Редактор: Закия Махитжанқызы


«Бір  жамандықтың  жазасы  оған  тең  бір  жа-



Pdf көрінісі
бет64/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«Бір  жамандықтың  жазасы  оған  тең  бір  жа-

мандық.  кімде-кім  кешіріп,  бейбітшілікті  орнатса, 

оның сыйы Аллаһқа тиісті...» 

(Шура, 40)

.

Қате  мен  кемшіліктерді  кешіруден  де  артығы  бей-



бітшілік  пен  тыныштықты,  достық  пен  бауырлас-

тық  сезімді  орнату  үшін  жамандыққа  жақсылықпен 

қарым-қатынас  жасай  білу  –  Хазіреті  Пайғамбар 

r

  Мырзамыздың  ең  ерекше  қасиеті.  Оның  үмметі 



ретінде  біз  де  бұл  ерекшеліктерге  ие  болуымыз  қажет. 

Кемшіліктерді  кешіруді  және  достасуды  тек  мейрам-

дарға ғана шектеу кемел мүминдерге жараспайды. Бұны 

жаратылысының  негізгі  қасиетіне  айналдыру  имандағы 

кемелдіктің белгісі.

Пайғамбар 

r

  Мырзамыздың  бұл  тұрғыдағы  жо-



ғары  сезімін  көрсететін  мына  хадис  шәрифтер  барша 

мұсылмандарға  теңдесі  жоқ  мінез-құлық  өлшемдерін 

ұсынады:

«Еш  біреуің:  «Мен  адамдармен  бірдеймін,  егер 

адамдар  жақсылық  жасайтын  болса,  мен  де  жақсы-

лық жасаймын. Жаман қатынас жасайтын болса, мен 

де жаман қатынас жасаймын» – деген мінезі нашар 

адамдардан болмасын! Керісінше, адамдар жақсылық 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

اَفَع  ْنَمَف اَهُلْثِّم ٌةَئِّي َس ٍةَئِّي َس ءاَز َجَو

ِ َّللا ىَلَع ُهُر ْجَأَف  َحَل ْصَأَو




жасаса,  жақсылық  жасаңдар,  ал  жаман  қарым-

қатынасқа  әділетсіздік  жасамау  үшін  нәпсілеріңді 

тәрбиелеңдер!» 

(Термези, Бирр, 63)

.

«Сенімен қарым-қатынасын үзгенмен сен қарым-

қатынасыңды  үзбе!  Саған  бермегенге  сен  бер!  Саған 

жамандық жасағанды кешір!» 

(Ахмед, Мүснәд, IV, 148, 158)

.

«Қайда  болсаң  да  Аллаһтан  қорық!  Жамандық-

қа  қарсы  жақсылық  жаса  да,  жамандықтың  түбіне 

балта шап. Адамдарға да көркем мінез-құлық арқылы 

мәміле жаса» 

(И. Жанан, Күтүбүс-Ситтә, V, 304)

.

«Жәннат  бақшаларына  қарап  тұрған  сарайлар 

көрдім және Жәбірейілден 

u



“Бұлар кімдер үшін?” – деп сұрадым. Ол:

“Әртүрлі кек, жақтырмау мен өкпесін басып ішіне 

көмгендерге  және  адамдардың  кемшіліктеріне  шыдап 

кешіргендер үшін» – деді» 

(Әли әл-Мүттәқи, №7016; Ауариф, 

253 б)

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет