Сабақтың тақырыбы Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар



Дата06.01.2022
өлшемі27,28 Kb.
#14701
түріСабақ
Байланысты:
Сарсенова Ләззат


Ұзақмерзімдіжоспардыңтарауы:

8.1В Заттардың формулалары

және химиялық реакция теңдеулері


Мектеп:С.Қожанов атындағы №55 жалпы орта мекте

Күні:4.10.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Сәрсенова Ләззат

Сынып: 8 «а», «ә»

Қатысқаны: 8 «а», «ә» қатыспағаны:8 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.2-табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау;

Сабақтыңмақсаты

Барлық оқушылар:табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды біледі, ажырата алады

Оқушының басым бөлігі:тірі ағзалардағы фотосинтез жәнетыныс алу реакция теңдеулерін жаза алады .

Табиғаттағы шіру,ашу, жемірілу өнімдерін атай алады

Кейбір оқушылар: реакция теңдеулері бойынша есептер шығара алады




Ойлау дағдысының деңгейі

Білу,түсіну, қолдану

Бағалаукритерийі

Фотосинтез , тыныс алу құбылысының реакция теңдеуін жаза алады

Заттардың жану ,баяу тотығу шарттарын анықтап, өнімдерін көрсете алады.

Атмосфералық ауаны,табиғатты ластанудан қорғау жөнінде қорытынды жасайды


Тілдікмақсаттар


Оқушылар не істей алады?

Табиғаттағы ,тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларға өздері қорытынды жасап жазады, Шіру, ашу, жемірілу құбылыстарының пайдасы мен зиянын салыстыра түсіндіріп, айтады;

Фотосинтез және тыныс алу,шіру мен жемірілуді тоқтату шарттарын оқу, тыңдау арқылы олардың маңызын айтып, қорытынды шығарады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Фотосинтез, тыныс алу, жану, баяу тотығу, техногендік фактор, механикалық және химиялық жолдар, оксидтер, жану, жылу, жанудың шарттары және оны тоқтату шарттары, өртсөндіргіш, алау, жалын, тұтану көзі, жану өнімдері, ластанған ауа, пайдалы жану реакциялары, пайдасыз жану реакциялары, азот (ІІ) оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт диоксиді, қорғасын және сынап қосылыстары, күйе, шаң-тозаң, бактериялар, шекті рұқсат етілген концентрация, тазарту құрылғылары, қалдықсыз өндіріс, мониторинг, баяу тотығу процесі.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:



Фотосинтез процесі бұл ...

Тынысалу бұл ...

Жемірілу деген......



Ластанған ауаның құрамында ... болады

Жемірілуді тоқтату үшін...


Құндылықтарға баулу



өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, сыныптасының ой-пікірін тыңдай білу, өзін-өзі қадағалай білу, шығармашылық ізденіс, пікірін ортаға сала білу, өзін-өзі жетілдіру, ойын пайымдай білу, проблеманы шешу, ойлау, елестету, жауапкершілікті сезіну, ұдайы (үздіксіз) білім алуға дайын болу

Пәнаралық байланыс

Биология (тыныс алу, фотосинтез), экология (қоршаған ортаның ластануы), география (Қызылорда облысының экологиялық проблемалары

Алдыңғы білім


7.5.1.4 -тыныс алу үдерісін түсіндіру

8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланғанжаттығутүрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығына, сынып аудиториясының сабаққа дайындығына көңіл бөлу.

Психологиялық ахуал жасау. Сәлемдесу, «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынща жұптасып, бір-біріне сәттілік тілеп, алақандарының жылуын, жүректерінің мейірімін ұсынады Топқа бөлу үшін түсті қағаздарды пайдаланамын

Үй тапсырмасы

Төменде берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдары:

Ca + CI2 = Ca CI2 Na2 O = Na + O2 

Ғе + СuCl2 = Ғе Cl2 + CuAI + CI2 = AI CI3 

2 S + Na = Na 2 S + K Zn O + HCl = ZnCl2 + H2 O

Реакцияныаяқта, теңестір:

а)Na + H2O →

б)Ba + H2O →

в)KOH + Cu(OH)2 →

г)Ag + H2O →

д)Ba(OH)2 + HNO3 →





Түрлі түсті қағаздар

Таратпа тапсырмалар




Сабақтыңортасы


Ой қозғау АКТ мүмкіндіктерін пайдалану арқылы

Stop- кадр (бейнебаян«Табиғаттағы химиялық реакциялар»)

Оқушылар бейнежазбадан не байқадыңыздар? Осы көрсетілген бейнежазба арқылы сабақ тақырыбын ашу, мақсатын айқындайды

.Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларға қатысты сұрақтар беру: «Менен сұрақ, сенен жауап» әдісін пайдалану арқылы:



  • Тірі ағзалар қандай газбен тыныс алады, ауа құрамындағы оттектің қоры қалай толықтырылып отырады?

  • Табиғаттағы қандай реакцияларды адам шаруашылықта пайдаланады?

  • Табиғи ортаның ластануына әсер ететін қандай химиялық реакциялар байқадыңдар?

Топтық жұмыс «Графикалық органайзер» әдісі

Мәтінмен жұмыс

1топ.Табиғаттағы фотосинтез бен тыныс алу реакциялары.

2топ.Баяу тотығу, жану, жемірілу реакциялары.

3топ.Атмосфералық ауаны,табиғатты ластанудан қорғау

Түрлі – түсті қағаздар арқылы топ мүшелері алмасады. Әр топ өз тақырыптарын басқа топ мүшелеріне түсіндіреді.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы топтар

бірін-бірі бағалайды

Кері байланыс.

Жеке жұмыс. (сараланған тапсырмалар)

1-тапсырма.Венн диаграммасы

Фотосинтез бен тынысалу реакцияларынсалыстырыңдар.

2-тапсырма. Бұл қандай құбылыс? Реакция теңдеуімен бейнеле.

Глюкоза+оттек→көмір қышқылы газы+су

метан+оттек→көмір қышқылы газы+су

Темір +оттек +су→темір(III)гидроксиді

күкірт(VI)оксиді+су→Күкірт қышқылы

3-тапсырма.Есептерді есептейік

Ауада 21%оттегі бар екенін білеміз, онда адам тыныс алуүшін 1сағатта32г оттегі қажет болса,24сағатта қанша масса оттегі жұмсалады?

Дескриптор.


  • Фотосинтез реакциясының өнімдерін біледі.

  • тынысалу өнімдерін анықтайды

  • Тотығу реакцияларының теңдеуін жазады.

  • жемірілу реакцияларының теңдеуін жазады

  • Өмірмен байланыстыра отырып,есепті алгоритм бойынша шығарады


Интербелсенді тақта

бейнежазба

Таратпа тапсырмалар


Сабақтың соңы



Бекіту. «Сократ шеңбері»әдісі арқылы оқушылар екішеңберге бөлінеді: ішкі, сыртқы. Ішкі шеңбердегі оқушылар бір-бірімен бүгінгі тақырып бойынша

сұрақ -жауап алмасады. Сыртқы шеңбердегі оқушылар тыңдап, өз пікірлерін айтады.

Рефлексия.

«Қосу-Алу-Қызықты» әдісі арқылы «Оқушы үнін тыңдау».

1.Қосу: Бүгінгі сабақта топқа қандай үлес қостың?

2. Алу: Өзіңе қандай мәлімет алдың?

3. Қызықты: Не нәрсе қызықты болды?

Үйге тапсырма: «Табиғаттағы химиялық құбылыстар» қызықты деректерді жинақтау.






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

1.Топтық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушылар тыныс алу және фотосинтез реакцияларын сипаттау тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігі табиғаттағы химиялық реакцияларды анықтау, қабілеті жоғары оқушыларға химиялық реакциялар өнімдері, тыныс алу үдерісіне қатысатын заттар бойынша есептер шығаруды үйрету көзделеді..




Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

2жұлдыз 1ұсыныс беру бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.
2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет