Реферат «Мүгедектік» Орындаған: Шамгулова Д. Ж. Тексерген: Жанар Тлеккабыловна Орал 2023 Кіріспе



бет2/6
Дата30.03.2023
өлшемі354,71 Kb.
#77507
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Мүгедектік – өзгеріп тұратын категория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдем кемтар болып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобын әлеуметтік қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді. Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз ету және еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру. Қазақстан Республикасының «мүгедекетерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында Мүгедек - ол ағза функцияларының бұзылуы салдарынан олардың өмір сүру мүмкіндіктерін шектеуге әкеп тірейтін түрлі жарақаттар, аурулар, кемістердің салдарынан денсаулығы нашар тұлға делінген.
«Мүгедек» – Қазақстан Республикасы «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» заңында айтылғандай – сырқат, жарақат, зақымдану салдарынан пайда болған, өмір сүру шектелуіне әкеліп соқтырған, оны әлеуметтік қорғау қажеттілігін туындататын, ағза қызметінің күшті бұзылуынан денсаулығы бұзылған адам .

Өмір сүру шектеулігі – бұл адамның өзінеөзі қызмет көрсету, өзіндік қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу және еңбек қызметімен айналысу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай неме- се толық жоғалтуы. Соқыр, саңырау, мылқау, қозғалу координациясы бұзылған, жартылай немесе толық сал болған адамдар адамның қалыпты физикалық жағдайынан күшті ауытқуымен айқындау нәтижесінде мүгедек болып танылады. Сонымен қатар мүгедек болып кәдімгі адамнан сыртқы келбетімен айырма- сы жоқ, бірақ сау адам істейтін әртүрлі салада еңбек етуге мүмкіндік бермейтін сырқаты бар адамдар да танылады. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адам ауыр физикалық жұмысты орындай алмайды, бірақ ми қызметі жақсы жұмыс істейді. Өркениетті қоғамның қалыптасуы жолында мүгедектік ұғымы айрықша өзгереді: экономикалық дамуы және тарихи – ұлттық дәстүрлеріне байланысты әрбір мемлекеттің заңдылықтары мен ұғымдарында әртүрлі болуы жалғасып келеді. Мүгедек – қосымша әлеуметтік назарды қажет ететін азамат. Егер мүгедекті барлық көзқарастан қарастырсақ, онда оның басым жағы – «мүгедектігі» бар адамға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі. Мүгедектер және мүгедектік мәселесінің практикалық жағын қарастыру негізінде, берілген анықтама азаматтық-құқықтық қатынастарда қабылданған түсінік болып табылатынын еске алу қажет. «Мүгедек» термині заңдылықты актілерде бекітілген оның заңдық анықтамасы берілген және оның басқамен ауыстыру құқықтық көзқарасынан алғанда сыпайылыққа жатпайды.


Барлық мүгедектер әртүрлі негіздер бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Жасы бойынша – мүгедек бала, ересек мүгедектер. Мүгедектіктің пайда болуы бойынша: – бала кезінен мүгедек, соғыс мүгедегі, еңбек мүгедегі, жалпы сырқаттар мүгедегі. Еңбекке қабілеттілігі деңгейі бойынша – еңбекке жарамды және жарамды емес мүгедектер, i топ мүгедектері (еңбекке жарамсыз), ii топ мүгедектері (уақытша еңбекке жарамсыз немесе шектелген сфераларда еңбекке жарамды), iii топ мүгедектері (сақтандырылған еңбек жағдайларында еңбекке жарамсыз). Сырқат сипаты бойынша – қозғала алатын, аз қозғалатын және қозғала алмайтын топтағы мүгедектер.



Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды қорғау бірқатар заңнамалық актілермен қамтамасыз етіледі. 2015 жылы БҰҰ Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары туралы конвенциясы ратификацияланды, ал 2017 жылы БҰҰ Комитетіне мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарының сақталуы туралы алғашқы баяндама тапсырылды. Десе де, күнделікті өмірде мүгедектігі бар балалар әлі күнге дейін білім алуда, қоғам өміріне араласуда қиындықтарға тап болып жүр.


Қазақстанда балалардың тек 3% ғана мүгедектігі және арнайы қажеттіліктері бар ретінде тіркелген. Бұл сан әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, ондағы көрсеткіштер 10-15% балаларды құрайды. Мұндай өзара айырмашылық бірінші кезекте мүгедектігі бар балаларды анықтау әдістемесінің басқа елдердегі әдістемелерден және жіктемелерден өзгешелегінде болып отыр – Қазақстандағы әдістеме әлі күнге дейін мүгедектіктің тек медициналық жағын ғана есепке алады.
Оған қоса, жасырын, тіркелмеген мүгедектігі және арнайы қажеттіліктері балалардың айтарлықтай саны мүгедектікке байланысты кемсітушілік және қызметтерге, қоғамдық өмірге және спортқа қол жеткізудегі ілесе жүретін кедергілер сияқты әлеуметтік тосқауылдардың кесірінен әлі күнге дейін есепке алынбай отыр. Соның нәтижесінде мүгедектікпен туылған балалардың ата-аналары мүгедектік туралы хабарлауға құлықсыз, себебі, мұндай отбасы әлеуметтік стигмаға және оқшаулауға ұшырауы мүмкін.
Қазір мүгедектігі бар балалар қоғамның әлеуетті белсенді және лайықты мүшелері ретінде емес, халықтың ұрымтал топтары ретінде қаралады. Мүгедектікке қатысты кемсіту және жағымсыз қарым-қатынас өмірдің барлық салаларында сақталып отыр: мүгедектікті сипаттау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері - инклюзияға кедергі болып тұрған таптаурын пікірлердің айғағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет