Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы


-кесте. Кəсіпорынның өнімді



бет97/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   184
-кесте. Кəсіпорынның өнімді сатудан түскен түсімі мен айналым қаржысының орташа құны




Рет


Көрсеткіштер


Базалық жыл, мың теңге

Есепті жыл, мың теңге

Абсолюттік ауытқуы (+,-), мың теңге

Өсу қарқыны,

% есебімен


1


Өнімді сатудан (өткізуден) түскен түсім

3200


3690


+490




115,3

2


Айналым қаржысының орташа жылдық құны

800

820

+20

102,5


Берілген көрсеткіштерді пайдалана отырып, айналым қар- жысының көрсеткіштерін есептейміз:

  1. Айналымдылық коэффициенттері:

а) базалық жыл: Кайн.00 : МАҚ0=3200:800=4 рет; ə) есепті жыл: Кайн.1= Қ1 : МАҚ1=3690:820=4,5 рет.



  1. Бекітілу коэффициенттері:

а) базалық жыл: Кбек.0= МАҚ0 : Қ0=800:3200=0,250; ə) есепті жыл: Кбек.1= МАҚ1 : Қ1=820:3690=0,222.

  1. Бір айналымның орташа ұзақтығы:

а) базалық жыл: Ұ00: Кайн.0 =360:4=90 күн немесе К0бек.0=360*0,250= 90 күн;

ə)есепті жыл: Ұ11: Кайн.1 =360:4,5=80 күн немесе К1* Кбек.1=360*0,222=80 күн.

Енді осы есептелінген көрсеткіштерді 6.3.2-кестеде келті- реміз:



      1. -кесте. Кəсіпорынның айналым қаржысының есептілік көрсеткіштері



Көрсеткіштер



Базалық жыл

Есепті жыл

Абсолюттік ауытқуы, (+,-)

Өсу қарқыны,

% есебімен



Айналымдылық коэффициенті (айналым саны)

4,0

4,5

+0,5



112,5

Бекітілу коэффициенті

0,250

0,222

-0,028

0,888

Бір айналымның орташа ұзақтығы, күнмен

90

80

-10

0,889


Есептелінген көрсеткіштерге талдау жасайтын болсақ, онда айналым саны өнімді сатудан (өткізуден) түскен түсімді анық- тайтын негізгі себеп ретінде қарастыру керек. Мұнда айналым санының өсуіне байланысты сатудан түскен түсім +410 мың теңгеге (0,5*820=410 мың теңге), ал айналым капиталының орта- ша қалдығының өсуі салдарынан +80 мың теңгеге (4,0*20=80 мың теңгеге) артқан. Демек, осы екі себептің өзгеру салдарынан сатудан түскен жалпы түсім +490,0 мың теңгеге (410,0+80,0=490 мың теңге) өскен.

Айналым капиталдарының бекітілу коэффициенті мен са- тудан түскен түсім көлемі айналым капиталдарының орташа



қалдығының өзгеруінің факторлары болып табылады. Жо- ғарыда көрсетілген мысалда есепті жылды базалық жылмен салыстырғанда, бекітілу коэффициентінің абсолюттік кемуі

-0,028 болуына байланысты айналым капиталдар қалдығы -102,5 мың теңгеге (-0,028*3690=10215) азайған. Осы есептелінген көрсеткіш айналымдылықты жылдамдатуға байланысты айна- лымнан босатылған қаржы сомасы болып саналады. Бірақ айналымдылық жылдамдығы өзгермеген жағдайда сатудан түс- кен түсім көлемінің өсуімен айналым капитал қалдығы 122,5 мың теңгеге артқан (0,250*490,0=+122,5 мың теңге), ал екі себепті бірге қарастыратын болсақ, онда айналым капиталының орташа қалдығы 20,0 мың теңгеге (122,5-102,5=20,0) өскендігін байқауға болатындығы.



Статистикада айналымдылықты жылдамдатуға байланысты айналымнан босатылған қаржы сомасын анықтау үшін мына фор- муланы қолданады:

Б= МАҚ1- (Қ1 * Ұ0 : К) немесе Б=( Кбек1- Кбек0 ) * Қ1, мұнда, МАҚ1- есепті кезеңдегі материалдық айналым



қаржысының орташа қалдығы;

Қ1- есепті кезеңдегі өнімді сатудан түскен қаржы;

Ұ0- базалық кезеңдегі бір айналымның орташа ұзақтығы; К- сол кезеңдегі күннің саны;

Кбек0, Кбек1- базалық жəне есепті кезеңдердегі бекітілу коэффициенттері.

Осы көрсетілген формуланы қолдана отырып, 1 жəне 2 кесте көрсеткіштері арқылы айналымдылықты жылдамдатуға байла- нысты айналымнан босатылған қаржы сомасын анықтаймыз:

Б=820-(3690*90):360= -102,5 немесе Б=(0,222-0,250)*3690=102,5 мың теңге.

Демек, есепті жылды базалық жылмен салыстырғанда бір айналымның орташа ұзақтығының 10 күнге азаю салдарынан, ай- налымнан босатылған қаржы сомасы 102,5 мың теңгені құрады.

Айналым капиталдарын статистикалық зерттеу кезінде еңбек заттарын пайдаланудың тиімділігін жинақы бағалаудың, яғни материалдық ресурстардың өндіріс нəтижесінде жұмсалынған шығынын анықтау болып табылады. Демек, еңбек заттарын




12–932

177

тиімді пайдаланудың экономика салалары үшін атқаратын рөлі- нің маңызы өте жоғары бағаланады. Себебі, əрбір өндірілген өнім бірлігіне жұмсалынған шығын мөлшері неғұрлым азайған сайын, сол кəсіпорындар мен бірлестіктердің нəтижесі жұмыс істегенін сипаттайды. Мұнда өндірілген өнім бірлігіне кеткен шикізаттардың, негізгі жəне қосалқы материалдардың, отын мен энергияның, бағасы арзан жəне тез тозатын аспаптар мен құрал-саймандардың жəне тағы басқалай шығындардың үлесі қарастырылады. Оны статистикада шығын үлесі деп атай- ды жəне заттай (натуралдық) өлшемдегі өндірілген өнім бір- лігіне жұмсалынған материалдық ресурстар шығыны арқылы анықталады немесе мына формула бойынша есептеледі:

m = M : q,

мұнда, m - өнім бірлігіне жұмсалынған ресурстар үлесі;

M - сол өнімнің барлығына жұмсалынған жалпы ресурстар шығыны;

q - заттай (натуралдық) өлшемдегі (кг, л. дана, м) өндірілген өнімдердің көлемі, саны.

Статистиканың алдына қойған негізгі бір мақсаты, есепті кезеңдегі сол өндірілген өнім бірлігіне жұмсалынған нақты шығын үлесінің, өткен (базалық) уақытпен салыстырғандағы өзгеруін анықтау болып табылады. Оны есептеу үшін индекстік əдісті қолданамыз жəне ол төмендегідей:


  1. Өндірілген бірдей өнімге жұмсалынған шығын мөлшерінің екі уақыт кезең көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда жеке (дара) индекс арқылы есептейміз:

im= m1 : m0 = ( M1 : q 1 ) : ( M0 : q 0),

мұнда, m1 жəне m0 – есепті жəне базалық кезеңдердегі өнім бірлігіне жұмсалынған ресурстар үлесі;

M1 жəне M0 – есепті жəне базалық кезеңдердегі сол өнімнің барлығына жұмсалынған жалпы ресурстар шығыны;

q1 жəне q0 – есепті жəне базалық кезеңдердегі заттай өлшемдегі өндірілген өнімдердің көлемі, саны.



  1. Егер, əртүрлі өнім өндіруге жұмсалынған шығын ресур- старының түрі бірдей болатын болса, онда мына индекстің фор- муласын қолданамыз:

I m = m1 q 1 : m0 q 1 ,

мұнда, q1- есепті кезеңдегі өндірілген өнімдердің көлемі, саны.



  1. Егер өндірілген бірдей өнімге жұмсалынған шығын ресурс- тарының түрі əртүрлі болатын болса, онда мына формуланы пай- даланамыз:

I m = m1 po : m0 po ,

мұнда, po- базалық кезеңдегі өндірілген өнім бірлігінің бағасы.



  1. Егер əртүрлі өнім өндіруге жұмсалынған шығын ресурс- тарының түрі бірдей болмайтын болса, онда мына индексті қолданамыз:

I m = m1 po q 1 : m0 po q 1 .

Жоғарыда берілген индекстердің алымы мен бөлімінің ара- сындағы айырма шығын үлесінің өзгеруіне байланысты алынған үнемді немесе артық жұмсалынғанын сипаттайды.
ТЕРМИН СӨЗДЕРГЕ ТҮСІНІК



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет