Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет36/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   225
(жаратын) болса, енді үшінші сөздің үстелуіне байланысты жаңа сөз (су, сүт, нан, жол, 
мәшине, құрал; т. с. с.) басыңқы сыңардың қызметін атқарып, екі сөзден құралған бұрынғы 
тіркес бағыныңқы сыңарға айналып, бір интонацияға ие болып тұр: бір атым насыбай, бір 
асым ет, бір аттам жер, бір ауыз сөз, балықжуғыш мәшине; балыққасаптауыш мәшине; 
дәнақтауыш мәшине; балықтазалағыш құрал; т. с. с. Сөздіктегі мұндай біріккен сөздер 
көбінесе үш сөзден құралған, екі сөзден тұратындары негізінен жақша ішінде нақтыланып 
отырған: ағаштиеуіш, ағаштиеуіш мәшине; астықкептіргіш (тех.), астықкептіргіш мәшине; 
астықтиеуіш (тех.), астықтиеуіш мәшине; ауаүрлегіш: ауаүрлегіш мәшине; аутоқуыш, 
аутоқуыш мәшине; әксөндіргіш, әксөндіргіш мәшине; газтазалағыш (мәшине); білтетарт-
қыш (құрал); қағазкескіш, қағазкескіш мәшине; қартазартқыш (мәшине); құмшайғыш (мәши-
не); құмшашқыш (мәшине); мақтатазартқыш, мақтатазартқыш мәшине; өртсөндіргіш, 
өртсөндіргіш мәшине; шөптурағыш, шөптурағыш мәшине; ыдысжуғыш, ыдысжуғыш 
мәшине; т. с. с. Алайда алты айшылық жер, ақ жаулықты ана, ақ шашты ана, арыз беруші 
жақ, бадана көз(ді) кіреуке, ақ еділ қылықты, ақ бұйрықты өлім, ақ сырық мылтық, ақ шегір 
бүркіт, ақ бауыр құрық, байрақ тәрізді ағаштар, аударма бас етік, ақ бауыр құрық сияқты 
әр сыңары бөлек жазылған сөздер де бар.
Сөздікте қызыл құда; қызыл отау; қызыл сөз түрінде бос аралықпен жазылған сөздермен 
қатар бол- көмекші етістігімен тіркесу арқылы жасалған тізбектер бос аралықсыз жазылған: 
қызылкеңірдек, қызылкеңірдек болу; қызылөңеш, қызылөңеш болу; қызылсирақ, қызылсирақ 
болу; қызылтабан, қызылтабан болу; қызылтанау, қызылтанау болу; қызылтұмсық, 
қызылтұмсық болу; қырынқабақ, қырынқабақ болу; т. с. с. Бұл орайда Тіл білімі институты, 
медицина университетінің студенттері, т. с. с. тіркестерді бірге жазбайтынымыз сияқты, 
изафеттің қатынасқа құрылған тіркеске тағы сөз қосылғанда біріктіріп жазуға келмейді.
Матасудың толымды, толымсыз түрінің жалғануы тек сөз тiркесінің екі компоненті де зат 
есім болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бағыныңкы компонент есімдік болғанда, сөз тiркесі 
матасудың толық формасы арқылы ғана тіркеседі. Бұның себебі – бұл құрамдағы сөз 
тіркеcінде релятивтік байланыс болмайды, ол тек меншіктілік байланысты білдіреді: менің 
көмегім, сенің шаруашылығың т. т.
Р. Әмір қазақ тіл біліміндегі «зат есім – зат есім» болып құрылған сөз тіркестерін 
«изафеттік сөз тіркестері» деп атап, құрылымдық сипатына сай үш түрлі изафеттік сөз 
тіркесіне жіктейді: бipiнші изафеттік сөз тіркесі (топ жылқы, тас көпір); екінші изафеттік сөз 
тіркесі (ауыл адамдары, көл жағасы); үшінші изафеттік сөз тіркесі (баланың көйлегі, көлдің 
жағасы). Бұл тіркестердің функционалдық жағынан бірімен бірі тығыз байланысты екенін, 
бәрі де анықтауыштық қатынасты білдіретінін, анықтауыштық қатынастың нақты көріністері 
осы сөз тіркестерінің бәріне ортақ екенін (баланың көйлегі – бала көйлектic дәрігер – тic 
дәрігері, Байжанның сайы – Байжан сайы – Байжан сай, т. т.) ескерте келіп, олар заттардың 
арасындағы меншіктілік байланысты (баланың кітабы, Байжан сай); заттардың арасындағы 
түрлі қатыстық (релятивтік) байланысты (желдің лебі); зат пен оның заттық сапасының 
(детерменативінің) байланысын (жем бұршақ, сүт көже, тас көпip) білдіретінін айтады [2, 
15-16-б. ].
Ғалым қатыстық байланыстың нактылы көрініcтерін былайша сипаттайды:
1. Зат пен оның құбылысын байланыстырып көрсетеді: күннің ыстығы, күннің сәулесі, 
судың ағысы, өкіметтің қаулысы, әжемнің ашуы т. т.
2. Зат пен оның бөлшегін, үзігін, тараптық көрінісін байланыстырып атау: институттың 
филиалы, заводтың цехы, шөптің гүлі, аттың жалы, столдың көлденеңі, қыстың ортасы.
3. Зат пен оның табиғи ортасын байланыстырып көрсету: ауылдың төңірегі, көлдің бойы, 
көлдің ар жағы.
4. Зат пен оған қатысты жағдай, күйді байланыстырып атау: өзінің оңашалығы, баланың 
еркіндігі.


58 
Осы мағыналық топтардың аралығында келтірінді, ауыспалы түрде құрылған сөз тіркестері 
бар: қолдың майы. Бұл сөз тіркесі май жеке үй шаруасында жасалған деген мағынаны хабарлап 
тұр.
5. Басыңқы сөз мамандык, кәсіп, қызмет атаулары болып, бағыныңқы сөз ол қатысты 
мекеме, кәсіп орнын, мекенді анықтайды: филиалдың инженері, цехтың бастығы т. т.
6. Туыстық қатынасты білдіреді: Жанардың інісі, aғамның қарындасы. Изафеттің екінші 
түріне жатқан сөз тіркесі заттардың арасындағы қатынастық (релятивтік) байланысты 
білдіруді негізгі қызметі еткен: жел лебі, қыс суығы, күн сәулесі т. т. [2, 28-29-б. ].
Сонымен, профессор Р. Әмір сөз тіркестерінің табиғатын айқындауда коммуникативті 
синтаксис, функционалды лингвистика, когнитивті лингвистика, т. с. с. бүгінгі таңдағы 
инновациялық парадигмаларды басшылыққа алған. Ғалым сөз тіркесін жан-жақты сипаттайды, 
атап айтқанда:
1) сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен айырмашылығын, ұқсастығын көрсетеді;
2) сөз тіркесінің атауыштық (номинативтік) қызмет атқаратынын айтады;
3) сөз тіркесін сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапқы байланысқа түсуі арқылы 
пайда болған бөлшегі, тұлғасы ретінде сипаттайды;
4) сөздер бейберекет тіркесе бермейтінін, өзара мағыналық, синтаксистік қатынасқа 
құрылатынын айтады;
5) сөздер сөйлемге жеке-дара кірікпей, өзара мағыналық, грамматикалық байланысқа 
түсетінін ескерте келіп, сөз тіркесін сөйлем құрайтын материал ретінде көрсетеді;
6) сөз тіркестерін байланысу түріне қарай саралап, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін 
көрсетеді.
Профессор сөз тіркестерін тілді байытудың, оның икемділігін молайтудың кайнар көзі 
ретінде сипаттайды. Яғни жаңа ұғым (күрделі сөз) сөздердің бірігуі арқылы ғана емес, тіркесуі 
арқылы да жасалатынын нақтылап көрсетеді. Сол арқылы сөздердің бірге, бөлек таңбалануына 
қатысты ғылыми тұжырымдар жасайды. Сол сияқты сөйлем синтаксисін сөз еткен 
еңбектерінде ғалым тыныс белгілердің қойылу ретін де нақтылап береді. Осыған байланысты 
бүгінгі таңда күрделі сөздердің жазылуын реттеуде, тыныс белгілердің қойылуын уәждеуде 
ғалымның еңбектерін басшылыққа алуымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет