Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет130/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

12.2 Ҧсақталған сҥрек 
 
МемСТ 23246 – 78 сәйкес ұсақталған сүрекке келесілер жатады: жаңқа, 
уатылған отын, жоңқа, ағаш ұнтағы және шаңы. Аталған түрлердің кейбірі, 
мысалы уатылған отын (айтарлықтай ірі түйіршіктер) және ағаш шаңы 
(стандартталмаған ӛте ұсақ ӛлшемі 1 мм-ден аз түйіршіктер) композициялық 
материалдар ӛндірісінде жартылай фабрикат ретінде ғана қолданылады, 
ұсақталған сүректің басқа түрлерін тек жартылай фабрикат ретінде ғана емес, 
сонымен қатар, тауарлық ӛнім ретінде пайдаланады. Ұсақталған сүректің 
стандартталған түрлерін қысқаша қарастырып ӛтейік.
Жаңқа. Ӛнімнің бұл түрін сүректік шикізатты жару машиналарымен 
немесе арнайы кескіш құралдармен ұсақтау арқылы алады. Технологиялық, 
жасыл (қабық, қылқан, жапырақ қосындысымен) және жанармайлық жаңқа 
түрлерін ажыратады.Технологиялық жаңқа айтарлықтай маңызға ие. 
Технологиялық жаңқа МемСТ 15815-83 сәйкес сегіз марка түрінде 
шығарылады. Целлюлоза-қағаздық ӛндіріске жаңқаның үш маркасы кетеді: Ц-1 
– регламенттелген ластылықтағы қағазды ӛндіру үшін қолданылатын 
сульфиттік целлюлоза мен сүректік массаны алу үшін; Ц-2 – регламенттелмеген 
ластылықтағы қағаз бен картон алуда қолданылатын осындай жартылай 
фабрикаттарды алу үшін, сонымен қатар, регламенттелген ластылықтағы қағаз 
мен картонды ӛндіру үшін қолданылатын сульфатты және бисульфатты 
целлюлозаны алу үшін; Ц-3 – регламенттелмеген ластылықтағы қағаз бен 
картон алуда қолданылатын сульфатты целлюлоза мен әртүрлі жартылай 
целлюлозаны алу үшін. 
Гидролиз ӛндірісіне жаңқаның үш маркасы келіп түседі: ГП-1 – спирт, 
ашытқы, глюкоза мен фурфорол алу үшін; ГП-2 – азықтық кристал ксилит алу 
үшін; ГП-3 – екі фазалық гидролиз кезінде фурфорол мен ашытқы алу үшін. 
Сүректік-талшықты ӛндірісі (СТӚ) үшін ПВ жаңқасын қолданады, ал сүректік-
жоңқалық ӛндіріс үшін (СЖӚ) ПС маркалы жаңқа пайдаланылады. 
Келесі ӛндіріс түрлері үшін қоладанылатын жаңқаның ӛлшемдері 
(ұзындық/қалыңдық), мм, артық емес: 


213 
целлюлоза-қағаздық.........................................................(5...25)/5 
гидролиздік.......................................................................(5...35)/5 
сүректік-талшықтық плита...............................................(5...35)/5 
сүректік-жоңқалық плита..................................................(5...60)/30 
Жаңқаның ұзындығы сүректің талшық бойымен ӛлшенеді. Целлюлоза-
қағаз ӛндірісі үшін арналған жаңқа жиектеріне ерекше талаптар қойылады. 
Сүрек ішіне қайнатпа ерітінсінің енуін қамтамасыз ету үшін жиектер таза 
болуы керек, майықан ернеулерсіз; жиек бұрышы 30...60
0
. Жаңқада кӛмірленген 
бӛлектер мен механикалық қосылуларға рұқсат етілмейді. Минералдық қоспа-
лармен ластануына қатысты қатаң талаптар орнатылған. Әртүрлі тағайын-
далуда жаңқа үшін шірік пен қыртыстың шамасы шектелген. 
Барлық қылқан және жалпақ жапырақты ағаш тұқымтастарының сүректері 
сульфатты целлюлоза мен жартылай целлюлоза, ашытқы, спирт, ДВП мен 
ДСтП алу кезінде қолданылады. Басқа мақсаттарда пайдаланылатын жоңқаның 
тұқымдастық құрамы сүректің химиялық құрамы мен құрылысына сәйкес 
дифференцияланған. Мысалы, глюкоза ӛндірісі үшін қылқан жапырақты ағаш 
сүректері, ал фурфорол үшін – жалпақ жапырақты, ксилит үшін – қайың ағашы-
ның сүректері қолданылады. Кейбір жағдайларда стандартта кӛрсетілген 
қатынаста әртүрлі тұқымдастықтардың қоспасынан жасалған жоңқаны пайда-
лануға рұқсат етіледі. Жаңқа тығыз массаның кубтық метрмен ӛлшенеді және 
0,1 м
3
қа дейін дӛңгелектенеді. Жаңқаның үйілген кӛлемін тығыз массаға 
айналдыру үшін тасымалдаудың ұзақтығы мен кӛлік түріне байланысты 
болатын коэффициенттерді пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет