Изометриялық жиырылу деп бұлшықеттің ұзындығы өзгермей, тек
оның тонусының күшеюін (еттің қатаюын) айтады. Мұндай жиырылуды
тәжірибеде байқауға болады, егер еттің екі жағынан қозғалмайтындай етіп
бекіткенде, оның қысқаруға мүмкіндігі болмайды, ал табиғи жағдайда –
отырып тұру кезінде және дене қалпын бекітуде болады.
Изотониялық жиырылу деп бұлшықеттің тонусы өзгермей, тек оның
қысқаруын айтады. Мұндай жиырылуды бір жағынан ілінген, екінші жағы
бос (жүксіз) етті тітіркендіргенде байқауға болады.
Бұлшықеттердің жиырылу ұзақтығына байланысты екі түрін ажыратады: