Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
жеке және сіресіп (тетанустық) жиырылу. Ет талшығының жеке жиырылуы деп оны бір рет қана тітіркендіргенде байқалатын жауабын
айтады. Тәжірибеде бақаның балтыр етін тікелей немесе жүйке арқылы жеке
серпінді электрлік тітіркендірумен әсер еткендегі жеке жиырылу сызығын
миографқа жазып алуға болады. Сонда жеке жиырылу қисығы – жасырын
(латенттік, 5 мс), қысқару (40-45 мс), босаңсу (50-60мс) кезеңдерінен тұрады.
Жалпы жеке жиырылу ұзақтығы 95-110 мс болады. Қаңқа еттері жеке
жиырылу режимінде жұмыс атқарады, егер мотонейрондардың бір ізділік
серпіндерінің арасындағы интервалы жеке жиырылу ұзақтығына тең немесе
одан жоғары болған жағдайда.