Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет72/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

      Рефлекстердің жіктелуі: 
1)  экстерорецептивтік  (лат.  еxterus  -  сыртқы)  —  дененің  сыртқы  бетінде 
(теріде) 
орналасқан 
қабылдағыштарды 
(экстерорецепторларды) 
тітіркендіргенде байқалатын рефлекстер; 
2)  интерорецептивтік  (лат.  іnterior  –  ішкі)  —  ішкі  ағзаларда,  тіндерде,  қан 
тамырларында 
орналасқан 
қабылдағыштарды 
(интерорецепторларды) 
тітіркендіргенде  байқалатын  рефлекстер.  Мұндай  қабылдағыштар  қатарына 
механо-, прессо- , хемо-, термо-, волюмо- және т.б. рецепторлар жатады. 
3)  проприорецептивтік  (лат.  рroprios  –  өзіндік)  —  сіңірде,  буын  қабында 
орналасқан  қабылдағыштарды  (проприорецепторларды)  тітіркендіргенде 
байқалатын  рефлекстер.  Олардың  рефлекстік  доғасында  бір  ғана  түйіспе 
болады (моносинапстық доға): сезгіш және қозғалтқыш нейрондар арасында. 


Мұндай  рефлекстерге  клиникада  анықталатын  адамның  сіңір  рефлекстері 
жатады: тізе, ахилл, шынтақ (бүгілдіруші, жазылдырушы), құрсақ, т. б.  
4)  дене  қалпын  және  бұлшықет  тонусын  реттейтін  рефлекстер  —  қозғалыс 
жылдамдығы  өзгергендегі  бұлшықет  тонусын  реттеп,  дененің  тепе-теңдігін 
сақтауға  бағытталған  вестибулярлық қабылдағыштардың  қозуы  нәтижесінде 
туындайды. 
      Проприорецептивтік 
рефлекстерді  ОЖЖ-нің  қозғыштығын  және 
зақымдалу дәрежесін анықтау үшін тексереді.  
      Өткізгіштік  қызметі  жұлын  нейрондарының  бір-бірімен  және  ОЖЖ-нің 
жоғарғы бөлімдерімен байланыстарын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет