Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
актин болып саналады. Актиннің шиыршығында, ет талшықтарын
жиырылтатын немесе босаңсытатын ақуыз – тропонин және тропомиозин орналасады. Миофибрилланың құрылымдық-әрекеттік бірлігі – саркомер болады, ол екі Z- мембрана (Z-дискілері) арасында жатады. Саркомердегі
миозин және актин жіпшелері гексогеналды орналасады – бір миозиннің
айналасында алты актин жіпшелері болады. Миозин жіпшелері саркомердің
ортасында болғандықтан, ол жер микроскоптың астында күңгірт тілім
(анизотропты А-дискі) ретінде көрінеді. Ал А-дискінің екі жағында ашыңқы
тілім (изотропты I-дискі) көрінеді, онда тек актин жіпшелері орналасады.
Миозин талшығының тұла бойында көлденең өсінділері болады, олардың
актин жіпшелерімен әрекеттесуі еттің жиырылуына келтіреді.
Актин және миозин жіпшелерін қатар ұстап тұратын көп мөлшерлі,
молекулярлық салмағы жоғары және жіпше тәрізді ақуыз – тайтин болып
саналады. Сонымен қатар тайтиннің молекуласы шашақты болуына
байланысты, оның серпімдігі өте жоғары болады. Сондықтан саркомердің
жиырылтқыш аппаратының қалыпты жұмысы басталғанша, тайтиннің
серпімді молекуласы каркас тәрізді актин және миозин жіптерін бірге ұстап
тұрады.