Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет129/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

 
 


209 
Бақылау сҧрақтары 
1. Тақтайлар, кесектер және қоссырықтар қандай қалыңдықта болуы мүмкін? 
2. Кесілген материалдардың ӛлшемдік торы дегеніміз не? 
3. Қылқан және жалпақ жапырақты ағаш түрлерінен жасалған кесілген 
материалдардың қанша сұрыбы бар? 
4. Солтүстік сұрыптағы кесілген материалдардың негізгі сипаттамаларын 
атаңыз. 
5. Кесілген бӛлшектердің дайындамалардан ерекшелігі неде? 
6. Бағыттамалық аударымдарға арналған бӛрененің шпалдан айырмашылығы 
қандай? 
7. Кесілген ӛнімнің ылғалдылығын қалай анықтайды? 
12 т а р а у 
 
СҤРГІЛЕНГЕН, АРШЫЛҒАНҒАН ЖӘНЕ ЖАРЫЛҒАН 
АҒАШ МАТЕРИАЛДАРЫ, ҦСАҚТАЛҒАН АҒАШ 
 
12.1 Сҥргіленген, аршылған және жарылған 
ағаш материалдары 
 
Сҥргілеу жолымен шпон, сылақтық жайпақ ағашты, жоңқаны (қораптық 
немесе басқа тағайындалуда) ӛндіреді. 
Сүргіленген шпон әдімі текстурасы мен түсі арқылы ерек-шеленетін 
сүректің жіңішке беттері түрінде болады. Бұл қаптама материалын кӛптеген 
отандық жайпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректерінен, кӛбіне емен, 
шаған, шамшаттан, және экзотикалық ағаш тұқымдастарынан (қызыл, лимон 
ағашы және т.б.) жасайды. Сүргіленген шпонды кейбір қылқан жапырақты 
ағаш тұқымдастарының – қарағай, балқарағай сүректерінен де алады.
Шпонды дайындау үшін қабығынан аршылған кесінділерді күлшелерге 
кесіп тастайды, олардан бойлық кесу арқылы бӛрнелерді немесе екі кантты 
бӛрененің үш жақты кесілген жақтары бар – ванчестерді алады.
Бӛренелерді булатудан ӛткізгеннен кейін шпонсүргілеуші білдектерде 
сүргілейді. Сүргіленген шпонды алу сұлбасы 12.1-суретте кӛрсетілген.
Жазықтығына 
байланысты 
шпонды 
сүргілеудің радиал (Р), 
жартылай радиал (ЖР), тангенциал 
(Т) және тангенциал-торецті (ТТ) 
түрлерін ажыратады. МЕМСТ 2977 – 
82 сәйкес жартылай радиал шпон деп 
жылдық қабаттардың түзу параллель 
сызықтары беттің ¾ бӛлігінен кем 
емес ауданында кӛрінетін шпонды 
айтады. Тангенциал-торецті сүргі- 
ленген шпонның, яғни ӛскіндерден 
алынатын, 
жылдық 
сақиналары 
тұйықталған қисық сызық түріне ие, 
ал ӛзек сәулелер – қисық сызық 
немесе штрих түрінде келеді. 


210 
12.1-сурет. Сүргіленген шпонды алу 
сұлбасы 
1 – діңгек; 2 – пышақ; 3 – шпон; 
4 – қысқыш сызғыш
Сүректің сапасы және ӛңделу тазалығы бойынша шпон екі сұрыпқа 
бӛлінеді. 1-сұрыпты шпонда ӛскінделмен және бірен-сара ӛскінделген 
бұтанақтарға, құртпен зақымдалған тесіктерге, жарықтарға, ішкі шелқабыққа, 
дақтыққа, күңгірт ӛскіндерге, сызаттарға, сызық ізге жол берілмейді. 2-сұрыпты 
шпон үшін сүрек сапасына қойылатын талаптар тӛмендетілген. Кедір бұдырлық 
параметрлері R
mmaх
емен, шаған, қарағаш, балқарағай, қарағай және қызыл ағаш 
үшін 200мкм-ден артық емес; басқа ағаш тұқымдастарының сүректері үшін 
100мкм-ден артық болмауы тиіс. Шпон қалыңдығы тұқымдастық пен 
текстураға байланысты 1 мм градациямен 0,4-тен 1 мм-ге дейін құрайды. 1-ші 
және 2-ші сұрыпты Т, ЖР, Р типті шпондардың ұзындығы сәйкесінше 50 мм 
градациямен 900 мм, 400 мм және одан жоғары; ені 10 мм градациямен 120 
және 60 мм және одан да кӛп. 1-сұрыпты ТТ типті шпоны үшін ұзындығы мен 
ені 200мм және одан да кӛп, 2-сұрыбы үшін 100 мм және одан да артық.
(8±2)% дейін кептірілген шпон беттерін олардың бӛренеден шығу реттілігі 
бойынша қорапқа орналастырады. Қорапта беттерің жұп мӛлшері болуы керек 
(10-нан кем емес). Қораптардан бір тұқымдастыққа, сұрыпқа және қалыңдыққа 
жататын шпондардан массасы 80-нен 500 кг-ға дейін жететін пакеттер 
жинақтайды.
Сылақтық жайпақағашты (ОСТ 13-2 – 73) қылқан және жұмсақ жалпақ 
жапырақты ағаш тұқымдастарының қалдықтарынан сүргілеу жолымен ғана 
емес сондай-ақ жару және арамен кесу арқылы алады. Сылақтық жайпақ 
ағашты тұрғын үй ғимараттарының құрылысы кезінде пайдаланады. Жайпақ 
ағаштың қалыңдығы 4 мм, ені 19, 22, 25 және 32 мм, ұзындығы 100 мм 
градациямен 500-ден 1500 мм-ге дейін жетеді. Шіріктер мен шіріген бұтанақ-
тарға, темекі мен зақымдалған ақауларға жол берілмейді. Зақымдалмаған 
бұтанақтар, жарықтар, талшықтардың еңестігі, қайқаю санына шектеу 
қойылады.
Қорапталатын жоңқаны сүргілеумен алады, алайда оның ӛлшемдерінің 
кішілігінен ұнтақталған сүрекке жатқызады. 


211 
12.2-сурет. Сыдырылған шпонды алу 
сұлбасы 
1 – қысқыш сызғыш; 2 – шпон; 3 – пышақ; 
4 – чурак 
Сыдыру 
арқылы 
сүректің 
үзіліссіз таспасы түріндегі шпонды 
алады. Чуракты сыдыру сұлбасы 
12.2-суретте кӛрсетілген. Сыдыру 
білдегінен шыққаннан кейін таспаны 
форматты беттерге бӛледі. 
Сыдырылған шпонды жартылай 
фабрикат түрінде немесе тауарлық 
ӛнім түрінде ӛедіреді және фанера, 
қабаттық пластикті, қаптау үшін 
және 
басқа 
да 
мақсаттарда 
пайдаланады. Сондай-ақ ол қатпарлы 
желімделген 
сүректі 
жасау
үшін және сүректен жасалған бұйымды қаптау үшін тағайындалған. Қаптау 
үшін қолданылатын шпон сүргіленген шпоннан декоративтілігінің аздығымен 
ерекшеленеді, алайда беттерінің ӛлшемдері үлкен. МемСТ 99 – 96 сәйкес шпон 
ұзындығы бойынша 100 мм градациямен 800-ден 3750 мм-ге дейінгі, ені 
бойынша 50 мм градациямен 150-ден 750 мм-ге дейінгі және 100 мм 
градациямен 800-ден 3750 мм-ге дейінгі ӛлшемдерге ие. Жалпақ жапырақты 
ағаш тұқымдастарынан жасалған шпонның қалыңдығы 0,55; 0,75; 0,95; 1,15 мм 
және 1,25-тен 4 мм-дейін грациясы 0,25 мм, ал қылқан жапырақтыдан 
жасалғандар үшін 1,2-ден 4 мм-ге дейін 0,4 мм градациямен және 4тен 6 мм-ге 
дейін 0,5 мм градациямен. 
Сүректің сапасы мен ӛңдеуге байланысты жалпақ жапырақты ағаш 
тұқымдастарының сүрегінен жасалған шпонды бес сұрыпқа бӛледі: Е (элита); І, 
ІІ, ІІІ, ІV, ал қылқан жапырақтылардың шпоны тӛрт сұрыпқа жіктеледі: Е
х
, І
х

ІІ
х
, ІІІ
х
, ІV
х
. Е сұрыпты шпонның сапасына ӛте жоғары талаптар қойылады: 
түйреуіштік, толықтай немесе жартылай зақымдалған бұтанақтар, жарықтар, 
саңырауқұлақтық және химиялық реңдер, жалған ядро, шірік, құртпен 
зақымдалған ақаулар, ӛскіндер және басқа да ақаулар, сонымен қатар, ӛңдеуден 
болатын ақауларға рұқсат етілмейді. Қалған сұрыптардың сүректерінің 
сапасына қойлатын талаптар тӛмендейді. Сонымен, ІV сұрыпты шпонда 
зақымдалмаған бұтанақтарға, тығыз оқшауланған жарықтарға, ӛскіндерге, 
жалған ядроға, саңырауқұлақтық және химиялық реңдерге, шіріктерге ӛңдеуден 
болған ақауларға шектеусіз рұқсат етіледі. Кейбір шектеулермен басқа да ақау 
түрлеріне жол беріледі. Қылқан жапырақты ағаш сүректерінің шпонының 
сапасына қойлатын талаптар жалпақ жапырақтыларға қарағанда тӛмен. 
Шпонды 10-тарауда (10.2-тарауды қараңыз) кӛрсетілген сүрек түрлерінен 
жасайды. Шпонның беттік қабатының кедір бұдырлығының параметрі сыртқы 
қабаттар үшін жалпақ жапырақты ағаштарда 200 мкм-ден артық емес, ал 
қылқан жапырақтыларда – 320 мкм-ден кӛп болмауы тиіс. Шпонның 
ылғалдылығы (8±2)% болуы қажет.
Жару арқылы шақпақталған баланстарды жасайды. Тӛмен сапалы 
сүректен ядролық шірікті алу шӛркелерді жару кезінде целлюлоза мен сүректік 


212 
массаны ӛндіруге қажетті толыққанды шикізатты алуға мүмкіндік береді. 
Аршылған күйінде ғана тасымалданатын шақпақталған баланстар МемСТ 9463 
– 88 және МемСТ 9462 – 88 сәйкес жарық ұзындығы бойынша және сыртқы 
шеңбер периметрі бойынша 50мм-ден кем болмайтын ӛлшемге ие болуы керек. 
Дәл осындай талаптар технологиялық қажеттілікке кететін отын сүрегі үшін 
қойылады. Қалыңдығы 60 мм жоғары сүрек жарылған күйінде тасымалданады, 
бұл кезде кӛлденең қимасының ең үлкен ӛлшемі 40 см аспауы қажет. Жару 
қазіргі таңда дӛңгелек ағаш материалдарын дайындаларға бӛлу әдісі ретінде 
айтарлықтай аз қолданылады, ол аралаумен ауыстырылады. Шақпақталған 
сортименттерге бӛшке тойтармасы, дӛңгелек құрсауы, шана табаны және т.б. 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет