Республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ филиалы


Екінші топтағы балаларға тән әлем көрінісінің шектеулілігі



Pdf көрінісі
бет7/48
Дата25.11.2023
өлшемі464,98 Kb.
#125802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Екінші топтағы балаларға тән әлем көрінісінің шектеулілігі
кішігірім өмірлік стереотиптер, қоршаған орта туралы 
түсініктердің фрагменттілігі оларды білім беру ортасына қосу 
үдерісін
 
қиындатады. Дегенмен, балалардың мектепке баруға, 
балалар ұжымында болуға деген ықыласы басым. Нәтижесінде 
балалардың мінез
-
құлқы
 
жақсарады, айналадағы адамдарға 
еліктеп, тұрақты іс
-
әрекеттері
 
жеңілдей түседі. Әлеуметтік даму 
мәселелері, 
қарқынды 
өзгеріп 
отыратын 
жағдайларға 
бейімделудегі қиындықтар көп жағдайда білім беру ортасында 
оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын жасау кезінде 
еңсеріледі.
 
Клиникалық классификация бойынша бірінші және екінші топ балалары 
Л. Каннер сипаттаған балалар аутизмінің қарапайым түрлеріне жатады
[6].
Үшінші
 
топ.
Үшінші
топтың балалары жетістікке жетуге ұмтылады, 
олар әлеммен белсенді қарым
-
қатынас
жасауға қабілетті, олардың мінез
-
құлқын
мақсатты деп атауға болады. Олардың бірінші және екінші топтағы 
балалардан 
айырмашылығы, 
компенсаторлық 
қиялдарында, 
қызығушылықтарының
қалыптасуында
және аффективті қорғанудың 
неғұрлым күрделі формаларында. Үшінші топтағы балалардың сөйлеу тілінің 
даму деңгейі жоғары. Жетекші патопсихологиялық синдром аффективті 
патологияға қарсылық білдіру үшін алмастырылу болып табылады
[3]. 



Осы топтың
балалары белгісіздікке, қауіп
-
қатерге
төтеп бере алмайды, 
оларға жетістікке жетуге толық кепілдік керек. Мұндай бала үшін әрдайым 
табысқа жету маңызды, ал қалыпты жағдайда баланың өзін
-
өзі
бағалауы 
сәттілік пен сәтсіздіктің тәжірибесі арқылы қалыптасады.
Бұл топтағы балаларда зерттеуге, түрлі жағдаяттармен кездесуге деген 
қабілеттері
өте
аз, олар тек өздері шеше алатын міндеттерді ғана 
қабылдайды
.
Балалар үшін адамдармен шынайы байланысқа түсу қиын болғанымен, 
олар монологқа қабілетті болады. Олардың сөйлеу тілі анық және ересек 
адамдарша болуы мүмкін, өйткені ол грамматикалық дұрыс құрылған, жақсы 
сөздік қорынан тұрады. 
Үшінші
топтағы балалардың зиятының дамуы жиі жақсы әсер 
қалдырады. 
Балалар 
ақпаратты 
ретімен 
қалыптастырудан, 
оны 
жүйелендіруден ләззат алады, бірақ бұл қызығушылықтары мен ақыл
-
ой 
әрекеттері
де стереотипті және олар үшін аутостимуляцияның түрі болып 
есептеледі
[7].
Бұл топтың балаларына
моторлы сфераның біршама дамымауы тән, олар 
ебедейсіз болады, өзіне
-
өзі
қызмет
көрсету дағдылары қиын қалыптасады
бұл зияты мен сөйлеу тілінің дамуындағы оң нәтижелерге қарама
-
қарсы
ерекшеліктер болып табылады. Әлеуметтік дағдылардың дамуының, берілген 
нұсқаулықтарды түсіну мен талдаудың қарапайым бұзылуы байқалады. 
Адамдармен қарым
-
қатынасқа
түсіп, достасуға ұмтылғанымен, оларды түсіну 
қиынға
соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет