Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет32/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   225
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы (синтаксис, пунктуация). – Алматы, Мектеп баспасы. 1974. – 295 б.
2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (Оқу құралы). -Алматы, "Санат", 1995. – 120 б.
3. Оразбаева Ф. Ш, Қасым Б. Қ, Балтабаева Ж. Қ, Рахметова Р. С / Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқулық. – 
Қарағанды: "Medet Group" ЖШС. – 2016. -424 б.
4. Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р. С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
5. А. Әлімов. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. -Алматы, 2015.
6. Қасым Б. Күрделі аталым жасалымы: когнитивтік-дискурстық ұстаным. – Алматы: «ЖК Волкова А. В.» 
баспасы, 2010.
7. М. Мамаева, Ж. Мукашева. Оқулық. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған 
оқулық. Мектеп 2019.
 
Жұбаева О.
филология ғылымдарының докторы 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
 
СӨЗ ТІКЕСТЕРІ – ТІЛДІ БАЙЫТУДЫҢ, ИКЕМДІЛІГІН МОЛАЙТУДЫҢ 
ҚАЙНАР
Бүгінгі таңда күрделі сөздердің табиғаты, бірге, бөлек таңбалануы қызу талас тудырып 
отыр. Мәселен, 2013 жылы шыққан «Орфографиялық сөздікте» сөздерді бірге, бөлек жазуда 
жүйелілік сақталмаған: жалаңаяқ; жалаңбас; жалаңбұт сөздері бірге жазылғанмен, жалаң 
қабат; жалаң сөз сияқты бірліктер бөлек жазылған [1]. Екеуі де анықтауыштық қатынасқа 
құрылғандықтан, екеуі бір модель бойынша жазылуы керек болғанмен, әр түрлі берілген. Сол 
сияқты сөзтізбедегі ағаштарақ тарақтың ағаштан жасалғанын, теміршар шардың темірден 
жасалғанын, тегін білдіргенмен, бірге таңбаланған. Ол сөздердің жез құман, темір күрек, 
темір қазық, қалайы қасық, күміс теңге сияқты тіркестерден қандай айырмашылығы бары, не 
себепті бірге жазылатыны түсініксіз. Сөздіктің соңындағы ережеде: «§ 21. Екі зат есім қатар 
айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден 
жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан 
ажырататын белгілерін білдірсе, олар бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы 
сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді. Мысалы: ағаш күрек, сұрпы ет, ұл бала, 
қыз бала, мысық мұрт (жігіт), ала бұлт», – делінгенмен, соңындағы ескертуде: «Анықтау-
шы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: 
беторамал, қолорамал, асқасық, шайқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, 
шығаберіс, қолайна, қолара т. б.», – деп жазылған. Сөздікте ала-құлалық орын алғандықтан, 
ағашаяқ (ыдыс), ағашаяғы; ағашаяқ (протез), ағашаяғы бірге жазылса, ағаш балға; ағаш ине; 
ағаш кереует; ағаш оқ; ағаш соқа; ағаш тостаған; ағаш төсек; ағаш тұғыр; ағаш тырма; 
ағаш үзеңгі; ағаш үй; ағаш шелек (көне), т. с. с. бөлек жазылған. Мұндай мысал өте көп. Яғни 
сөздерді бірге, бөлек таңбалауда басы ашылмаған жайт жетерлік. Бұл орайда филология 
ғылымдарының докторы, профессор Рақыш Әміровтің еңбектерінде осы мәселелердің нақты 
жауабын табуға болады.
Ғалым қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің ішінде екі зат есімнен – атау септік 
тұлғасындағы зат есім мен зат есім болып құралатыны (қол орамал, ағаш күрек) көп екенін, 


54 
ондай сөз тіркестері анықтауыштық қатынасты білдіретінін ескерте келіп, оларды іштей 
даралайды:
1. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың материалын атап анықтайды: ағаш қасық, 
тас жол, темір жол, түлкі тымақ.
2. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың неге арналғанын атап анықтайды: қой ферма, 
мойын ағаш, көлік күш.
3. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың мекенін, орын, жайын атап анықтайды: көл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет