107
Хазіреті Әлиді шақыруға кетті. Аллаһтың сүйіктісі
Пайғамбарымыз
r
Әли келгенше сахабаларына:
«Ей, сахабаларым! Сендер біреуге жақсылық жа-
сап, ал ол сендерге жамандық жасаса, не істер едің-
дер?» – дейді.
Сахабалар жақсылықпен жауап қайыратындарын
айтады.
Расул Әкрәм
r
:
«Ол адам тағы да жамандық жасаса не істер
едіңдер?» – дейді.
Сахабалар тағы да жақсылық жасайтындарын
айтады.
Пайғамбар
r
Мырзамыз:
«Бәрібір сендерге жамандық жасайтын болса не
істер едіңдер?» – деп сұрағанда, сахабалар бастарын
төмен түсіріп, жауап қайтара алмайды.
Кейін Хазіреті Әли
келді. Хазіреті Пайғам-
барымыз
r
:
«Ей, Әли! Біреуге жақсылық жасасаң, ол саған
жамандық жасаса, не істер едің?» – дейді.
Хазіреті Әли
жақсылықпен жауап қайыраты-
нын айтады.
ЖАМАНДЫҚТЫ ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ҚАЙТАРУ
Хазіреті Пайғамбарымыз
r
бұл сұрақты жеті рет
қайталап сұрады. Хазіреті Әли барлығына:
«Тағы жақсылық жасаймын» – деп жауап берді.
Кейін сөзін жалғастырып:
«Мен ол адамға жақсылық жасаған сайын ол ма-
ған жамандықпен жауап берсе де, мен оған жақсылық
жасай беремін» – дейді.
Расында Хазіреті Әли
былай деп өсиет қалдырған:
«Адамдардың ең нашары жақсылыққа жамандық
жасаған және адамдардың ең жақсысы жамандыққа
жақсылық жасағандар».
«Қанша жамандық көрсеңдер де, ойланбай жақ-
сылық жасаңдар».
Достарыңызбен бөлісу: