Реферат тақырыбы: Мектептанудың негізгі мәселелері, Білім беру қызметінің принциптері мен əдістері



бет2/6
Дата06.06.2023
өлшемі109,71 Kb.
#99213
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Білім беру ісін басқару.
Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі ,іргелі ережелер.
Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар , басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады.Осы принцип негізінде Білім және ғылым министірлігінің облыстық ,т.б, білім беру басқармасының , педогогикалық кеңестің мәжілістеріне өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы – қарарлар-дың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.
Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысты принципін  ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі - кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ақпараттың шындығы және жеткіліктігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерін түзетіп отырады.
Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері – мектеп директоры, оның оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.
Екінші топ: мұғалімдер, ата – аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педогогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.
Үшінші топ: оқушылардың өзін- өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).
Төртінші топ:мектептің және сыныптың ата – аналар комитеті.
Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыда дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:
-мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайына жұмыс істеуі;
- барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезінде демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің ата – аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;
- мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілердің , тәрбиешілердің жауапкершіліктері;
- мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу – тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;
-оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылданған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;
- педогогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педогогикалық тәжірибені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет