1) жануарларға жасалатын тәжірибелік (эксперименттік) әдіс;
2) адамдарға қолданатын физиологиялық-клиникалық әдістер.
Қалыпты физиологияда жүргізілетін тәжірибелік әдістер қатарына жүйке
құрылымдарының қызметтерін белсендіруге немесе төмендетуге (басуға)
келтіретін әдістер кіреді. Оларға мына әдістер жатады:
1) ОЖЖ-нің әр түрлі деңгейінде көлденең кесу әдісі;
2) экстирпация әдісі (денервация, ми бөлімдерін алып тастау);
3) тітіркендіру әдісі (физикалық, химиялық, көбіне электрлік әсерлер);
4) бақылау (ертеден келе жатқан және маңызын жоғалтпаған әдістердің бірі).
Оны дербес қолдануға болады, көбіне басқа әдістермен бірге жасалады.
Тәжірибе жасаған кезде бұл әдістер бір бірімен үйлестірілген түрде
өткізіледі.
Клиникалық әдістер адамның ОЖЖ-нің физиологиялық жағдайын
зерттеуге бағытталған. Оның қатарына келесі әдістер кіреді:
1) бақылау;
2) бас миының электрлік потенциалдарын тіркеу және талдау әдісі
(электроэнцефалография, магнитоэнцефалография, т.б.);
3) радиоизотоптарды пайдалану әдісімен нейрогуморалдық реттеуші жүйелер
қызметтері зерттеледі;
4) шартты рефлекстік әдіс (ми қыртысының үйрету, бейімделу
әсерленістерінің даму механизмдеріндегі ролі зерттеледі);
5) сауалнама (анкета) өткізу әдісі (ми қыртысының үйлестіру қызметі
бағаланады;
6) модельдеу әдісі (физикалық, математикалық және т.б.) Организмдегі өтіп
жатқан үдерістердің (әрекеттердің) механизмдерін түсіндіретін жасанды
үлгісін жасау;
7) кибернетикалық әдіс (жүйке жүйесіндегі басқару мен байланыс
үдерістерін зерттейді). Ол жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейдегі қызметтерін
ұйымдастыруды, жүйелер мен мүшелердің жұмыстарына қажет әсерлерді
таңдау және басқаруды, ақпаратты қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: