Реферат Тақырыбы: Пәннің мазмұны, міндеттері. Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Орындаған



бет4/12
Дата04.03.2022
өлшемі474,53 Kb.
#27032
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Жеті жарғы» туралы түсініктеме

Ғалымдардың айтуынша, бұл құжат Тәуке ханның тұсында 1684-1685 жылдары құрастырылған. «Жеті жарғы» – Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды данагөй билердің қатысуымен жазылған көшпелі қазақтардың ел билеу заңы. Бұл заңдық құжатта жер дауы, жесір дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты үлкен мәселелер қаралады. «Жеті жарғы» кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, денеге зақым келтіру, зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған кезден басталған. Қазақтың қылмыстық құқығы мақау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған. Қазақ халқы «Жеті жарғыны» ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді.



«Жеті жарғы»

Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы:

– қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);

– ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

– денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой); – төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

– егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

– егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;

– ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; – өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;

– егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 10 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);

– әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады;

– егер ері әйелін көзіне шөп салуда ұстаса, өлтіруге құқылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

– біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

– әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

– қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

– құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

– кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;

– құл өмірі құнсыз, ол – қожайынның билігінде;

– ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;

– ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

– ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

– өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

– барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс; – дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

– куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

– билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;

– егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;

– ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет