жойылады, билігі тоқтайды. Бұл принцип шартты рефлекстердің қалыптасуы
негізіне жатады.
5. Кері байланыс принципі. Кері байланыс деп - жауап қайтару әсерленістері
қалай атқарылуда, жетілікті ме, әлде жоқ па және басқа да ақпараттарды
ОЖЖ-не жеткізетін серпіндер ағынын айтады.
Кері байланыстың екі түрін ажыратады:
1) оң кері байланыс – жүйке жүйесінің жауап әсерленісін күшейтеді;
2) теріс кері байланыс – ОЖЖ-нің жауап реакциясы мен нейрондарының
белсенділігін төмендетеді. Бұл өздігінен реттелудің негізіне жатады.
6. Субординация (бағынушылық) принципі. ОЖЖ-і бөлімдерінің арасында
бір-біріне белгілі дәрежеде бағынушылық болады. Соның ішінде ми қыртысы
ең жоғарғы бөлім болып есептеледі де, оған жүйке жүйесінің барлық
әрекеттері бағынышты болады.
7. Қозу мен тежелу үдерістерінің өзара әрекеттесу принципі. ОЖЖ-інде
пайда болған бір үдеріс екінші қарама-қарсы үдерістің тууына себепер
болады, яғни қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мұны қозу мен
тежелу арасындағы өзара индукциялық (өрістеулік) қарым-қатынас деп
атайды. Индукцияның (өрістеудің) екі түрі бар:
1) бір ізді (жүйелі). Қозу мен тежелу бірін-бірі уақытында алмастырып
отырады;
2) бір мезгілді (өзара). Қозу мен тежелу – екеуіде бір уақытта болады. Өзара
индукция оң немесе теріс болып жүзеге асырылады: егер бір нейрондар
тобында тежелу пайда болса, оның айналасында қозу ошағы пайда болады
(бұл өзара оң индукция), және керісінше болуы мүмкін.
И.П.Павловтың анықтамасы бойынша, қозу мен тежелу – тек бір ғана
үдерістің екі жағы болып есептеледі. ОЖЖ-нің үйлестіру қызметі жеке
жүйке жасушалары мен жүйке жасушаларының жеке топтарының
арасындағы өзара ісәрекеттерінің дәл атқарылуын қамтамасыз етеді.
Біріктірудің (интеграцияның) үш деңгейі ажыратылады:
Бірінші деңгей - бір нейронның денесіне әртүрлі нейрондардан серпіндер
келіп түсуінен, олардың жинақталуына, немесе қозудың төмендеуіне
келтіреді.
Екінші деңгей — жасушалардың жеке топтары арасындағы өзара
катынастарын қамтамасыз етеді.
Үшінші деңгей — организмнің қажеттілігін жоғары сатыды реттеуші ми
қыртысының жасушаларымен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: