Реферат тақырыбы: Атмосфералық қауіп (тайфун, смерч, шторм) Орындаған: Лұқпанова А. Р қабылдаған: Тойлыбаева А. С


Атмосфералық ауаның химиялық қүрамы



бет2/6
Дата06.12.2022
өлшемі32,39 Kb.
#55371
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Атмосфералық ауаның химиялық қүрамы
Ауаның химиялық қүрамы: азоттан (78,09%), оттегінен (20,94%), аргоннан (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) түрады. Осы негізгі 4 қүрамдас атмосфераның табиғи газдық қүрамының 99,99% - ын күрайды. Қалған 0,01% бөлігі неон, гелий, метан, криптон, ксенон, озон жэне т.б. инертті газдардан тұрады. Адам тыныштық жағдайында минутына 5-10 л, қозғалыс кезінде 30 л, жүмыс істеу кезінде 100 л-ге дейін ауа жүтады. Ауаның физикалық және химиялық қүрамының өзгеруі адамның денсаулығына теріс эсерін тигізуі мүмкін. Ауаның құрамының түрақтьлығы және оның таза болуы онда жүретін табиғи өзін-өзі тазалау процесіне байланысты өзгеріп түрады. Өзін-өзі тазалау процестеріне мыналар әсер етеді: жел ластанған ауаны елдімекеннен алыс жаққа алып кетеді, жаңбыр ауаның қүрамындағы зиянды заттарды жуып кетеді, оттегі мен озонның химиялық эсері, микроорганизмдер, ауа қүрамындағы органикалық жэне басқа да қоспаларды тотыктырады, өсімдіктер мен балдырлар көмірқышқыл газын өздерінің бойына сіңіріп алып, ауаны оттегімен толықгырады. Бірақ қазіргі кезде ауада жүретін табиғи өзін-өзі тазалу процесінің күші, ауаны таза үстау үшін жеткіліксіз, сондықтан атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар орындалуы қажет.
I. Негізгі бөлім
1.1 Тайфун
Тайфун – Тынық мұхиттың Оңтүстік-шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның аты. Тайфун көбінесе жаз бен күзде Филиппин және Маршалл аралдарының аралығында түзіліп, сағатына 10 – 20 км (тәулігіне 350 – 500 км) жылдамдықпен солтүстікке, солтүстік-батысқа жылжиды. Құрлыққа жеткеннен кейін солтүстіктен, солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, сағатына 30 – 50 км (кейде 100 км-ге дейін) жылдамдықпен Жапон аралдарына барады. Тайфун жолында тропиктен тыс циклонға айналады. Одан әрі Амур-Сахалин аймағы мен Курилл аралдарына, кейде Камчатка түбегіне дейін өтеді. Жыл сайын 20 – 25 (кейде 45-ке дейін) Тайфун пайда болады. Әрекет ететін уақытының ұзақтығы бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға дейін созылады. Орт-ндағы ауа қысымы 960 – 970 мбар, кейде 900 мбар-ға дейін төмендейді. Төмендеу қысымды орт-нда жел сағат тіліне қарсы бағытта ұйытқып, сұрапыл күшпен (жылдамдығы 50 м/с немесе 180 км/сағ., кейде. жылдамдығы сағатына 300 – 400 км-ге жетеді) соғады.
Тайфунның төмендеу қысымды орт. мұхит бетін сорып, сол тұста деңгейін көтереді. Циклондағы мұхит деңгейінің айырмасы жағалауға жеткенде жойқын күшке айналады. Биіктігі 15 – 17 м, кейде 20 м-ге жететін толқын жолында кездескеннің бәрін қиратып, үлкен апат әкеледі. Мәселен, Жапон аралдарында өткен бір Тайфун кезінде мұхит деңгейі 2 м көтеріліп, 10 мин. ішінде екі ірі қала – Осака мен Кобе қатты қирап, 3 мыңдай адам шығыны болып, 15 мыңнан астамы жарақаттанды. Тайфун өткенде нөсер жаңбыр жауады (кейде тәуліктік мөлш. 1000 мм-ге жетеді). Тайфунды алдын ала болжаудың маңызы зор. Халықаралық келісім бойынша арнаулы метеоролог.
Жер серіктері Тайфунды суретке түсіріп, оның түзілуін және ауысу бағытын хабарлап отырады. Бұл ашық мұхиттағы кемелердің бағытын өзгертуге, жағалаудағы халықты алдын ала сақтандыруға мүмкіндік береді. Дүние жүзі метеорологтарының келісімі бойынша жаңа түзілген әрбір Тайфун әйел атымен аталады.
Егер циклон одан да күшейе берсе, онда оны дауыл немесе тайфун деп атай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет