7.5. Орталық жүйке жүйесінің үйлестіру (координациялау) қызметтері ОЖЖ-сі нейрондарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың
қызметтері үйлесімді және келістірілген түрде атқарылады.
Үйлестіру қызметтері:
1) белгілі бір әрекеттердің және рефлекстердің анық орындалуын қамтамасыз
етеді;
2) әрекеттердің күрделі түрлерін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйке
орталықтарын жүйелі түрде іске қосады;
3) әртүрлі жүйке орталықтарының келісілген жұмыстарын қамтамасыз етеді
(жұту кезінде тыныс тоқтатылады, жұту орталығы қозғанда, тыныс орталығы
тежеледі).
ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің негізгі принциптері мен олардың