Аллаһты қатты ашуландыратын жаман мінез.
Хазіреті Әбу Бәкір
бұл туралы былай деген:
«Құл қолындағы дүние нығметтерінің біреуінің
арқасында тәкаппарланса, Аллаһ ол нығмет құлынан
кеткенше сол құлын жек көреді».
Рухани тәрбие алдымен нәпсіні тыйып, ағартудан
басталады. Нәпсінің бас тартуы өте қиын қасиет –
тәкаппарлық пен мемендік.
Алғаш сопылардан Әбу Хашим әс-Суфи:
«Жүректен орын алған тәкаппарлықты ойып
алып тастау тауды инемен қазғаннан да қиын» деген.
Бұл іске аспайынша, рухани кемелдену мен дін мақ-
сат тұтқан «кәміл адам» болу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: