Реферат Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі»


Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының экологиялық негiздерi



бет3/3
Дата22.09.2023
өлшемі87,5 Kb.
#109693
түріРеферат
1   2   3
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының экологиялық негiздерi:
- адамдарға қамқорлық және олардың табиғатпен үйлесiмдi салауатты өмiр сүру құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi мақсаттарға мемлекеттiң қол жеткiзуi;
- қоршаған ортаны қорғау және биологиялық әртүрлiлiктi сақтау;
- Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделерiн қорғау;
- қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әділ қанағаттандыру;
- өндiрiс пен тұтынудың тұрақты үлгiлерiн дамыту;
- экологиялық нормативтердiң өздерi қолданатын қоршаған ортаның жай-күйiн есепке алғанда, әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi;
- әрбiр адамның қоршаған ортаға қатысты ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;
- қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың ашықтығын қамтамасыз ету;
- Жердiң экожүйесiнiң салауатты жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтiру мақсатындағы жаhандық әрiптестiк және дамыған елдердiң басым жауаптылығы;
- қоршаған ортаға залал келтiргенi үшін жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына көмектесу;
- қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тоқтату, алдын алу, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану;
- басқа мемлекеттердiң қоршаған ортасы үшiн күтiлмеген зиянды салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн кез келген дүлей зілзала немесе басқа да төтенше жағдайлар туралы осы мемлекеттердi дереу хабардар ету, сондай-ақ одан зардап шеккен мемлекеттерге мүмкiндiгiнше көмек көрсету болып табылады.
Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:
1. кешенді;
2. ресурстық;
3. әлеуметтік — экологиялық.
Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.
Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.
1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады.
2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.
3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
— меншік құқығын беру;
еншік құқығын басқаға беру;
— меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:
1. мемлекеттік органдардың актілері;
2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;
3. ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;
2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;
3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.
Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңында «табиғи ресурстарды пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы» деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.
Табиғи ресурстарды пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін қанағаттандыру.
Табиғатты арнайы пайдалану – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.
Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер;
5. орман қорының жері;
6. су қорының жері;
7. босалқы жер.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Экологиялық кодекс IХ-бөлімнен, 47 тараудан, 326 баптан тұрады.Экологиялық кодекстің жалпы ережелерінде негізгі ережелер, жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтарымен міндеттері, мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы құзыреті қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет