Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


ДӘРІС № 5. Бұлшықеттердің физиологиясы: физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет38/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

ДӘРІС № 5. Бұлшықеттердің физиологиясы: физиологиялық қасиеттері, 
жиырылу  түрлері  мен  механизмдері.  Бұлшықеттердің  күші  мен 
жұмысы. 
Дәрістің жоспары: 
5.1. Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері. 
5.2. Бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмі. 
5.3.Бұлшықеттің күші мен жұмысы. 
5.4.Бірыңғай салалы бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. 
       
    Морфологиялық  белгілері  бойынша  адам  мен  омыртқалы  жануарларда 
кездесетін ет тіндері үш топқа бөлінеді:  
1) көлденең жолақты қаңқа еті;  
2) көлденең жолақты жүрек еті (миокард);  
3) бірыңғай салалы еттер.  
      Көлденең жолақты еттердің организмдегі атқаратын қызметтері өте көп  – 
олар  динамикалық  және  статикалық  қимыл-қозғалысты,  тынысты,  жылу 
өндіру  (термогенез)  және  т.б.  үдерістерді  қамтамасыз  етеді.  Қаңқа  еттерінің 
қызметі ми қыртысымен тығыз байланысты, сондықтан олар адам денесінде 
ерікті қимыл-әрекеттерді жүзеге асырады.  
      Жүрек  еті  жиырылғыш  жасушалар  (кардиомиоциттер)  мен  өткізгіш 
жүйесінің 
жасушаларынан 
тұрады. 
Жүректің 
өткізгіш 
жүйесі 
жасушаларының  жиырылғыш  қаблеті  болмайды,  бірақ  оларда  туындаған 
электрлік серпіндер жүректің жыиырылғыш жасушаларына қарай өткізіледі. 
Жүрек  етінің  негізгі  қызметі  –  сорғы  (насос)  ретінде  тамырлармен  қан 
қозғалысын  қамтамасыз  ету.  Жүрек  еті  мен  кейбір  бірыңғай  салалы  (ішек, 
лимфа тамырлары) еттердің автоматиялық қасиеті бар. 
      Бірыңғай  салалы  еттер  ішкі  ағзалар  қабырғасының  негізгі  құрамында 
орналасады  (асқорыту  арнасы,  қантамырлары,  ішкі  қуыс  мүшелері,  тыныс 
жолдары, сыртқы сөлініс бездерінің сөл шығаратын түтіктері және т.б.) және 
қимыл-қозғалту (кеңейту, тарылту, жылжыту тәрізді) қызметін атқарады. Бұл 
еттер  унитарлы  (бірыңғайлы)  және  мультиунитарлы  болып  бөлінеді  және 
еріксіз  еттерге  жатады,  сондықтан  адам  олардың  жиырылу  қасиетін  өз 
еркімен бақылауға ала алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет