Реферат Тақырыбы: Арнайы педагогика ғылымы туралы түсінік



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі30,76 Kb.
#132968
түріРеферат
1   2   3
Арнаулы білім беру жүйесі – мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арнайы білім алуы үшін жағдай жасаудағы мектепке дейінгі, жалпы және кәсіптік білім беру.
Мүмкіндігі шектеулі тұлға – жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруде белгілі бір шектеушілік туындататын дене немесе психикалық ақауы бар тұлға.
Кемшілік – психологиялық – медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымның және ересектерге қатысты медициналық-сараптау кеңес беру қорытындысы бекіткен дене немесе психикалық кемшілік.
Дене кемістік – адам психикасы дамуының және немесе жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзету арқылы қолдануды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы.
Психикалық кемістік – адам психикасының дамуында анықталған уақытша немесе тұрақты түрдегі сөйлеудің эмоциялық-ерік аясының кемшілігі, оқытуда қиындықтар туғызатын психикалық дамудың кешеуілдеуі.
Ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі;
Ерте қолға алу – психикалық және дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық дигностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдану.
Әлеуметтік бейімдеу – әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдану процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдануы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Күрделі кемістік - күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз әрбірін бөлек алғанда аномальдық дамудың құрылымы мен сипатын анықтайтын бірқатар бастапқы ауытқулардың бірігуі.
Арнаулы (түзету) білім беру мекемелері – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім беру мекемелері.
Арнаулы білім беру жағдайлары – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жалпы білім беру мен кәсіптік білім берудегі арнаулы оқыту мен тәрбие жағдайлары.
Компенсация – (лат. сompensatio – өтеу, теңдестіру, толықтыру, орнын басу) – организмнің бұзылған немесе толық дамымаған қызметтерін алмастыру, толықтыру, орнын толықтыру немесе қайта құру. Бұл жүре иеленген немесе туа біткен кемістіктердің нәтижесінде пайда болған организмнің күрделі, әр алуан үрдісі.
Коррекция – (лат. сorrection – түзеу) – балалардың психикалық және дене дамуының кемшіліктерін түзетуге немесе оның салдарын жеңілдетуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі.
Коррекциялық процесс – дамудағы анықталған кемшіліктерді түзетуге бағытталған арнайы педагогикалық көмек түрлері немесе әлеуметтік ортадағы түзете – дамыта оқыту процесі.
Емдік педагогика – арнайы педагогикадағы көзқарастар жүйесін медициналық тұрғыда қарастыру.
Реабилитация – бұзылған функцияларды медициналық, әлеуметтік білім беру тұрғысынан қайта қалыпқа келтіру процесі.
Абилитация – ерте жастағы балалардың дамуындағы функцияларды қалыпқа келтіру.
Скрининг – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды анықтау мақсатымен жүргізілетін жаппай стандартты түрдегі тексеру.
Мониторинг – білім саласындағы белгіленген процестің алға қойылған мақсат-міндеттерге сәйкестігін бақылау әдісі.
Педагогикалық зерттеу мен көмектің субьектісі – ерекше білімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі тұлға.
3.Арнайы педагогиканың пәндік салаларын төмендегідей топтастыруға болады:

  1. Сурдопедагогика – есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі ғылыми білімдердің жүйесін анықтайтын арнайы педагогиканың бір саласы.

  2. Тифлопедагогика – көру қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі ғылыми білімдердің жүйесін анықтайтын арнайы педагогиканың бір саласы.

  3. Логопедия – сөйлеу тілінің кемшіліктері туралы ғылым, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың әдістері мен алдын алу шаралары арқылы арнайы оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.

  4. Олигофренопедагогика – ақыл-ой дамуы кешеуілденген балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.

Осы төрт негізгі бағыттан басқа қазіргі уақытта арнайы педагогика келесі бөлімдері бар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет