ҚАЗАЛЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ
05220100 – «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ» МАМАНДЫҒЫ, 4S05220102- ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ТЕХНИГІ БІЛІКТІЛІГІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМШАРТТАРЫН БЕКІТУ
ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ 05 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ
№486 БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕСЕБІ
ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ, 2022ж КІРІСПЕ
«Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі» білім беру мекемесінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті мемлекеттік мекемесінің №KZ50LAA00004539 (03.04.2015ж.) мемлекеттік лицензиясына сәйкес
1509000 – «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы, 1509023 – «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі» біліктілігі бойынша қазіргі таңда оқытудың тек сырттай формасында 3 студент және 2021 жылғы 05 сәуірде берілген қосымша бойынша 05220100 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы, 4S05220102- «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі» біліктілігі бойынша қазіргі таңда оқытудың тек сырттай формасында барлығы 14 студент білім алуда. Күндізгі оқу бөлімінде мамандық бойынша білім алушылар жоқ.
Мамандықтың әр жылдардағы бітіруші түлектері – қазіргі таңда Қазалы және Арал ауданындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінде қызмет атқаруда. 05220100 - «Экология және табиғатты қорғау» мамандығы бойынша колледждің материалдық-техникалық базасы білім алушылар үшін заманауи құралдармен жабдықталған. Колледждің материалдық-техникалық базасы санитарлық-гигиеналық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша нормалар мен талаптар сақталған. Сол сияқты білім алушылардың денсаулығын қадағалау, тексеру мақсатында медпункт жұмыс жасайды. Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсету жолға қойылған. Медициналық қызметпен айналысуға Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облысы әкімшілігінің 2015 жылғы 04 ақпандағы №15002051 мемлекеттік лицензиясы бар. Мамандыққа қарасты оқу кабинеті парта және орындықтармен, кітап сөрелерімен, оқу әдістемелік кешендерге арналған шкафтармен, мамандыққа сәйкес әзірленген заманауи стенділермен толықтырылып отырады.
Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі білім беру қызметін 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 жылдар аралығында төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде жүзеге асырады:
1. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2007 жылғы 27 шілде;
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
3. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға
және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385
бұйрығы;
Оқу жұмыс жоспарлары 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында Техникалық
және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу
бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы №384 бұйрығына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017
жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығына, Педагогтің кәсіби стандартына, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2022-2023 оқу жылының басына
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарында оқу процесін
ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдарға» (26.08.2022 №5-13-2/3756-И)
сәйкес жұмыс берушілермен келісіле отырып құрастырылды.
Мамандарды даярлау күндізгі және сырттай оқыту формасы бойынша жүзеге
асырылады. Барлық білім беру бағдарламалары колледж бейініне, нақты белгіленген
мақсаттарға, тұтынушылардың сұранысы мен миссияға сәйкес келеді.
Білім беру бағдарламасын іске асыруға арналған құжаттар: оқу жұмыс жоспарын, оқу
процесінің кестесін, сабақ кестесін, оқу жұмыс бағдарламаларын, пәннің оқу-әдістемелік
кешендерін қамтиды.
Кәсіби дағдыларды қалыптастыруда басты рөлді кәсіптік практика атқарады, ол
тұрақты кәсіби дағдыларды қалыптастыру және базалық (жоғары) біліктілік деңгейін алу
үшін оқу процесінің кестесі бойынша жүзеге асырылады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың (танысу, оқу, технологиялық, өндірістік,
диплом алдындағы) мазмұны ТжКБ мемлекеттік стандартында көрсетілген біліктілік көлемі
мен деңгейлеріне сәйкес келеді. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен
мазмұны үлгілік және оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады.
05220100 – «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы, 4S05220102- «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі» біліктілігі бойынша дәріс беретін оқытушылар – шығармашылық әлеуеті жоғары, ұстанымы биік ұстаздар. Педагог қызметкерлерге оқу жүктемесінің көлемі оқу жоспары бойынша сағаттар санына, топтар санына, білім алушылар контингентіне, кадрлар қамтамасыз етілуіне және басқа да жағдайларға қарай белгіленеді. Жүктемені бөлу кезінде базалық білімнің оқылатын модульдер мен пәндерге сәйкестігі ескеріледі. Жүктемені алдын ала бөлу алдымен «Жалпы білім беру және кәсіптік-техникалық» ПЦК отырысы шеңберінде жүзеге асырылады.