-
ты фәни өмірлерін тауысып, бұл жалғаннан көшкеннен
кейін де туралыққа үндеуді жалғастырып келе жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: