Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет126/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

8.1-кесте. Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі əлеуметтік - экономикалық индикаторлары, жыл соңына1)


Көрсеткіштер

2006

2007

2008

2009

2010

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

40790

52479

60805

67333

77611

Халықтың орташа айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

8410

9653

12364

12660

13487

Тағайындалған зейнетақының орта- ша мөлшері, теңге (жыл соңына)

9898

10654

13418

17090

21238

Халықтың атаулы ақшалай табысын бағалау, айына орташа жан басына шаққанда, теңге

19152

25226

32984

34282

40473


Халықтың ақшалай табысындағы еңбек табысының үлесі %

80

82

82

83

83

Жалақының ең аз мөлшері, теңге

9200

9752

11270

13594

14952

Жас бойынша зейнетақының ең аз мөлшері, теңге

6700

7236

7900

9875

12344

1) Статист. жинақ «Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі 2006-2010». - Астана, 2011.-15-16 б.


Берілген кесте көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, онда мына жағдайды толықтай көруге болатындығы:

    • 2010 жылы орта есеппен жан басына шаққандағы халық- тың атаулы ақшалай жалақысы айына 40473 теңгені құрады жəне алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,1%, ал 2006 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге дейін өскен; Мұнда жан басына шақ- қандағы орташа айлық атаулы жалақы мөлшерін анықтау үшін, есептелген жалақы қорының сомасын адамдардың нақты саны мен сол кезеңдегі айлардың санына бөлеміз;

    • 2006-2010 жылдар аралығында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақы мөлшері 90,3% артқан. Демек, жыл са- йынғы орташа өсім 18,1% құрағандығы. Егер осы көрсеткішті Қазақстанның өңірлері бойынша жеке қарастыратын болсақ, он- да оның өсу қарқыны барлық облыстарда 100%-дан асып кетеді. Бірақ, жағымды беталыстармен қатар өңірлердің табыстарын- дағы алшақтық едəуір болып қалуда. Мысалы, 2010 жылғы көрсеткіш бойынша Астана мен Алматы қалаларындағы жəне Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы орташа айлық атаулы жалақы мөлшерлерінің деңгейі республикалық орташа деңгейден

1,5-1,8 есеге асқан болса, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының табыстары орта есеппен 60,7%-тен 68,8% мөлшерін ғана құрайды;

    • көрсетілген уақыттар ішінде орташа айлық атаулы жалақы ғана көтеріліп қоймай, сонымен бірге тағайындалған зейнетақы- ның орташа мөлшері 2010 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге артқан, ал жасы бойынша зейнетақының ең аз мөлшері 84,2% өскен. Сол сияқты халықтың орташа айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі де жоғарлады, яғни 8410 теңгеден 2006 жылы 13487 теңгеге дейін 2010 жылы немесе 1,6 есеге артқан.

Осы аталғандарды қорытындылай келіп, халықтың тұрмыс- тық деңгейін жоғарылату үшін Үкіметтің істеген əлеуметтік- экономикалық іс-шараларының жемісі деген ұғым туындайды.

Жалпы алғанда халықтың атаулы ақшалай табыстары əр- түрлі көздерден құралады. Соның ішінде еңбек қызметінен түс- кен табыстың үлесі үлкен орын алуда. Бұл жалдамалы жəне өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстар. Оны үй шаруа- шылықтарын ішінара зерттеу деректерінен көруге болады. Мы- салы, 2005 жылы халықтың ақшалай табыстарының құрылы- мында еңбек қызметінен түскен табыстың үлесі 77% құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіштің үлесі 83% дейін өскен, яғни 6% артқандығы көрінуде. Бұл дегеніміз экономикадағы жүйелі ша- ралардың жүргізілуі, жағдайды тұрақтандыру жəне еңбекақы- ны реттеу саласындағы оң беталыстар, ақырғы жылдары жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру, шағын бизнесті дамыту жəне жеңілдікпен несиелендіру, жұмыссыздарды қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды дамыту жолдары арқылы, жұмыс- пен қамтылған белсенді халық құрылымында да өзгерістер бо- луда. Соның салдарынан жұмыспен қамтылғандардың ішінде жалдамалы қызметкерлердің елеулі үстемділігі жəне олардың жа- лақысының тұрақты өсуі халықтың жалпы ақшалай табысының артуына алып келді. Демек, жалдамалы еңбек табыстарының ба- сымды рөлінің сақталуына мүмкіндік туғызады.

Халықтың ақшалай табыстарының құрылымында əлеуметтік трансферттердің үлесі де едəуір өсуде, яғни 17%-ға жеткендігі, ал басқа ақшалай түсімдердің үлесі керісінше, 2006 жылы 5%, 2010 жылы 1%-ға дейін төмендеді.

Егер халықтың орташа айлық атаулы жалақысын эконо-

микалық қызмет түрлері бойынша қарастыратын болсақ, онда ең жоғарғы айлық алатынға қаржы қызметіндегілер, ал ең төменгі

-балық аулау жəне оны өсіру, агроөнеркəсіп кешенімен айналы- сатын қызметкерлердің еңбекақылары жатады. Оны 8.2-кесте көрсеткіштерінен көруге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет