мен жеткенін айтқан.
66
Міне, адам осындай жүрек деңгейіне жеткеннен
кейін ғана рухани кемелдену жолына түскен болып
есептеледі. Хазіреті Мәуләнә бұл жүрек деңгейіне
жеткендерге былай деп үндеу салады:
«Жолға шықсаң, саған жол ашады. Жоқ болсан,
сені бар етеді.
Бар болудың айнасы не? Бар болудың айнасы –
жоқ болу.
Ей, Аллаһ ғашығы! Егер ақымақ болмасан, Аллаһ-
тың құзырына жоқтықты алып бар».
Тәкаппарлық сияқты бейқамдықпен, ауырлықпен
рухани қашықтықты өту мүмкін емес. Қожа Байрам
уәлі Хазірет айтқандай:
«Тәкаппарлық белге байланған тас сияқты. Оны-
мен жүзу де, ұшу да мүмкін емес».
Сондықтан Хақ достары нәпсілерін тазарта білу
үшін алдымен «бармын» деген менмендік киімін шешіп,
«жоқтық» пен «ештік» киімін бар ықыластарымен ки-
ген. Тек бұл мәртебеден кейін ғана рухани сұлтандыққа
қол жеткізген.
Әлем падишахтарына жол сілтеген Һұдайы Хазі-
Достарыңызбен бөлісу: