Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Артқы және ортаңғы ми физиологиясы



Pdf көрінісі
бет73/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

8.2. Артқы және ортаңғы ми физиологиясы. 
      Артқы  ми  құрылымдарына  жатады:  V  –  XII  жұп  бас  жүйкелері, 
вестибулярлық ядролар, торлы құрылым ядролары.  
      Артқы  мидың  негізгі  қызметтері:  өткізгіштік  және  рефлекстік.  Артқы  ми 
арқылы төмен (қыртысты-жұлындық және экстрапирамидалық) және жоғары 
бағытта  (ретикуло-  және  вестибуло-жұлындық)  жүйке  жолдары  өтеді. 
Жоғары бағытталған жолдар дене қалпын сақтауға және еттер тонусын қайта 
таратуға жауапты. 
      Артқы мидың рефлекстік қызметіне жатады: 
1) қорғаныс рефлекстері (жасағу, жыпылықтау, жөтелу, құсу, түшкіру); 
2) сөйлеу орталығы — дауысты құрастыру рефлекстерін қамтамасыз етеді, X, 
XII,  VII  бас  миы  жүйкелерінің  ядролары,  ауа  ағынын  реттейтін  тыныс 
орталығы,  үлкен  жартышарлар  қыртысы  —  бәріде  сөйлеу  орталығының 
қалыптасуына қатысады; 
3)  дененің  қалпын  ұстау  (сақтау)  рефлекстері  (лабиринттік  рефлекстер). 
Статикалық  рефлекстер  дененің  қалпын  сақтау  үшін  бұлшықеттер  тонусын 
қолдайды,  статокинетикалық  —  айналдырғанда  немесе  тікесызықты 
қозғалыс  кезіндегі  өзгерген  дене  қалпын  дұрыс  ұстау  үшін  бұлшықеттер 
тонусын қайта таратуды іске асырады. 
4)  артқы  мида  орналасқан  орталықтар  көптеген  жүйелердің  қызметтерін 
реттеуге  қатысады.  Мысалы,  тамырқозғалтқыш  орталық  тамырлар 
қабырғасының ширақтығын (тонусын) реттейді, тыныс орталығы - тыныс алу 
мен  тыныс  шығаруды  реттейді,  кешенді  тамақтану  орталығы  —  бүкіл 
асқорыту  жүйесінің  (сілекей  бездері,  қарын,  ұйқы  безі,  бауыр,  ішек,  т.б.) 
сөліністік  қызметтерін  реттейді.  Сонымен  қатар  сору  (ему),  шайнау,  жұту 
рефлекстерін іске асырады. 
      Ортаңғы миға қарайтын құрылымдар: төрттөмпешік дөңестері, қызыл 
ядро,  қара  зат,  III  –  IV  жұп  ми  жүйкелерінің  ядролары.  Мұндағы  төрт 
төмпешік  сезімталдық  (афференттік),  ал  басқа  құрылымдар  қозғалтқыш 
(эфференттік) ролін атқарады.  
      Төрттөмпешік  III  –  IV  жұп  ми  жүйкелерімен,  қызыл  ядромен,  көру 
жолдарымен тығыз өзара әрекеттесуде болады. Осындай әрекеттесу есебінде, 
оның  алдыңғы  дөңестерінен  -  жарыққа,  артқы  дөңестерінен  —  дыбысқа 
бағдарлау рефлекстік реакциялары байқалады. Сонымен қатар, төрттөмпешік 
тіршілікте өте маңызды рефлекстерді іске қосады: старт-рефлекс — кенеттен 


қатты  әсер  ететін  тітіркендіргішке  қимыл  реакциясы  (бүгілдіруші 
бұлшықеттердің  қатаюы),  бағдар  (ориентир)-рефлекс  —  жаңа  тітіркендіруге 
байқалатын  қимыл  реакциясы  (басты,  денені  бұру).  Төрттөмпешіктің 
алдыңғы  дөңестері  III  –  IV  жұп  ми  жүйкелерінің  ядроларымен  бірге  көз 
алмасының  қозғалысы  мен  екі  көздің  ортаңғы  сызықта  түйісу  реакциясын 
(конвергенция) жүзеге асырады. 
      Қызыл  ядро  бұлшықет  тонусының  қайта  таралуын  реттеуге,  дененің 
қалпын 
қалыптастыруға 
(бүгілдіргіштердің 
тонусын 
күшейтіп, 
жазылдырғыштардың  тонусын  төмендету  арқылы),  тепе-теңдікті  ұстауға 
қатысады, қаңқа еттерін ерікті және еріксіз қимылдауға дайындайды. 
      Мидың  қара  заты  тынысты,  қан  қысымының  деңгейін,  жұту  мен  шайнау 
актілерін үйлестіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет