Республикасы



бет115/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   121

Микробтардың жіктелуі.


Саңырауқұлақ – бұлар созылмалы нысандағы және жіп тәріздес көп жасушалы ағзалар, үлкейе келе губка (теңіздегі омыртқасыз жәндік) сияқты өріліп тармақ құрайды. Ауру тудырғыш саңырауқұлақтар шашты, тырнақты, теріні (таз, қотыр, қысаға) және ішкі мүшелерді (кокцидиоидомикоз, гистоплазмоз) зақымдайды.
Біржасушалы ағзалар қабығы, протоплазмасы мен ядросы бар(безгекті қоздырушы, амеба).
Бактериялар - жібек құртын, бацилланы (таяқша тәріздес) үтір немесе жақша түріндегі вибрионды біріктіретін микробтар тобы. Бактериялар түйнемені, қан тышқақты, обаны, тырысқақты туғызады
Рикетсиялар - бактериялар мен вирустардың арасындағы жағдайда тұрған микроорганизмдер. Олар қышыма сүзекті, дақты безгекті, қу безгегін тудырады.
Вирустар - кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейтін ұсақ микроорганизмдер. Олар шешекті, тұмауды, сары безгекті тудырады.
Токсиндердің алатын орны ерекше, олар ботулизмді туғызады. Микрорганизмдердің кейбірі тек адамдарда ғана ауру туғызып антропоноздық ("антропонос" сөзінен - адам деп аталады) - олар тұмау, іш сүзегі, қан тышқақ, жануарлар организмінде өмірге бейімделген екінші біреулері зооноздық (гректің "зоон" сөзінен - жануар деп аталады) - олар оба, туляремия, бруцеллез, түйнеме, маңқа.
Спорадиялық аурулар жиі кездесетін жұқпалылар түріне жатады. Олар бір- бірімен байланысы жоқ жекелеген ауру түрінде пайда болады. Жұқпалы аурулардың салыстырмалы қысқа мерзімде таралуы індет деп аталады. Тұмау індеті өте жиі байқалады. Жұқпалы аурулардың тұтас елдердің (құрлықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуы пандемия деп аталады.
Бүкіл қоршаған ортадағы жағдаймен және сырқат адамдармен қарым - қатынас жасаған нақты сырқаттың немесе ауру таратушының орналасқан жері індет ошағы деп аталады.
Қарсылас жақ бактериологиялық қару қолданғаны анықталған кезде карантин қолданылады. Жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені карантин деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет