Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет33/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Қҧрғап кету. Сүрек кӛлемі мен сызықтық ӛлшемдерінің одан байланысқан 
суды жою кезіндегі кішіреюі құрғау деп аталады. Құрғауды микро-
фибрилдардың арасындағы тор қабырғаларында орналасқан адсорбциялы суды 
жою шақырады. Алайда адсорбциялы сумен қатар микрокапиллярлы судың 
булануы да жүреді, сондықтан құрғау кез келген температурада ылғал-
дылықтың тор қабырғаларының қанығу шегінен тӛмен түсуі кезінде бірден 
байқалады. Бірінші кезекте микрокапиллярлы су және адсорбциялы судың 
салыстырмалы аз мӛлшері жойылады, сондықтан құрғау айтарлықтай баяу 
жүреді. Барлық микрокапиллярлы су жойылғаннан кейін едәуір қарқынды 
құрғау байқалады. 
Микрофибрилдер негізінен тордың кӛлденең осінің бағыты бойынша 
бағытталғандықтан, адсорбциялы суды жою тор қабырғаларының қалың-
дығының және тордың кӛлденең ӛлшемдерінің кішіреюіне алып келеді. 
Анатомиялық элементтер дің осінің бойымен созылған, сондықтан сүректің 
бойлық құрғауы кӛлденеңге қарағанда он есе аз. 
Құрғап кету, МОТИ жұмыстары дәлелдегендей, сүректің тығыздығына 
тура сызықты емес түрде тәуелді болады: сүрек кӛлемінің бірлігінде тор 
қабырғаларының массасы қаншалықты кӛп болса, оның құрамындағы 
адсорбциялық судың мӛлшері мен құрғап кету шамасы соншалықты кӛп 
болады. Демек, сүректің әлдеқайда тығызырақ болатын соңғы жылдық сақина-
лары алғашқыларға қарағанда кӛп құрғайды. 
Тангенциал бағытта сүректің құрғап кету шамасы негізінен, құрғау үрдісі 
кезінде алғашқыларды тартатын, соңғы аймақтардың құрғауына байланысты 
болады (3.3-сурет). Сүректің радиал бағытта құрғауы соңғы және алғашқы 
аймақтардың арасындағы құрғаудың орташа шамасы болып табылады. 
Осылайша, 
сүректің 
радиал 
бағыттағы 
құрғауы 
тангенциалдымен 
салыстырғанда айтарлықтай кіші болуы қажет. Сонымен қатар, микро-
фибриллалары ең алдымен сәуленің бойымен бағытталған паренхимді торлары 
бар ӛзек сәулелердің бойлық құрғауы ең кӛп дегенде кӛлденеңге қарағанда 2 
есе кіші. Ӛзек сәулелердің сүректің құрғауын радиал бағытта ұстап тұрады (3.3-
суретті қараңыз). 
Толық немесе максималды құрғап кету 
байланысқан судың барлық 
мӛлшерін жою кезінде сүректің сызықтық ӛлшемдерінің немесе кӛлемінің 
азаюымен түсіндіреледі.
Толық құрғап кетудің, %, формуласы келесі түрде болады 
(3.6) 


60 
мұндағы 
және 
– үлгінің сәйкесінше тор қабырғаларының қанығу 
деңгейіне тең немесе одан жоғары болатын және абсолютті құрғақ күй кезіндегі 
ӛлшемі, мм, немесе кӛлемі, м
3

Осылайша, толық құрғап кету сүрек ылғалдылығының 30%-дан 0-ге дейін 
тӛмендеуі кезінде байқалады. 
Толық сызықтық және кӛлемдік құрғауды анықтау МемСТ 16483.35 сәйкес 
негізінің ӛлшемдері 20×20 мм және талшық бойымен биіктігі 30 мм болатын 
үлгілерде жүреді. Үлгінің бүйір жағындағы жылдық сақиналары сәйкес жиек 
жұбына параллель болуы қажет, ал үлгінің ылғалдылығы – тор қабырға-
ларының қанығу шегіне тең немесе одан артық болуы тиіс. Аз ылғалдылық 
кезінде үлгілерді осы күйге дейін оларды (20±5)
0
С температурада суда 
дымқылдау арқылы әкеледі. Максималды ӛлшемді 
радиал және 
тангенциал жазықтықтардың ортасы бойынша ӛлшейді, ал кӛлемін анықтау 
үшін ӛлшеуді бүйір жақтарының арасы арқылы 0,01 мм дейінгі қателікпен 
орындайды. Талшық бойымен құрғауды анықтау оның шамасының аз 
болғандығына байланысты стандартта қарастырылмаған.
Одан кейін, алдын ала 2 тәулік бойы құрғатылған үлгілерді жарылудан 
сақтау үшін тұрақты ӛлшемдерге дейін құрғату шкафындағы температура 
бірқалыпты жоғарылата отырып (103±2)
0
С құрғатады. Құрғату шкафынан 
шығарылғаннан кейін және экзикаторларда салқындатып болып үлгінің жаңа 
ӛлшемдерін 
ӛлшейді және (3.6) формуласы бойынша сызықтық радиал 
немесе тангенциал 
бағыттардағы, сонымен қатар, талшық 
бойымен 
құрғаудың шамасын анықтайды. Нәтижені 0,1% дейін 
дӛңгелектейді. 
3.3-сурет. Талшық бойымен бағытталған радиал және тангенциал құрғауға әсер ететін 
сүректің макроқұрылымы элементтерінің ӛзара орналасу сұлбасы: 
1, 2 – жылдық қабаттардың алғашқы және соңғы аймақтары;3 – ӛзек сәуле; t – тангенциал 
бағыт; r – радиал бағыт 


61 
Кӛлемдік құрғауды 
формуладағы 
және 
орнына үлгінің 
кӛлденең және бойлық бағытта ӛлшемдерінің туындыларын немесе абсолютті 
құрғақ жағдайда және W > W
п.н 
кезінде сынап кӛлем ӛлшегішінің кӛмегімен 
ӛлшенген кӛлемін қою арқылы анықтайды. 
Әлдеқайда кең таралған ағаш тұқымдастары сүректерінің толық құрғауы 
тангенциал бағытта 8...10%, радиал бағытта 3...7%, талшық бойымен 0,1...0,3% 
құрайды. Толық кӛлемдік құрғау 11...17% аралығында орналасады. 
Ылғалдылық деформациясының есептері үшін сүректегі байланысқан судың 
мӛлшері 1% тӛмендеген кездегі құрғау шамасын анықтайтын құрғап кету 
коэффициентін орнату қажет. Құрғап кету коэффициенті 
(сүректің 1% 
ылғалдылығына сәйкес келетін % пайызда) келесі формуламен анықтайды
(3.7) 
Стандарт бойынша құрғау ылғалдылықтың тӛмендеуіне пропорционал деп 
қабылданған, ал 
30%. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет