Реферат Тақырыбы: Сана. Бейсана. Өзіндік сана


ІІ.1. Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы



бет5/6
Дата04.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#79068
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
ІІ.1. Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы
Еңбек әрекеті — қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекетi адамдар арасындағы коғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруi адамның тіршілік етуiн қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адамдар қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге біріне-бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп «өндірістік» қарым-қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі — еңбек.
Еңбек әрекетiнiң арқасында адамның санасы дамыды. Эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, сөйтіп, ақиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. Өздерi жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетiн дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпаққа түрлi құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғырланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек. Қоғамнық бастапқы даму сатысы деңгейінің төмен болуына орай алғашқыда ойлаудың да өресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.
Күрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады. Іс-әрекеттердің буындарға тарамдалуы өндіріс құралдарының түр-түрін шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыратын деңгейге жеттi. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінің дамуына да пайдалы әсерін тигізедi. Адам мен табиғат арасындағы қатынас өндіріс әрекетімен ұштасадьі. Енді сол адамдар өздерінің зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетедi. Табиғаттан өз қажеттерін өтейтін заттарды өндірп, іске жарату процесінде адам өзiнің бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың дамып, жетілуіне пайдалы әсердің барын біледі. Дене мүшелері әр алуан қимылды қозғалыстар үстінде өзгерістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың ажыратын жаңа қьызметтері қалыптасады, ептiлігi артып анатомиялық өзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтың, білектің көлемі өзгеріп, буындар шапшаң козғалатын болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атқарумен бірге, адамның таным кұралына да айналады. Саусақтардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілдіре түсті.
И. М. Сеченев қолдың түрлі қызмет атқаруына баса мән беріп, оны сипап сезінудің нәзік органы деген болатын.
Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, түрлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын болады. Сондай-ақ, қол материалдық дене жөнінде мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ғана емес, сол еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамның, бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдың аса күрделi істердi атқаруға бейімделіп, дамьш, жетілуi адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткiздi.
Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен ұштасып, адамның көру органының дамуына әсерін тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын реттеп отырады да, оның танымдық өресін кеңейтедi. Сөйтіп, оның сезіну қызметінің өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінің арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдьң әрекетін реттейтін орталықтың жасалуы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенің сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктердің бәрі — адамның еңбек әрекетінің жемісі. Еңбек етуі нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы — олардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана аркылы болмыстық шындығын тепе-тең етіп бейнелей алатын болады. Енбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу формалары жетіле түсті.
Тарихи даму процесiнде екi шешушi фактор — еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгерді.
Сана — психика дамуының ең жоғары сатысы. Ол -тек ақыл иесі — адамдарға ғана тән қасиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет